"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ЭКО-НИОКР – РЕСЕЙ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ КЕШЕНІ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ҚҰСТАРДЫ ҚОРҒАУДА 18 ЖЫЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ
Панов И. («Эко-НИОКР» ЖШҚ, Ульяновск, Ресей)
Контакт:
Игорь Панов econiokr@gmail.com
Ұсынылатын дәйексөз: Панов И. Эко-НИОКР – Ресей электр желісі кешені объектілерінде құстарды қорғауда 18 жыл қызмет етуде. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 419–424. DOI: 10.19074/1814- 8654-2023-2-419-424 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35185
«Эко-НИОКР» ЖШҚ 2006 жылдан бері ауадағы электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) және шағын станциялар үшін арнайы құстарды қорғайтын құрылғылар (ҚҚҚ) дайындайды және өндіреді.
Біздің құрылғылар Калининградтан Хабаровск қаласына дейін бүкіл Ресей бойынша сұранысқа ие.
Өнім тәжірибелі конструкторлармен, құстарды қорғау жөніндегі кәсіби сарапшылар – орнитологтардың қатысуымен өңделеді.
Мамандардың бірлескен тәжірибесі тиімді, берік және төзімді ҚҚҚ өндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда компанияның 23 патенті бар.
Біздің өнім куәландырудан өтті, «Россети» ЖАҚ техникалық талаптарына сәйкес келеді және «Россети» Жария акционерлік қоғамының («Россети» ЖАҚ) еншілес және тәуелді қоғамдары (ЕТҚ) объектілерінде қолдануға ұсынылады.
Өнімді жасау барысы төмендегідей:
1) Электржабдық проблемалық телімдері мен тораптарын зерттеу;
2) Деректерді талдау;
3) ҚҚҚ үлгілерін жобалау және модельдеу;
4) Баспаққалыптар дайындау және материал таңдау;
Өндіріс барысында шешуші рөл түрлі сынақтарға беріледі. Алдымен үлгілер тұрақты бейне бақылауы бар арнайы жабдықталған жыл бойғы қоршауда болмыстық-стендтік сынақтардан өтеді. Онда олар модельді типтегі жанды құстармен бірге болады. Кейін құрылғылар аккредиттелген зертханаларда сыналады. Сонымен бірге ҚҚҚ тестілік топтамасы климаттық жағдайлары экстремалды полигондарда сынақтан өтеді. Оң қорытынды алғаннан кейін өнім қолданыстағы электр желілері объектілерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға түседі.
Оң қорытынды алғаннан кейін өнім қолданыстағы электр желілері объектілерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға түседі. атериалды таңдауға ерекше мән беріледі. Жоғары сапалы құрам бөліктерді қолдану арқылы біз қажетті диэлектрлік сипаттамалары бар берік, тұрақты, ультракүлгінге төзімді материал шығарамыз.
Біз өнімді жеке меншікті пластмасса құю желілерінде дайындаймыз, бұл бізге өндіріс барысын толық бақылауға және жеткізілетін өнім сапасын қадағалауға мүмкіндік береді.
2020 жылы ЭЖЖ-де құстардың қырылу деңгейі жоғары өңірде біз электр желісін сынау полигонын орнаттық, онда «РОССЕТИ» ЖАҚ-ның (ТҚС) стандарты талаптарына сай дайындалып құрылған ҚҚҚ жаңадан құрастырылған партия сапаның соңғы комиссиялық тексерісінен өтеді.
Қазіргі уақытта меншікті үлгідегі құстарды қорғайтын құрылғылар түрінің кең таңдауын ұсынамыз, олар «Россети» ЖАҚ куәландырылған:
- қонымға қарсы
- тосқауылды
- оқшаулағыш
- қонақтайтын
Құрылғылардың толық тізімі «ЭкоНИОКР» ЖҚШ сайтында берілген1
АПЗУ-Е-650-НГ «Ёлка»
Қонымға қарсы типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Жантық пішінді болғандықтан құстардың қонуына еш мүмкіндік жоқ. Қар, жел және басқа заттар да құрылғыда қалмайды, ол болмыстық сынапен тексерілді.
Құрылғы құрамында еш металл бөлік жоқ, құрылым түгелдей механикалық күшке аса төзімді диэлектрлік жанбайтын материалдан тұрады.
Құрылғыда әмбебап берік бекіткіш бар және оны үш жазықтықта орнатуға болады.
ПЗУ-Б-ЗОНТ-НГ
Тосқауылды типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Оқшаулағыштар тізбегін, сондай-ақ ауадағы электр жеткізу желілерінің өзге де элементтерін және шағын станциялар жабдықтарын құстар тіршілігі қалдықтарымен ластанудан қорғайды.
Шатырды жинаудың қажеті жоқ, құруға толықтай дайын.
Шығыршыққа бекітілуінің арқасында барлық түрдегі және өлшемдегі аспалы оқшаулағышты қорғауға жарамды.
Құрылымның берік бекітілуі және механикалық кернеуге төзімділігі сәтті өткен сынақтармен дәлелденді.
Шатыр диэлектрлік жанбайтын материалдан жасалады.
ПЗУ-Н-НСТ1-НГ «Присада»
Қонақтайтын типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Құстардың ЭЖЖ қауіпсіз қонуына бағытталған, қауіптілігі ықтимал электржабдық элементтерімен байланысқа түсірмейді.
Құрылғы құрамында еш металл бөлік жоқ, құрылым түгелдей механикалық күшке аса төзімді диэлектрлік жанбайтын материалдан тұрады.
Құрылғыда әмбебап және берік бекіткіш бар.
ПЗУ-Б-КВ-500-НГ «Полотно»
Тосқауылды типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Кернеудің түрлі мөлшердегі электр желілік объектілерін қорғауға арналған, көлемі орта және ірі құстардың кіруіне және ұя салуына жол бермейді.
Ол түрлі орындаудағы әуе желілері тіректерін, шағын станция порталдары мен тіректерін жабдықтау үшін, сондай-ақ санқилы электржабдығына қолданылады.
ПЗУ-6-10кВ-ТР-НГ
Оқшаулағыш типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Құстарды РЛНД-10 ажыратқыштарда, сонымен қоса өтпелі айырғышы бар ЖТС-да тоқ жіберетін сымдар кірмелерінде тоққа түсіп қырылуынан қорғауға арналған.
ТРК қақпағының қайта өңделген құрылмасы енді екі бөліктен тұрады, онда желдету, бекіту және құрғатқыш тесіктері бар, бұл орнату барысын айтарлықтай жеңілдетеді, қызып кетуді және ылғалдың жиналуын болдырмай, пайдалану сипаттамасын жасартады.
Құрылғы диэлектрлік жанбайтын материалдан жасалады.
Оқшаулағыш қарнақ ШДП-ПТР-15
ҚҚҚ қашықтан орнату құрылғысы.
Біз ӘЖ-нен тоқты ажыратпай, жер бетінен ҚҚҚ орнатудың Ресейге ғана тән тәжірибені игердік.
Қорғаныс құрылғыларын орнатудың беріктігі сымға ҚҚҚ бекіту элементтері мен тораптарды жетілдіру арқылы күшейді.
Монтаждау құрылғысы күшейтілген оқшаулағыш қарнақтан және монтаждық жұмыстарды тез орындауға мүмкіндік беретін біз өңдеген бірегей қармаудан тұрады.
Тұтынушылар тоғын ажыратпай-ақ ҚҚҚ қашықтан орнату мүмкін, жұмысты еш бір регламенттік шектеусіз жыл бойы жүргізе беруге болады. Мұның бәрі айтарлықтай экономикалық нәтиже береді.
ПЗУ-МГЛБ-М-НГ «Маркер»
Маркерлік типті құстарды қорғайтын құрылғы.
Ол кернеудің түрлі мөлшердегі әуе электр жеткізу желілерінде қолданылады, құстардың ӘЖ сымдарына соқтығысу ықтималдығын төмендетеді. Диаметрі 30 мм дейінгі сымдарға орнатылады.
Біздің құрылғылар энергетиктерге жабдықтың үздіксіз, сенімді жұмысын қамтамасыз етеді және көптеген жылдар бойы мемлекеттік және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдарымен жоғары бағаланып келеді!
Біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз және құс қорғау электртехникасы саласындағы жаңа жетістіктер негізінде өнімімізді жетілдіруге толассыз қызмет етеміз.