"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ ТУРАЛЫ ДӘРІСТЕР ЛЕГІНЕ КІРІСПЕ
Шаффер Дж.А. (АҚШ геологиялық қызметі, Солтүстік көгал жер жабайы табиғатын зерттеу орталығы, Джеймстаун, Солтүстік Дакота, АҚШ)
Катцнер Т. (АҚШ Геологиялық қызметінің орман және жайылымдық экожүйелер ғылыми орталығы, Бойсе, США)
Контакт:
Джил Шаффер jshaffer@usgs.gov
Тод Катцнер tkatzner@usgs.gov
Ұсынылатын дәйексөз: Шаффер Дж.А., Кацнер Т.Е. Жел энергиясы және жабайы табиғаттың өзара әрекеттесуі туралы дәрістер легіне кіріспе. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 439– 441. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-439-441 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35205
Бүкіл әлемде және Қазақстанда жаңартылатын энергия көзі ретінде желдік энергетика қарқынды дамып келеді. Дегенмен кейде желдік құрылғылар қоршаған орта мен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізеді. Желдік энергетиканың Қазақстанда өріс алуына қарай, бірқатар ұйымдар мен агенттіктерде оның биоалуантүрлілікке ықтимал әсерін түсінуге және жеңілдетуге қызығушылығы артып келеді. Бұл кіріспе дәріс АҚШ-тағы ғылымның бүгінгі жағ- дайын, желдік энергетика мен жабайы табиғаттың өзара әрекеттесуінен болған салдарын жеңілдетуді және саясатын сипаттайтын әуелгі ақпарат, тұжырымдамалар мен әдістерді шолуға арналған лекті бастайды. Ең алдымен біз желдік энергетиканы дамытарда желдік құ- рылғылардың жабайы табиғатқа әсерін зерделей келе, неліктен жабайы табиғатты ойлаудың маңызды екенін талқылаймыз. Бұл талқылау жеке жануарларға (өлім-жітім) әсерін, популяцияға әсерін және мекен ортасына әсерін толық қамтиды. Одан кейін біз алдағы таныстырылымдарда жете қарастырылатын негізгі тақырыптарды қысқаша мазмұндаймыз. Олар: (1) құрылыс басталар алдында құстарды және (2) жарқанаттарды зерттеу, (3) құрылыс аяқталғаннан кейін бүкіл таксондарды зерттеу, (4) зиян шеккендерді анықтау деңгейін бағалау, (5) салдарды жеңілдету жолдары, (6) нормативті және саяси ой-пікір, және (7) желдік энергетика мен жабайы табиғаттың өзара негативті әрекеттесуін жеңілдетудің алдыңғы қатарлы басқару әдістері. Кейбір таныстырылымдар толықтай дәріс түрінде өтсе, басқа дәрістер қатысушыларға желдік энергетика мен жабайы табиғат сұратары бойынша деректерді жинауға және түсінік беруге нақты құралдарды қолдануға үйретеді. Желдік энергетика таралған сайын, жел энергия объектілері мен жабайы табиғат арасындағы әрекеттесу де ұлғая береді, осы жерде ғылыми тәсілдер мен басқару жолдарын жетілдіруге қойылған өткен шектеулерден сабақ алу мүмкіндігі де өседі. Осы дәрістер легі Орталық Азиядағы практиктерге бұл маңызды мәселені шешуге қажетті тұжырымды және тә- жірибелік іс-шаралар құруына көмектеседі деп үміттенеміз.