"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ТҮРКИЯДА ДАЛА ҚЫРАНЫНЫНЫҢ ОҚАШАУЛАНҒАН ПОПУЛЯЦИЯСЫН САҚТАУ БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

Озбахар И., Озкоч О.Ю. (Түрік табиғатты зерттеу қоғамы)
Хорват М. (MME BirdLife Венгрии, Будапешт, Венгрия)
Исфендияроглы С.К. (Стамбул құстар обсерваториясы, Стамбул, Түркия)
Татар Б. (Түркия орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы Министрлігі, Анкара, Түркия)
Рубинич Б. (AGRECO GEIE, Брюссель, Бельгия)


Контакт:
Илькер Озбахар ilker.ozbahar@dogaarastirmalari.org.tr
Омрал Юнсал Озкоч ozkoc@dogaarastirmalari.org.tr
Мартон Хорват horvath.marton@mme.hu
Сюрейя К. Исфендияроглу Sureyyaisfen@gmail.com
Бурак Татар burbody@gmail.com
Борут Рубинич borut.rubinic@agreco.be
Ұсынылатын дәйексөз: Озбахар И., Озкоч О.Ю., Хорват М., Исфендияроглу С.К., Татар Б., Рубинич Б. Түркияда дала қыранынының оқашауланған популяциясын сақтау бойынша әрекет жоспары. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 220–223. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-220-223 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35035


Дала қыраны (Aquila nipalensis) – IUCN Қызыл тізіміне сәйкес дүние жүзінде жойылып бара жатқан түр, ұя салу ареалы (EN) Ресей мен Қазақстанның оңтүстігіндегі құрғақ аймақтарды басып өтіп, батыста Қалмақиядан шығыста Даурияға дейін жетеді. Түркияда 2003 жылы табылған, негізгі ұя салу ареалын жоғалтып алған, шағын оқшауланған ұя салатын популяция бар. Зерттеулер 2015 және 2021 жылдар аралығында жүргізілгенімен, оқшауланған популяцияның көлемі нақты белгісіз.

Жойылып кету қаупі төнген шағын популяцияны қорғау үшін жабайы табиғатты қорғауға ресми жауап беретін Табиғатты қорғау және ұлттық парктер бас басқармасы (GDNCNP) 2021 жылға арналған Дала қыранын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды жоспарлады. «Жаңа әдістеме тұжырымдамасы аясында Түркияда жойылып кету қаупі төнген түрлерге арналған іс-шаралар жоспарын дайындау, жүзеге асыру және мониторингілеу» бағдарламасы аясында, жақын арада «Жойылып кету қаупі төнген түрлер» жобасы аясында, зерттеу негізінде басымдықтарды ескере отырып, ол бойынша шаралар қабылдау қажет болғандықтын, дала қыраны пилоттық түрлердің бірі ретінде таңдалды. 2022 жылғы көбею маусымында дала қыраны үшін қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында далалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулер барысында Орталық Анадолыда 4 жұп Дала қырандары ұя салатындығы және 4 жұп көбеюге әрекеттенгені анықталды.

Тікелей және жанама бақылаулар (ұя салу жазбалары, өлім-жітім жазбалары және т.б.), сондай-ақ жергілікті халыпен екі жақты талқылаулар негізінде қауіптер тізімі пайда болды. IUCN қабылдаған және сол жоба бойынша Түркия үшін бейімделген қауіптерді талдауды пайдалана отырып, ұлттық деңгейде қауіптерді талдау жүргізілді. Түрге қауіп төндіретін тікелей факторлар: шалғындарды ауыл шаруашылығы егістік алқаптарына айналдыру, сулы-батпақты жерлердердің құрғауына әкеліп соғатын жер асты және жер үсті суларын шамадан тыс пайдалану, электр желілері, адамдардың әрекеті және сулы-батпақты жерлер мен ұя салатын аралдардағы жайылымдарға қысым, заңсыз аң аулау, жыртқыштық, зерттеушілердің қысымы, қарақұспен (Aquila heliaca) будандасу және ұялардағы антропогендік материалдардың болуы. Сонымен қатар, кеміргіштерге қарсы уды қолдану ықтимал қауіп ретінде танылды.

Қауіптерді талдау нәтижесінде шалғындардың ауыл шаруашылығы алқаптарына айналуы және суды шектен тыс пайдалану сияқты түрлерге ең жоғары әсер ететін қауіптер деп анықталды. Бұл қауіптер далалық мекендеу ортасының өзгеруіне және түрлердің қорек көздерінің қысқаруына әкеледі. Тағы бір жоғары деңгейдегі қауіп – заңсыз аң аулау.

Анықталған қауіптер мәселелер ағашына ауыстырылды және «жойылып кету қаупі төнген түрлер» жобасы жасаған әдіске сәйкес, мәселе ағашы нәтижелер тізбегіне түрлендірілді. Нәтижелер тізбегінде таңдалған қауіптерді жою/ азайту нәтижелері араласу нүктелерін анықтау және оларды мақсатқа айналдыру арқылы анықталды. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша шаралар белгіленді.

10 жылдық іс-шаралар жоспары аясында қол жеткізуге тиіс 9 мақсат бойынша 34 іс-шара әзірленді. Тоғыз тапсырманың сегізі табиғатты қорғауға, біреуі зерттеу қызметіне қатысты. 10 жылдық жоспардың мақсаты Түркияда осы түрдің ұя салатын популяциясын сақтау және қолдау болып табылады.

Дала қыраны (Aquila nipalensis) бұтадағы ұясында жұмыртқа басуда. Кыршехир провинциясы, Түркия, 22 сәуір, 2015 жыл. М. Хорваттің фотосы.

Дала қыраны (Aquila nipalensis) ұя салуда. А. Абушиннің фотосы.