"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АЛТАЙ ӨЛКЕСІНДЕ КЕЙБІР ОРТАЛАРДЫ МЕКЕНДЕЙТІН ҚАНАТТЫ ЖЫРТҚЫШТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ФАУНАЛЫҚ ҰҚСАСТЫҒЫН ТАЛДАУ
Важов С.В. (В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық университеті, Бийск, Алтай өлкесі, Ресей)
Контакт:
Сергей Важов aquila-altai@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Важов С.В. Алтай республикасы мен алтай өлкесінде кейбір орталарды мекендейтін қанатты жыртқыштар қауымдастығының фауналық ұқсастығын талдау. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. S2: 207–210. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-207-210 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35029
Falconiformes, Accipitriformes және Strigiformes отрядтарындағы құстар экологиялық пирамиданың төбесінен орын алады, сол себепті олар адам әрекеті әсерінен туындаған табиғи орта өзерістеріне аса сезімтал. Жыртқыш құстар популяцияларының күйімен қандай да бір табиғи ландшафт жағдайын өлшеуге болады. Алтай өңіріндегі көптеген жыртқыш құстар түрлерінің ұя салушы топтарының бүгінгі жағдайы үлкен үрей тудырады. Қазіргі уақытта көпшілігінің аман болуы да күмән келтіреді, себебі қаншама қауіп орманды пайдалану, пайдалы қазбаларды игеру, аумақты ауылшаруашылықта қолдану, энергетикалық кешен инфрақұрылымы, браконьерлік және басқа да адам іс-әрекетінен келеді. Осыған байланысты Алтай өңіріндегі сұңқартәрізділер және жапалақтар қауымдастығын жете зерттеу, сонымен бірге әлі де тіршілік ететін популяцияларды тұрақты бақылау қажеттілігі туындады.
Аталған жұмыста Алтай өңірінің ресейлік бөлігін мекендейтін қанатты жыртқыштардың ұя салушы топтарына салыстырмалы талдау жүргізуге тырыстық: Укок тау қырқасы, Ұландырық өзені аңғары, Ануй өзенінің орта ағыс алқабы және Касмалинский жал шоққарағайы.
Жоғарыда аталған мекен орталардағы сұңқартәрізділер мен жапалатардың ұя салушы топтарының түр құрамы жайлы деректер біздің және басқа да зерттеушілердің жарияланған жұмыстарынан алынды. Біз ұя салатын құстар топтарына салыстырмалы талдауды Жаккара және Серенсен фауналық ұқсастық коэффициенттерін қолдана отырып жүргіздік. Екеуден көп ұя салатын топты салыстыру керек болғандықтан, ұқсастық коэффициенттерін бірыңғайлау үшін Маунтфорд әдісі бойынша кластерлік талдауды қолдандық. Ол ең ұқсас топтарды тізбекті түрде біріктіруден тұрады. Ең ұқсас топтарды тізбекті түрде біріктіргеннен кейін алынған топтық ұқсастық коэффициенттер мөлшері дендрограмма құ- рауға қолданылды.
Жаккара және Серенсен коэффициенттерін талдаудан алған нәтижелер өзара үйлесті. Сұңқартәрізділер және жапалақтардың ұя салатын топтарының ең үлкен қауымдастығы Ануй өзенінің орта ағыс алқабы мен Касмалинский жал шоққарағайына тән (Кj=0,63; Кs=0,77). Укок тау қырқасы мен Ұландырық өзені аңғарының қанатты жыртқыштар қауымдастығында елеулі айырмашылық байқалды (Кj=0,44; Кs=0,60). Ең көп өзгешелік Касмалинский жал шоққарағайы және Ұландырық өзені аңғарындағы сұңқартәрізділер мен жапалақтардың ұя салатын топтарында бақыланды (Кj=0,17; Кs=0,29).
Бұл айырмашылықтарды Алтай аймағындағы түрлі мекен ортасының физикалық-географиялық жағдайы және өсімдік жамылғысының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Ұландырық аңғарында қанатты жыртқыштар түр құрамының жұтаңдығы (сұңқартәрізділердің 7 түрі және жапалатың 1 түрі) бұл жерде бірде-бір ағаш өсімдігінің жоқтығына байланысты. Сондықтан мұнда ағашта ұя салатын түрлер жоқ. Аңғарды тек жартастарға ұя салатын немесе ұя салуға қолайлы субстратты таңдауға икемді (олар ағаштарда әрі жартастарда ұя сала береді) қанатты жыртқыштар түрлері мекендейді. Мұнда жартастарға ұя сала беретін, алайда бұл биотопта жеткіліксіз болатын арнайы жем-шөп объектілеріне мұқтаж түрлер де жотың қасы.
Касмалинский жал шоққарағайында қанатты жыртқыштар фаунасының түрге байлығының себебі – (сұңқартә- різділердің 18 түрі және жапалақтардың 8 түрі) көбісі дендрофилдер (ағаш төбесінде ұя салатындар), олар үшін ірі қарағайлар ұя салатын оңтайлы субстрат. Мұндағы жемшөп қоры сұңқартәрізділер мен жапалақтардың көптеген түріне жарамды. Жал шоққарағайында тек таулы-дала және биік таулы секілді ерекше түрлер ұя салмайды.
Укок тау қырқасы мен Ануй өзені аңғары секілді мекендеу жерлері қанатты жыртқыштардың түрлік құрамы бойынша Ұландырық аңғары мен Касмалинский жал шоққарағайы ортасында аралық орынды алады. Мұнда ұя салуға жарамды тау жыныстары да, ағаш өсімдіктері де бар. Сондықтан бұл биотоптарда әрі жартастарда, әрі ағаштарда ұя салуды қалайтын құстар бар.