"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

СОЛТҮСТІК-БАТЫС РАДЖАСТХАНДАҒЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ ӨЛІМ-ЖІТІМІ, ҮНДІСТАН (2017–2022 ЖЫЛДАР)

Бора Д.Л. (Г.Б. Подар колледжінің Зоология бөлімі, Навалгарх, Джунжхуну, Раджастан, Үндістан)
Рао М.С. (Мемлекеттік ғылым колледжінің Зоология бөлімі, Сикар, Раджастхан, Үндістан)


Контакт:
Дау Лал Бора daulalbohara@yahoo.com
Маха Сингх Рао msingh4209@gmail.com

Ұсынылатын дәйексөз: Бора Д.Л., Рао М.С. Солтүстік-Батыс Раджастхандағы жыртқыш құстардың өлімжітімі, Үндістан (2017–2022 жылдар). – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2: С. 172–174. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-172-174 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34999


Жемтіктермен қоректенуші құстардың популяциясының азаюына ықпал ететін негізгі фактор бір кездері малдарға қабынуға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылған диклофенак сияқты препаратты кеңінен қолдану болып табылады. Енді Үндістанда диклофенакты қолдануға тыйым салынған. Соңғы 3 жылда жемтіктермен қоректенуші құстардың өлім-жітім саны Раджастханда ғана емес, Үндістанның басқа бөліктерінде де өсуде. 2017–2022 жж аралығының өзінде Джорбер қоқыс үйіндісінде жемтіктермен қоректенуші құстардың 3 түрінің 791 данасы өлі күйінде табылған, олар: ақбас құмай (Gyps fulvus), тазқара (Aegypius monachus) және жұртшы (Neophron percnopterus), сондай-ақ 231 бас дала қыраны (Aquila nipalensis).

Джорбер қорғалатын орман аумақ деп жарияланды, бірақ қаза болған жануарлардың көмілген жері қорғалатын аумаққа кірмейді. Үндістанда байқалған жемтіктермен қоректенушілердің санының күрт төмендеуі басқа мамандандырылған емес жемтіктермен қоректенушілер түрлерінің көптігі мен таралуына әсер ететін бірқатар экологиялық қауіптерді тудырады. Үндістанда жабайы иттер санының көбеюі туралы хабарланды, бұл адамдар мен жабайы табиғатқа құтыру сияқты ауруларды қоса алғанда, көптеген қауіп төндіреді. Үндістанда құтыру ауруы қазірдің өзінде өте жоғары және ауылдық жерлерде құтыруға қарсы сапалы вакцинаның абсолютті түрде болмауы мәселені одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сол сияты елді мекендер жанындағы малдың өлексе мүрделерін көметін жерлерде қарғалар санының көбеюі үй, синантропты, жабайы құстар мен адамдарға жұқтыру қаупін тудырады.

2015 жылдан бастап Үндістанда диклофенакқа (ветеринарлық және медициналық қолдану) тыйым салынғаннан кейін жағдай біршама жақсарды, бірақ малды емдеу үшін қолданылатын басқа препараттар Үндістанның солтүстігінде қоныс аударатын жыртқыштар мен жемтіктермен қоректенуші құстарды жоюды жалғастыруда. Бұл саладағы негізгі препараттар – кетопрофен және фенилбутазон. Мұндай препараттардың өлімге әкелетін деңгейі тұяқты жануарлардың өлекселерінде аз ғана бөлігінің болуы (<0,8%) жемтіктермен қоректенуші құстардың популяциясының тез төмендеуіне себепші болады.

Ресейден, Қазақстаннан және Орталық Азиядан ұшып қоныс аударатын жемтіктермен қоректенуші құстар мен қырандарды қорғау үшін стратегиялық жоспарлау қажет. Жемтіктермен қоректенуші құстардың саны күн сайын азайып келеді және Раджастханда қаза болғаг құстардың саны әлемдік популяциясының маңызды бөлігі болып табылады.

Үндістанда уланудан қаза болған, бүркіттер мен жемтіктермен қоректенушілер. Д. Бордың фотосы.

Үндістандағы Джорбер мал қорымындағы жемтіктермен қоректенушілер. Д. Бордың фотосы.

Үндістандағы Джорбер мал қорымындағы жемтіктермен қоректенушілер. Д. Бордың фотосы.