"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

АЛТАЙ-САЯН АЙМАҒЫНДА ДАЛА ҚЫРАНЫ (AQUILA NIPALENSIS) БАЛАПАНДАРЫНЫҢ ЖЫНЫСЫН ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА АНЫҚТАУ ҮШІН МОРФОМЕТРЛІК ФОРМУЛА ДАЙЫНДАУ

Андреенков О.В. (Молекулалық және жасушалық биология институты СБ РҒА, Новосибирск, Ресей)
Шальнова М.А. (Новосибирск мемлекеттік университеті, Новосибирск, Ресей)
Карякин И.В., Шнайдер Е.П. (Қанатты жыртқыштарды зерттеу және қорғау ресейлік желісі; «Сібір экологиялық орталығы» ЖШҚ, Новосибирск, Ресей)


Контакт:
Наталья Андреенкова anata@mcb.nsc.ru
Мария Шальнова shalnovamasha@gmail.com
Игорь Карякин ikar_research@mail.ru
Елена Шнайдер equ001@gmail.com
Ұсынылатын дәйексөз: Андреенкова Н.Г., Шальнова М.А., Карякин И.В., Шнайдер Е.П. Алтай-Саян аймағында дала қыраны (Aquila nipalensis) балапандарының жынысын далалық жағдайда анықтау үшін морфометрлік формула дайындау. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 273–276. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-273-276 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35073


Зертханалық диагностика жасамай дала қыраны (Aquila nipalensis) балапанының жынысын анықтау сан қилы мақсаттарға қажет. Тікелей ұямен әрекетке түскенде популяция құрамын бақылау, сақиналау және GPS құрылғыны орнату кезінде балапан жынысын білу аса маңызды. Сонымен бірге жынысты анықтау ауру және жарақат құстармен жұмыс істегенде, генетикалық талдауға кейде мүмкіншілігі де, уақыты да тығыз болатын оңалту орталықтарында да қажет. Тәжірибелі орнитологтар көп жағдайда балапан жынысын бір қарағаннан нақты анықтайды, алайда әркез сәтті анықтау мүмкін емес, оның үстіне зерттеушілердің бәрі түгел мол тәжірибелі бола бермейді.

Дала қыранында айқын жыныс диморфизмі бар, мөлшері бойынша тіпті 45-күндік балапанда да анық байқалады. Аналық пен аталықтардың көлемі ауқымы да қатты өзгермелі, сондытан құстың белгілі бір дене бөлігін өлшеу арқылы оның нақты жынысын анықтау мүмкін емес.

Біз Алтай-Саян аймағындағы дала қыраны популяциясы балапанының жынысын анықтайтын морфометрлік дискриминанттық формулалар даярлап шығардық. Оған құстың жіліншігі, тырнағы, тұмсығы және бағыттаушы қауырсынының мөлшері қолданылды. Бұл формулалар 2019 жылы туылған 55–65 күндік 52 (25 еркек и 27 ұрғашы) балапан мөлшерін өлшеу негізінде алынды. Балапан жынысы генетикалық тұрғыда CHD1 генінің интроны амплификациясы арқылы анықталады. Бұл ген ұзындығы көп құс түрлерінде Z және W жыныстық хромосомасында айырылады. Біз балапанның түрлі морфометрлік сипаттамалары мен жынысы арасындағы байланы ты талдадық және одан бастапқы іріктеуде 52 балапанның 51-і және тексеру іріктеуінде 33 балапанның 32-сінің (2021 жылы туылған) жынысын дәл анықтайтын формулалар алдық.

Біздің дискриминанттық формулалар тікелей өлшеу нәтижелерін, әрі түрлі шамалар қатынасын да қолданады. Ең тиімді формуланы шығару үшін, біз қолданыстағы ауыспалылар жинағын түрлендіріп отырдық және соңында ең үздік нәтиже берген бірнеше формуланы таңдадық. Бұл формулаларды анытау дәлдігін арттыру үшін де қолдануға болады. 55–65 күндік балапандардың жіліншігі, тырнағы және тұмсығы мөлшері айтарлықтай тұрақтанса да, қауырсын ұзындығы тез өзгеріп отырса да, құйрығының ұзындығын қолданбай алған формуладан гөрі, керісінше, оны қолдана отырып алған формула керемет нәтиже берді.

Аталық және аналық дала қырандары жіліншігінің диаметрінде ерекше айырмашылық бар екені анықталды: орташа есеппен аналықтарында жалпақтау. Табаны ересек құс табанының мөлшеріне жететін 45 күндік балапандарда-ақ айырмашылық байқалады. Сонымен қатар жіліншіктің бойлық және көлденең диаметрі өзара әлсіз байланысады, ал тұмсығы, тырнағы және қауырсыны мөлшерімен одан да нашар қатынасады, алайда басқа өлшемдерде жыныспен өзара жақсы байланыста. Бұл ұядағы балапандардың жынысын өте жоғары дәлдікпен анытауға мүмкіндік береді. Дегенмен, іріктелген 2022 жылы туылған балапандарды зерттей келе, кәдімгі шиқылдақтың тоқырауы дала қырандары азығының тапшылығына әкеп соғып, азықты жарытпай беруден және тері астындағы майдың кемдігінен аналықтарда жіліншік әдеттен тыс жұқа болатынын анықтадық және формула көбінесе мұндай балапандарды аталық деп қате анықтайды. Сондықтан біз аз салматы балапандардың жынысын анықтау үшін бөлек формула дайындадық, ол өз кезегінде қалыпты балапандардың жынысын аз дәлдікпен анықтайды. Түйіндей келгенде, жынысты анықтау үшін морфометрияны қолданғанда міндетті түрде құстың семіздік көрсеткішін есепке алу қажет.

Зерттеуге FWGZ-2021-0014 іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасы қолдау көрсетті.

Людмила Зиневич пен Генриетта Пуликова молекулярлық-генетикалық зерттеулер үшін дала қырандарының (Aquila nipalensis) балапандарынан қауырсын ұлпасын жинауда. И. Карякиннің фотосы.

1 сурет. Дала бүркітінің балапандарында (көк нүктелер – аналықтар, қызыл шаршылар – аталықтар) – жіліншіктің бойлық диаметрінің (SHC2) көлденең диаметріне (SHC1) тәуелділігі – сол жақта және дала қыранының балапандарыда жілінішіктің бойлық диаметрінің таралу диаграммалары, аналықтары мен аталықтары үшін бөлек (нүктелер – орташа мәндер, мұртшалар – мәндердің шектен 25%-ы) – оң жақта.

2 сурет. CHD1 генінің интронының ПТР көмегімен дала қырандарының жынысын анықтау. Екі Z хромосомасын тасымалдайтын аталықтар бір өнімді шығарады, ал аналықтар (Z және W хромосомалары) гельдік электрофорез арқылы оңай ажыратылатын әртүрлі мөлшердегі екі өнім шығарады.