"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ҚЫРАНДАР ЖӘНЕ ӨЛЕКСЕМЕН ҚОРЕКТЕНЕТІН ҚҰСТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ, КҮЙІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ МЕН ҚОРҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арутюнян Л.А., Агаджанян Л.А. (Германия елінің табиғатты қорғау одағы (NABU) Армения Республикасындағы филиалы, Ереван, Армения)
Контакт:
Левон Арутюнян levon.harutyunyan@nabu.am
Люсине Агаджанян lusine.aghajanyan@nabu.am
Ұсынылатын дәйексөз: Арутюнян Л.А., Агаджанян Л.А. Арменияда бүркіттің ұя салатын популяциясының қазіргі жағдайы жайлы бастапқы тұжырымдар. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2: С. 17–19. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-17-19 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34815
Бүркіт (Aquila chrysaetos) қырандар ішінде таралу аймағы ең ауқымды келген қатарда. Оның Aquila chrysaetos homeyeri түршесі Оңтүстік Кавказ аумағы Армения Республикасында кездеседі, онда ол жыл бойғы мекендеуші ретінде танылған, және АР Қызыл кітабына «әлсіз» (VU D1) түр есебінде енгізілді. Алайда Арменияда оның популяциясы күйі мен түр саны жеткіліксіз зерттелгендіктен, анық деректерсіз тиімді қорғауды қамтамасыз ету қиынға соғады. Тек ұяларын табу немесе оларды бақылау орындары жайлы үзік-үзік, шашыраңқы мәліметтер ғана бар. 1990 жылдары Оңтүстік Кавказда 75–100 аса ұя салушы жұп бар екені мәлім болды, дегенмен Арманиядан нақты деректер жоқ. 2000 жылдардың басында бүл түрді біршама рет бағалап, 20 дан 80 дейін ұя салушы жұп бар деген түрлі пікірлер болды.
2010 жылы шыққан АР Қызыл кітабына сүйенсек, бүркіт популяциясы 34–38 ұя салушы жұптан тұрды. Оған қоса, кейде жыртқыш түрлеріне арнайтын далалық зерттеулерімізде бүркіттің бізге белгілі бұрын ұя салған көптеген жерлерінде еш белсенділік байқалмады. Сондықтан бар көмескілікті анықтап, түсіну үшін, 2023 жылы Армения Республикасында бүркіттің ұя салатын популяциясына масатты түрде зерттеуді бастадық. Наурыз айынан бастап шілденің ортасына дейінгі қысқа мерзімде бүркіттің балапандауына қолайлы көптеген мекен ортаны зерттеп танып үлгердік: Арарат, Вайоцдзор, Лори обыстары және Тавуш, Қотай, Шырақ және Арагацот облыстарының кей бөліктері (АР 10 облысының 7-еуі). Зерттеу жоспарына сәйкес, біз белгілі әдеби деректер мен ұя салатын орындар жайлы мәлімдеме, сондай-ақ алдын ала ГАЖ модельдеуден алынған мекендеуге қолайлы орындарды тексердік. Далалық жағ- дайда көлемі 20–60×60 көру дүрбісін, 10×42 дүрбісін және дронды қолдандық.
Бастапқы нәтижелерге қатысты алғаш зерттеу жылында тек 4 дәйекті әрекетті ұя анықталды, оның 3 жұбы сәтімен көбейді (шілде айының басында 3 балапан ұядан ұшты), ал бір жұптың ұялауы, шамасы, сәтсіз аяқталды. Сонымен қатар, жасыл бұтақтармен жаңаланған 1 ұя табылды, бірақ бұл ұяға құстар қонған емес (тек ұядан бірнеше шақырым жерден ересек құсты байқадық). Вайоцдзор облысында 2 ұя, Арарат облысында 1, Лори облысында 1 ұя салынған. Оған қоса, табылған әрекетті ұялардан біршама қашықтыта салынған 19 бос ұяны көрдік – оның 11-і Вайоцдзор облысында, 3-і Лори облысында, 2-і Қотай облысында, 2-і Арарат облысында және соңғы 1-і Шырақ облысында орналасқан. Барлық дерлік тастанды ұялар түрлі дәрежедегі антропогендік мәні бар аудандарда орын алған (жол, жайылым, елді мекен ж т. б.).
Аталған жоба Армения Республикасындағы Германия елінің табиғатты қорғау одағы (NABU) «Жыртқыш құстарды зерттеу және қорғау» жобасы аясында іске асырылуда.