"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ЧЕХИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БҮРКІТТІҢ ТАРАЛУЫ МЕН САНЫ: ҮМІТ ҰЯЛАТАТЫН КӨРІНІС

Белка Т. (Чехиялық орнитологтар қоғамы, Частоловице, Чехия Республикасы)
Хорал Д. (Чехиялық орнитологтар қоғамы; Чехия Республикасының қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Брно, Чехия Республикасы)


Контакт:
Томаш Белка tomas.belka@tiscali.cz
Дэвид Хорал david.horal@seznam.cz
Ұсынылатын дәйексөз: Белка Т., Хорал Д. Чехия Республикасында бүркіттің таралуы мен саны: үміт ұялататын көрініс. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 108–110. DOI: 10.19074/1814- 8654-2023-2-108-110 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34911


Қазіргі таңда Чехия Республикасында бүркіттің төрт түрі ұдайы ұялайды: ақұйрықты субүркіт (Haliaeetus albicilla), қарақұс (Aquila heliaca), кіші қыран (Aquila [Clanga] pomarina) және бүркіт (Aquila chrysaetos). 1847 жылы Шығыс Богемия өңірінде шаңқылдақ қыранның (Aquila [Clanga] clanga) көбеюі жайлы расталған әдеби деректер бар. Қазір шаңқылдақ қыран күзгі және көктемгі миграцияда сирек кезігетін ұшып өтетін түр.

Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) бір ғасыр дерлік көрінбей, 1980-жылдардың ортасынан елді қайта қоныстай бастады. Популяцияның қалпына келуі екі бөлек аумақта басталды: Германия және Польша аумақтарынан келген популяция Оңтүстік Богемияны, Паннония жерінен, көбінесе Венгрия елінен ұшып келген құстар Оңтүстік Моравияны мекен етті. Кейінірек түр ұя салуға жарамды ортаның бүкілін қоныстады. Популяциясы көбейіп, қазіргі таңда саны шамамен 160– 180 ұя салушы жұпқа жетті.

Чехия Республикасында қарақұстың (Aquila heliaca) көбеюі бірінші рет 1998 жылы белгіленді (алайда оның 1930 жылдары ұялауы жайлы бір расталмаған хабар бар). Сол кезден бері популяция санының өсімі баяу, паннон популяциясы (негізінен Венгрия және Шығыс Словакия елдерінен бас алған) секілді. Аққұйрықты субүркіттің таралуы әзірше паннон өңірімен шектеледі (яғни өңтүстік-шығыс бөлік), алайда жақында алғашқы біршама жұп солтүстік пен батысты қоныстады. 2023 жылы 23 ауматық жұпқа бақылау жүргізілді.

Чехия Республикасында көп тараған түр қатарында кіші қыран (Aquila [Clanga] pomarina) мүлдем болмаған. Республика бойынша тау бөктері мен тауларда саны аз мөлшерде ғана қоныстады. Ұя салатын жұптар 1980 жылдардың басы мен 1990 жылдардың аяғында соңғы рет Шумава жерінде кезікті. 20 жыл өте кіші қыранның көбеюі батыс Богемия төңірегінде расталды. 2012 жылдан бері ол жерде бір жұп тұрақты ұялайды. 2018 жылы Моравияның солтүстігінде жаңа популяция пайда болды, қазіргі таңда мұнда үш жұп ұялайды. 2020 жылдан бастап шығыс Богемияда тағы бір жұп ұялайды. Қазіргі уақытта бұл өңірде екі жұп ұялайды, бірақ біздіңше байқаусыз қалған тағы 1–2 жұптың болуы мүмкін. Сонымен, 2023 жылы Чехия Республикасында кіші қыранның ұя салатын 6–8 жұп популяциясы бар деп бағалаймыз.

Бүркіт (Aquila chrysaetos) солтүстік Моравияда (елдің солтүстік-шығыс беті) 2013 жылы көбейе бастады (аққұйрыты субүркіт секілді шамамен бір ғасырдан аса уақытқа жоқ боп кеткеннен соң), ішінара 2006–2017 жылдар аралығындағы реинтродукция жобасы нәтижесінде (Словакиядан 27 құс ұшырылды). Көршілес Словакияда бүркіт популяциясы саны және таралу аумағының өсуімен қатар, қазіргі уақытта Чехия Республикасында кемінде 5–6 аумақты мекен етеді.

Балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) қарапайым ұшып өтетін түр қатарында (көктемде әрі күзде), кейбіреуі жазда жайлауға қалса, қыстауға өте сирек қалады. Чехия Республикасында XIX ғасырда, не болмаса XX ғасырдың басында балықшы тұйғынның жүйелі түрде көбеюі жайлы әдеби деректер жеткілікті дәрежеде расталмаған. Соңғы 20 жыл ішінде бірнеше рет жұмыртқаламай ұя салу әрекеті тіркелген.

Жыланшы қыранның (Circaetus gallicus) – Чехия Республикасына өте сирек ұшып келетін түр, дегенмен соңғы онжылдықта оны бақылау тез қарқынмен дамуда. Жыланжегіш бүркіт популяциясының Венгрияда, сондай мүмкіндікпен Словакияда да артуына қарай, Чехия Республикасында көбею ықтималдығы бар.