"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ИТЕЛГІНІ ТҰРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БЕЙІМДІ БАСҚАРУДЫҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ
Ковач А. (Жыртқыш құстарды зерттеу және қорғау қоры «Парлаги Сас», Эгер, Венгрия)
Галбрейт К. (NatureScot, Шотландия, Ұлыбритания)
Шелдон Р. (Құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) – Табиғатты қорғау ғылымы орталығы, RSPB Шотландия, Эдинбург, Ұлыбритания)
Галло-Орси У., Лопес Л. (Миграциялық түрлер бойынша Конвенцияда қанатты жыртқыштарға қатысты мәміле жайлы меморандумды үйлестіру тобы, Абу Даби, Біріккен Араб Әмірліктері)
Контакт:
Андрас Ковач andras.kovacs.ecol@gmail.com
Колин Галбрейт colingalbraith3@gmail.com
Роберт Шелдон vanellus1970@yahoo.co.uk
Умберто Галло-Орси umberto.galloorsi@un.org
Лаурен Лопес lauren.lloydlopes@un.org
Ұсынылатын дәйексөз: Ковач А., Галбрейт К., Шелдон Р., Галло-Орси У., Лопес Л. Ителгіні тұрақты пайдалануды бейімді басқарудың кешенді тәсілі. – Raptors Conservation. 2023. Спецвып. 2. С. 465–468. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-465-468 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35237
Ителгі (Falco cherrug) Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) Қызыл тізіміне әлем бойынша жойылып кету қаупі төнген құстар түрі ретінде енгізілген. Ителгі континенттік орта ендіктерде ұя салады, оның таралу аймағы орталық Еуропадан батыс Қытайға дейін 7 мың км-ден аса және солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге созылады. Оның көптеген популяциялары қоныс аударады, және бірқатар бағдарлары далалық бақылаулар және құстарды жерсеріктік қадағалау арқылы расталды. Оның ғаламдық популяциясына тиер басты қауіптердің бірі – ұя салатын жерлерде және көшіқон жолдарында орнықсыз аулау/кәсіп.
Ителгі жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы (СИТЕС) Конвенциясы II Қосымшасына енгізілген, оған сәйкес ителгі саудасына рұқсатты оның теріс ықпал етпейтіні (NDF) жайлы қорытынды алған жағдайда береді. Қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлерін сақтау Конвенциясына (CMS) сәйкес, бұл түр I Қосымшаға енгізілген (II Қосымшаға енгізілген монғол популяциясынан басқасы), бұл дегеніңіз, Монғолиядан басқа жерде аулауға тыйым салынған.
Ителгі бойынша ғаламдық іс-әрекет жоспары (SakerGAP) CMS қатысушыларымен 2014 жылы қабылданды, және оның жүзеге асуын қадағалау үшін ителгі бойынша мақсатты топ құрылды (STF). STF-тің ең басты мақсаты қазіргі құс аулаудың заңсыз және болжалды орнықсыз әрекеттерін заңды, бақыланатын және тұрақты жүйеге айналдыратын бейімді басқару жүйесін әзірлеу (Adaptive Management Framework, AMF). Мұндай жүйені тиянақты дайындап, енгізіп, бақылап отыру қажет, және ол CMS пен CITES талаптарына сай келу керек. Ол үшін STF бейімді басқару жүйесі бойынша пікірталас тобын (AMF DG) құрды. Топ AMF модулін мүдделі тараптарға, әсіресе халықаралық серіктестер және ұлттық билік органдарына ителгіні тұрақты пайдалануға қатысты шешім қабылдауға көмектесетін құрал ретінде тұжырымдайды.
Мақсаты – тоғыз модульді біріктіретін халықаралық AMF дайындау:
1) Табиғатты тұрақты пайдаланудың тиімді модельдерін және тұрақты халықаралық квота үлгісін қоса деректерді басқару және ғаламдық басқару,
2) Тұрақтылықты қамтамасыз ететін халықаралық келісілген саясат пен заңнама,
3) Құқық қорғау органдарын күшейту,
4) Хабардарлықты тиімді арттыру,
5) Тиімді бақылау және зерттеу үлгілері,
6) Табиғи емес ортада ұстаудың қосымша шаралары ex situ,
7) Табиғатта сақтауға қатысты өтемақы шаралар in situ,
8) Ителгіні пайдаланудың әлеуметтікэкономикалық және мәдени факторларына ден қою үшін мүдделі тараптарды баурау, ынтымақтастық орнату және желілер құру,
9) Ителгіні сақтауды басқару ісіне ауылдық қауымдастықты қатыстыру.
Қазіргі уақытта ителгі таралған басты елдерде, әсіресе Азияда популяция санын бағалау айтарлықтай құбылмалы және алыпсатарлық деңгейінде жүреді. Осылайша, AMF дайындау барысында SMF тұрақты пайдаланудың халықаралық деңгейде үйлестірілген құрылымы артықшылықтары мен жабайы табиғаттан көп мөлшерде аулауға байланысты қауіп арасындағы құнтты тепетеңдікті табуға тырысады.
AMF жоспарына сәйкес заңды кәсіп ірі, тұрақты немесе өсіп келе жатқан ителгі популяциясы тараған әлемнің бірқатар жерлерінде шартты түрде рұқсат етілуі мүмкін. Яғни тұрақтылықтың құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық кепілдігі сақталса және сұңқарлардың шығу тегі анықталатын болса. Жүдеген немесе азайып бара жатқан ұя салатын популяцияларды қазіргі уақытта қандай да бір кәсіпке жарамды деп санауға болмайды және мұндай кәсіп заңсыз болып табылады. Мұндай популяциялар қазір I CMS Қосымшаға енгізілген. Алайда AMF қоныс аудару жолдарында және қыстауларда жабайы сұңқарлардың заңсыз аулау салдарын қысқартуы керек. Бұл баламалы саясаттың, сондай-ақ құқықтық құралдар мен жабайы табиғатты басқару құралдарының халықаралық үйлесімдігін қажет етеді. Келісілген халықаралық деректермен алмасу құстарды аулау мемлекеттік деңгейде түрдің таралу аймағы популяциясына зиянсыз деп анықталуына және мұндай аулау басқа елдерде тараған ителгі популяцияларына теріс әсер етпейтініне кепіл болуы қажет.