"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
«БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ ҚЫРАНДАР
Архипов Е. («Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай, Қазақстан)
Беккер Я. (Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік басқармасы – Байц құстарды қорғау мемлекеттік орталығы, Германия)
Контакт:
Евгений Архипов arhipov.forestfires@mail.ru
Янош Беккер Janosch.Becker@LfU.Brandenburg.de
Ұсынылатын дәйексөз: Архипов Е., Беккер Я. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі қырандар. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2: С. 153–156. DOI: 10.19074/1814-8654-2023- 2-153-156 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34929
2022 жылы 20 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында және 2023 жылдың көктемінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнитологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу барысында парк аумағында қырандардың кезігуі жайлы ақпарат алынды.
Қарақұстар (Aquila heliaca) бүкіл аумақ бойынша күнде байқалды. Зерттеулер кезінде барлығы 44 бақылау тіркелді, оның бір бөлігі жергілікті көбейетін құстар емес, нақты қоныс аударатындар. Байқалған 44 дараның төртеуі ғана осы жылғы құстар. Үлкен шабақты көлінен солтүстік-шығыста 14.09.2022 ересек құстар балапанды азықтандырды, яғни бұл мұнда бүркіттердің ұя салатын орны бар екенін көрсетеді. 2023 жылдың сәуірінде ішінде 2 жұ- мыртқа жатқан ұя табылды (сур. 1).
Жүкей көлінен солтүстікке қарай 40- шы орамда орманда 2022 жылы 6 қыркүйекте ірі қыран ұясы табылды, болжам бойынша бүркіттікі (Aquila chrysaetos). Ол ескі қарағай талында орналасқан, диаметрі шамамен 1,5 м. Ұя астында аудың сүйек қалдықтары және түрлі жыртқыш құстар түктері жатты (мәселен, жамансарынікі Buteo buteo) (сур. 2). Осыдан кейін көп ұзамай ұяға жақын жерде бүркітті байқадық, оны біз осы жылдың бүркіті деп анықтадық, ал 13.09.2022 Майбалық көлінен солтүстікке қарай Шабақкөл және Үлкен шабақты көлдері аралығында ересек құсты байқадық.
Қайрақты орман саяжайының жанында 26.08. шаңқылдақ қыран (Aquila [Clanga] clanga) байқалды – ол орманнан айқайлаған жас құсқа тұмсығына қыстырып азық алып бара жатты (Becker/ebird.org; Wassink, 2023). Бұл «Бурабай» МҰТП-де шаңқылдақ қыранның бірінші рет ұя салуы. Шаңқылдақ қыран есебінде толық сенімсіз анықталған тағы бір жас құс бірнеше сағаттан кейін алдыңғы кездесуден оңтүстікке қарай шамамен 12 шақырым жерде байқалды (сур. 3).
Дала қыраны (Aquila nipalensis) екі рет кезікті, біріншісі 25.08.2022 Сауле ауылында, екіншісі 05.09.2022 Үлкенсор көлі үстінде қалықтады. Дала қырандарының қоныс аударатын немесе көбею мезгілінен соң парк аумағында көшіп жүретін құстар болуы әбден мүмкін, бірақ олар паркте ұя салмайды.
Бақалақтақ бүркіт (Hieraaetus pennatus) төрт рет кездесті, 22 және 23 тамызда Бармашы орман шаруашылығы аумағында, ал 2022 жылдың 8 және 15 қыркүйегінде Бурабай орман шаруашылығы төңірегінде, тіпті ашық морфты және қара морфты екі түрі де байқалды (Becker/ebird.org).
Сонымен бірге, 21.07.2021 бақалақтақ бүркіт Бурабай мен Сарыбұлақ арасында орнатылған фототұзаққа түсті (сур. 4) (Wassink, 2023). Ең таяу белгілі ұя салатын жері оңтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым жерде орналасқан Баянауыл ұлттық паркінде (Резниченко, 2012; 2020).
«Бурабай» МҰТП аумағында біз қарастырған құс түрлерін сақтауға ұсынылған шаралар:
- қыран ұя салатын жерлерден 1,5 шақырым радиуста қандай ағаш болсын, кесуге тыйым салуды енгізу;
- байырғы ағаш түрлерін орманды қалпына келтіру міндетті шараларымен санитарлық кесу жұмыстарын балапандар ұшуды үйренгеннен кейін ғана жүргізу;
- ұя салу мезгілінде қыран ұяларына 500 м радиуста мал мен адамның келуін шектеу;
- балапандарды басып шығару мерзімінде және жас балапандар қанат қақанға дейін күн сайын паркке келушілер тарапынан мүмкін болатын бұзытықтың алдын алу үшін инспекторлардың ұя салатын шептерді (ұялардан 500 м ара қашықтық сақтап) аралап шығуы;
- қыран ұялары жақын орналасқан суқоймалар жағасында малды суаруды шектеу.