"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау"III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары

2023 жылғы 24-29 қыркүйек

Алматы, Қазақстан

Ұйымдастырушылар:

"Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы" қоғамдық қоры (BRCC)
Ресейдің жыртқыш құстарды зерттеу және қорғау желісі (RRRCN)
Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК)
Қазақстан Республикасының Зоология институты
Қазақстанның құстарды қорғау одағы
Ресей құстарды қорғау одағы
Венгрия құстарды қорғау қоғамы (MME/Birdlife Hungary)
Табиғатты қорғау және биоалуантүрлілік одағы (NABU, Германия)
Aquila-Kordian Bartoszuk
«Ветер странствий» (VETERS ЖШС)

қолдауымен

The Critical Ecosystem Partnership Fund (CEPF), Өзара түсіністік қоры (TMU), Табиғат қорының жобасы LIFE ЕС (LIFE21-NAT-HU-LIFE SakerRoads), VGP FOUNDATION, НПЦ «Кавказ», Siberian Wellness

Алматы қ., Қазақстан, 28.09.2023 ж.

2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Almaty Resort санаторийінде «Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция алдында, 24 қыркүйекте спутник іс-шара: «Ителшгі популяциясының жағдайы және оларды сақтау мәселелері» атты Халықаралық семинар өтті.
Конференцияға 32 елден 151 маман қатысты, оның ішінде:

  • 12 Еуропа елдері: Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Испания, Италия, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия;
  • Оңтүстік-Батыс Азияның 8 елі: Армения, Грузия, Израиль, Иордания, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия;
  • Оңтүстік Азияның 2 елі: Үндістан, Пәкістан;
  • Орталық Азияның 4 елі: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан;
  • Шығыс Азияның 2 елі: Қытай, Жапония;
  • 2 Африка елі: Египет, Оңтүстік Африка;
    сондай-ақ Ресей мен АҚШ.

Конференция күндері қырандардың географиясы мен экологиясының әртүрлі аспектілерін, осы ірі қауырсынды жыртқыштарды табиғатта сақтау мәселелерін, оларды зерттеу және қорғау әдістерін қамтитын 80 баяндама тыңдалды. тезистер жинағы жарияланды (http://rrrcn.ru/ru/archives/35207, https://www.brcc.kz/projects-and-plans/eagles-of-the-palearctic/eagles-of-the-palearctic-abstracts) Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), оған тезистер шығарылды, 30 елден 235 ғалымның 113 тезисі енгізілген.

Бағдарламаның негізін 4 тақырыптық сессия құрады:
I. «Бүркіттер мен жемтіктермен қоректенуші құстардың таралуы, жағдайы, экологиясының ерекшеліктері және қорғалуы»
II. Қарақұсты (Aquila heliaca) қорғау бойынша IX халықаралық кеңес
III. Дала қыранын (Aquila nipalensis) қорғау бойынша III халықаралық кеңес
IV. «Жыртқыш құстар және энергетика» II халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары

Қысқа пленарлық сессия жыртқыш құстарды заңнамалық қорғауға арналды. Жеке ерекше іс-шара «Түрлердің таралуын модельдеу» семинарының кіріспе бөлімі болды.

IX Халықаралық конференцияның шығыс қарақұсты (Aquila heliaca) сақтау жөніндегі декларациясы

Конференцияда 2018-2023 жылдар аралығындағы 7 елдегі шығыс қарақұстың (Aquila heliaca) популяциясының жағдайы туралы ұсынылған 14 баяндаманы тыңдап.

Қазақстан мен Ресейдің ұя салатын популяцияларын зерттеудің ұлғаюын құптап

Дүние жүзіндегі ұя салатын популяциялардың көпшілігі соңғы жылдары тұрақты немесе аздап өсіп келе жатқанын мәлімдей отырып, әсіресе Паннон (Венгрия, Австрия, Словакия, Чехия, Солтүстік Сербия және Батыс Румыния) және Фракия (Болгария, Еуропалық Түркия, Шығыс Греция) экологиялық аймақтардында; Ресейдегі екі топты қоспағанда, онда таралу аймағы азайған (ең батыста – Ока-Дон өзені аралықта және шығыста – Даурияда).

Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан және Ирандағы қарақұс популяциясының жағдайы туралы ақпараттың жоқтығына назар аударып

Түрлердің ұя салу орындарында қауіп-қатер егжей-тегжейлі зерттелгенін айта отырып, бұр ретте көші-қон және қыстау аймақтарындағы қауіптер туралы азырақ белгілі.

Жанама қауіптермен – тіршілік ету ортасының нашарлауы және негізгі жемтік түрлерінің жоғалуы (ауыл шаруашылығының қарқындауы мен инфрақұрылымның дамуына байланысты) қазіргі уақытта түрлерге ең маңызды тікелей қауіптер болып табылатынын анықтай отырып:

  • құстарды электр тоғының соғуы;
  • адамдардмен қасақана қудалануы (әсіресе Паннония және Фракия топтарында улану);
  • соқтығыстар (көлік құралдарымен, ЭБЖ және жел электр станцияларымен),
  • заңсыз аулау (Таяу Шығыста).

Қарақұстардың барлық дерлік негізгі топтардағы қозғалысын қарқынды телеметриялық зерттеулерді белігілеп, бұл көші-қон жолдары, қыстау және көбею орындарындағы мекендеу ортасын пайдалану және ұя салмайтын жыныстық жетілмегендердің жазғы қоныс аудару орындары туралы маңызды жаңа ақпарат берді.

Тіршілік ету ортасы мен рацион құрамының өзгеруі, сондай-ақ мазаларсын алу факторлары қарақұстардың репродуктивті қабілеттеріне айтарлықтай әсер ететінін анықтап (бұл түрді қорғаудың өңірлік стратегияларында ескерілуі керек).

Көптеген таралу елдеріндегі елеулі зерттеу күштерін, әсіресе жиналған деректердің орасан зор көлемін және осы түрдің Қазақстан мен Ресейдегі ұя салатын популяциялары үшін құрастырылған таралу үлгісін мойындай отырып

Түрлердің көптеген топтасуларында жүргізіліп жатқан қозғалыстар мен көбею жетістіктері бойынша қарқынды зерттеулерді мойындай отырып

Көптеген елдерде, әсіресе түрдің таралу аймағының батыс бөлігінде елеулі сақтау бойынша күштерін, электр тоғының әсерінен зардаптарды азайту және заңсыз қудалаумен күрес шаралары осы елдердің көпшілігінде топтасулардың күйіне оң өзгерістерге ықпал еткенін мойындай отырып

Конференцияға қатысушылар ұсынады:

  • кейбір ұя салатын популяциялар (әсіресе Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Қытай, Моңғолияда) және негізгі қыстайтын жерлердегі таралуы, тығыздығы және қауіп-қатерлері туралы біліміміздегі олқылықтарға зерттеу күштерін жұмылдыру;
  • Қарақұстың көбейетін, қоныс аударатын және қыстайтын аймақтарында және түрдің негізгі ұшу жолдары бойындағы негізгі тікелей қатерлердің (электр тоғының соғуы және адамдардың қудалауы) әсерін азайту үшін табиғатты қорғау іс-шараларын жалғастыру және жақсарту;
  • табиғатты қорғау қоғамдастығы қоғамдық пікірді қалыптастыру және ауыл шаруашылығын интенсификациялау және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде бұзылған табиғи мекендеу орындарын сақтау және/немесе қалпына келтіру үшін қарақұсты флагмандық түр ретінде пайдалану;
  • жаңартылатын энергетика нысандарының (жел электр станциялары, күн электр станциялары) және олармен байланысты инфрақұрылымның қарқынды дамуы, сондай-ақ климаттың өзгеруінің түрлерге тән салдары сияқты пайда болатын жаңа қауіптерге ерекше назар аудару;
  • родентицид немесе қорғасынмен улану сияқты ықтимал белгісіз немесе бағаланбаған қауіптерге ерекше назар аудару;
  • халықаралық ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде. зерттеулерде:

- аймақтық популяцияның бағалауын және қатаң ғылыми стандарттарға негізделген тенденцияларды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша қарақұстың ұя салу таралуы;

- дүние жүзі бойынша әртүрлі популяциялардан қарақұстардың жан-жаққа таралуы, белгіленген құстардың қаза болу себептерін қоса алғанда;

- бүкіл ұя салу ареалдағы түрдің генетикалық дәрежесі мен метапопуляция жүйесін жақсырақ түсіну үшін топтасулардың генетикалық құрылымы.

Шығыс қарақұсын сақтау жөніндегі Х халықаралық кеңесті 2028 жылы «Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен бірлесіп ұйымдастыруға болатыны мәлімдейді.

Келесі конференцияны қыстайтын популяциялар бойынша мақсатты зерттеулерді жеңілдету және көбею және қыстау аймақтарында жұмыс істейтін мамандар арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін қарақұстың негізгі қыстайтын елдердің бірінде өткізуді ұсынады.

Дала қыранын (Aquila nipalensis) қорғау бойынша III халықаралық кеңес нәтижелері

Жиынға кемінде 14 елден 40-тан астам дала қыраны бойынша мамандар белсене қатысты. Дала қыранының көбею экологиясы, көші-қоны және қорғау мәселелері бойынша 14 ғылыми баяндама ұсынылды. Талқылау барысында қабылдаушы ел - Қазақстанға ерекше назар аудара отырып, жаһандық және ұлттық экологиялық бастамалар қарастырылды.

Кеңеске қатысушылар:

Бұл кездесуді жаһандық ауқымда дала қыранын сақтау мәселелеріне арналған ең ауқымды және өкілді кездесу деп тани отырып;

Ұсынылған деректерге сәйкес, дала қыраны популяцияларының көпшілігінің жағдайы қолайсыз болып қала беретінін айта отырып;

Қазақстан осы түрдің тіпшілік етуінің негізгі аймағы болып қала беретінін, әлемдік популяцияның 75%-ға жуығы осында көбейетінін растай отырып;

Соңғы бес жылда Қазақстандағы дала қыраны популяциясының 4000 ұя салатын жұпқа, яғни 15%-ға азайғанын айта отырып;

Дала қыранының жаһандық ауқымдағы жағдайы ең алдымен оның Қазақстандағы популяциясының жағдайымен анықталатынын атап көрсете отырып;

Дала қыранының Қазақстан үшін ұлттық рәміз және қазақстандықтардың ұлттық болмысының бір бөлігі ретіндегі ерекше мәнге ие екендігіне назар аудара отырып;

Қазіргі уақытта түрге ең маңызды қауіп төнетінін анықтаған соң:

  • ең алдымен тың және қосалқы далаларды жыртуға, дала ландшафтарын егін шаруашылығын дамытуды қарқындатуға байланысты мекендеу орындарының жоғалуы және бөлшектенуі (фрагментациялануы);
  • қорек-жем қорының азаюы және даладағы өрт жағдайының антропогендік өзгерістері салдарынан тіршілік ету ортасының нашарлауы;
  • электр беру желілерінде электр тоғының соғуы;
  • негізінен ауыл шаруашылығында және жаппай кеміргіштердің популяциясымен күресу үшін қолданылатын родентицидтермен, тікелей әсер ететін улармен және ветеринариялық препараттармен улану;
  • тікелей қудалау, оның ішінде ұя салу аймақтарында, көші-қон жолдарында және қыстау жерлерде ату және қақпанға түсіру (әртүрлі мақсатта);

Бұл қауіп-қатерлердің:

  • ұзақ мерзімді әсермен сипатталатындығын (кем дегенде бірнеше ондаған жылдар),
  • ауа-райының қолайсыздығымен күшейетілетіндігін атай отырып;

Бұл қауіп-қатерлер ересек және жасаң қырандардың өлім-жітімінің жоғары деңгейіне, сондай-ақ көбеюінің төмен жетістілігіне, соның ішінде жартылай ересек құстардың көбеюін өсіруге әдеттен тыс жоғары қатысуына байланысты ықпал ететінін, осылайша дала қыраны популяциясының азаюына әкелетінін атап көрсете отырып;

Бірауыздан құптады:

  • Құстарды қорғау корольдік қоғамының (RSPB) Дала қыранын сақтау жөніндегі Жаһандық іс-шаралар жоспарын әзірлеу бастамасын жаңарту ұсынысын, осы мақсатта Жұмыс тобын құру және Көшіп-қонатын түрлер бойыша Конвенция Хатшылығына (CMS) және Конвенцияға сәйкес жыртқыш құстар жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға жүгінуін;
  • Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) Қазақстан Республикасындағы дала қыранын сақтау жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы бастамасын, ҚР Табиғи ресурстар және экология Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетіне тиісті ұсыныс жіберуін; және құжатты әзірлеу барысында сараптамалық қолдау көрсетуін;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметін дала бүркітінің ұлттық Қызыл кітаптағы мәртебесін арттыруға, осы түрге зиян келтіргені үшін құқықтық санкцияларды қатайтуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеу мөлшерлемелерін арттыруға, дала бүркітіне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, түрдің нақты осалдығы мен сақтау құндылығына сәйкес деңгейге дейін, оларды бүркітке (Aquila chrysaetos) сәйкестендіруі үндеуін;

Дала қыраны бойынша танылған сарапшылар болғандықтан, олар осы түр арелаы елдерінің мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдарына жүгінеді және
Ұсынады:

1. электр беру желілерінде, әсіресе дала қыраны көбейетін және жаппай қоныс аударатын аймақтарда электр тоғының соғуынан қорғау бойынша парапар шұғыл шаралар қабылдау;

2. «жасыл энергетика» нысандарын, атап айтқанда жел және күн электр станцияларын жоспарлау, салу және пайдалану кезінде ірі жыртқыштар (соның ішінде дала қыраны) үшін қауіп-қатерді кешенді бағалауды жүргізу;

3. дала қыраны популяциялары кездесетін негізгі қауіп-қатерлерге республикалық деңгейде мониторингті белгілеу, осы қауіп-қатерлерді жою мен жұмсарту бойынша орталықтандырылған үйлестіруді қамтамасыз ету;

4. дала қыранының қыстаулары мен көші-қон жолдарына, оның ішінде көбею ұя салу ареалы елдерінен тысқары жерлерге осы қиын кезеңдерде ықтимал қауіптерді жақсы түсіну және азайту үшін мониторинг жүргізу;

5. әрекетті әрбір тартылған елдің нақты мәнмәтініне және дала қырандарының тіршілік кезеңі сәйкестігіне бейімдей отырып, қоғамдастық деңгейінде табиғатты қорғау жұмысын белсенді ету үшін көбірек серіктес елдерді тарту;

6. экономикалық және басқа да қызметі дала қыраны популяциясына әсер ететін әртүрлі мүдделі тараптармен, соның ішінде фермерлер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарымен, энергетикалық компаниялармен, ветеринарлар мен обаға қарсы мемлекеттік органдармен және т.б. қатынасты және тікелей байланысты кеңейту.

«Жыртқыш құстар және энергетика» II халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар нәтижелері

Семинарда электр беру желілерінің (ЭБЖ) және жел электр станцияларының (ЖЭС) биоалуантүрлілікке әсер етуінің әртүрлі аспектілері бойынша зерттеулердің нәтижелерімен ұсынылған 23 баяндама, сондай-ақ осы әсерлердің алдын алу және азайту шаралары талқыланып, тыңдалғаннан соң.

ЭБЖ мен ЖЭС биоалуантүрлілікке, әсіресе құстар мен жарғанаттар сияқты ұшатын жануарларға кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтіліп.

ЭБЖ келетін негізгі қауіптер мыналар екенін растай отырып:

  • жануарлардың электр тоғынан қаза болуы;
  • сымдармен соқтығысу нәтижесінде құстардың қаза болуы.

ЖЭС негізгі қауіптері мыналар екенін анықтаған соң:

  • турбиналармен соқтығысудан жануарлардың қаза болуы;
  • ЖЭС инфрақұрылымын салу нәтижесінде тіршілік ету ортасының жоғалуы;
  • мінез-құлықтың өзгеруіне және тіршілік ету ортасымен байланысының жоғалуына, жануарлардың ЖЭС инфрақұрылымынан жалтаруға ұмтылуына әкелетін кедергі әсерлері;
  • ЖЭС инфрақұрылымына кіретін ЭБЖ қаза.

Орталық Азияның, атап айтқанда Қазақстанның ЭБЖ кең инфрақұрылымы мен жоғары жел энергетикасы әлеуеті бар аумақ екенін және осы елдердегі қолданыстағы ЭБЖ мен ЖЭС көпшілігі оларға жақын жерде ұя салатын және олар арқылы қоныс аударатын сирек кездесетін түрлердің таралуы ескерілмей салынғанын атап өтіп.

Семинарға қатысушылар өз елдерінің үкіметтері мен құзырлы органдарына/ұйымдарына мынадай ұсыныстармен жүгінеді:

1. Негізделген шешімдерді әзірлеу мақсатында мүдделі тараптармен өзара іс-әрекеттестікті ұйымдастыру және диалогтар құру кезінде БҰҰ Тұрақты даму Мақсаттарын және басқа да тұрақты даму құралдарын қолдану;

2. Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы Конвенцияның Африка мен Еуразиядағы қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумы шеңберінде (ағыл. The CMS Raptors MOU Electrocution Discussion group) Энергетикалық жұмыс тобының (ағыл. Energy Task Force Powerline Working Group) қызметіне және жыртқыш құстарды электр тоғының соғуы бойынша Дисскуссиялық топқа қосылу (егер сіз әлі қосылмаған болса);

3. Әрбір ел үшін құстар үшін қауіпті ЭБЖ ұзындығы, схемалық орналасуы және басқа сипаттамалары туралы ақпаратты сұрату, жинау және біріктіру (CMS деңгейінде).

Семинарға қатысушылар ұсынады:

  • ЭБЖ мен ЖЭС жобалау және пайдалану кезінде халықаралық қауымдастықтың озық тәжірибесін, соның ішінде, қолданыстағы ЭБЖ мен ЖЭС келетін зиянды азайту әдістері;
  • азайту бойынша шаралар иерархиясын қабылдау: алдын алу, азайту және жұмсарту*;
  • заңнаманы жетілдіру және жануарларды, маңызды экожүйелерді, мекендеу орындарын және көші-қон дәліздерін қорғауға бағытталған саясатты жүзеге асыру.

*Алдын алу кезеңі ЖЭС теріс әсер етуі мүмкін экожүйелерді, түрлердің мекендеу ортасын және көші-қон жолдарын анықтау сияқты биоалуантүрлілікке ықтимал қауіптерді бағалауды қамтиды; қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін стандартталған базалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ЖЭС орналастырудың баламалы нұсқаларын қарастыру, олар үшін тәуекелдерді модельдеу де жүргізіледі. Жануарлардың қазасы және жанама әсерлерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін турбинаның дизайнын, орналасуын және құрылыс пен пайдаланудың басқа аспектілерін қарастыру ұсынылады. Алдын алу кезеңі жұмыс істеп тұрған ЖЭС зиянды азайтуға және өтеуге қажетті шығындарды азайтуға көмектеседі.
Азайту кезеңі ұшып келетін жануарларды анықтау және турбиналардың жұмысын тоқтату үшін технологияны пайдалану сияқты шараларды қамтуы мүмкін.
Жеңілдету кезеңі жануарлардың қазасы және тіршілік ету ортасының жоғалуы үшін ақшалай өтемақы беру сияқты шараларды қамтуы мүмкін.

Жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында Ресей, Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін семинарға қатысушылар ұсынады:

1. Заңнамаға енгізу және ұғымдарға құқықтық анықтама беру:

  • «қоныс аударатын құстар мен жарқанаттардың көші-қон дәлізі»,
  • тіршілік циклінің әртүрлі кезеңдерінде жойылып кету қаупі төнген экожүйелер мен сирек кездесетін түрлерді сақтау мақсатында оның шегінде экономикалық қызмет шектелуі немесе тыйым салынуы тиіс «аралық аймақ»;
  • «құстар мен жарқанаттар үшін энергетикалық нысандардың қауіпті аймақтарының картасы»,
  • биоалуантүрлілік нысандарына теріс әсер етудің алдын алу мәнмәтініндегі «жасыл энергетика»;
  • ұшатын жануарларға арналған «жақындау детекторы».

2. Қоршаған ортаның бастапқы жағдайларын және осал түрлердің популяция деңгейін белгілеу үшін ұлттық стандарттар мен құрылыс алдындағы зерттеу хаттамаларын әзірлеу.

3. Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) талаптары мен ұсыныстарына «Жабайы жануарлар мен электр беру желілері. IUCN электр тарату желілерімен байланысты жабайы жануарлардың қазасының алдын алу және азайту жөніндегі нұсқаулықтары» (ағыл. Wildlife and power lines. Guidelines for preventing and mitigating wildlife mortality associated with electricity distribution networks) сәйкес келетін ЭБЖ құстарды қорғаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу. Бұл стандарттар электр желілерінің жобаларында (соның ішінде қосалқы станциялар) құстар үшін қауіптің нақты анықтамаларын қамтуы маңызды.

4. «Құстар мен жарқанаттар үшін энергетикалық нысандардан қауіпті аймақтар картасын» әзірлеу және тәжірибеге енгізу.

5. Құстардың қоныс аудару дәліздерінде және құстар мен жарқанаттар үшін қауіпті аймақтарда қуаттылығы 50 кВт-тан астам көлденең айналу осі бар қалақшалы жел электр станцияларын жобалауға және салуға тыйым салу.

6. Көктемгі және күзгі көші-қон кезінде қоныс аударатын құстардың дәліздерінде ЖЭС жұмыс істеуіне тыйым салу, егер олар көлденең айналу осі бар турбиналармен жабдықталған болса, бірақ автоматты өшіру технологиясымен жабдықталмаған болса.

7. «Жел энергетикасы нысандарында қолданылатын құстарды қорғау құралдары» техникалық стандартын әзірлеу.

8. Орталық Азия елдері үшін, атап айтқанда Қазақстан үшін арнайы бейімделген ЖЭС биоалуантүрлілікке әсерін бағалау әдістемесін әзірлеу.

9. Тіршілік циклінің сатысына қарай халықаралық Қызыл кітапқа және ұлттық Қызыл кітаптарға енгізілген түрлер мен сирек түрлер үшін аралық аймақ параметрлерін әзірлеу.

10. Жедел мониторинг кезінде соқтығыстар анықталса, жел турбиналарын жеңілдету, өтеу немесе тіпті жою үшін құрылыстан кейінгі стандарттар мен хаттамаларды әзірлеу.

11. Жеңілдету банктері сияқты жеңілдету схемаларын жасау.

Алматинская декларация по балобану:
Ителгі бойынша алматы декларациясы: «ителгі популяциясының жағдайы және сақтау мәселелері» халықаралық семинар нәтижелері

Алматы қ., Қазақстан, 24.09.2023 ж.

Семинарға 50-ден астам адам қатысты. ителгі туралы оның таралу аймағының әртүрлі бөліктерінде 9 баяндама тыңдалды. Баяндамашылар ителгі популяциясының көбею орындарындағы, көші-қоны мен қыстауындағы жай-күйі туралы ақпарат берді. Трекерлердің көмегімен Алтай-Саян аймағының ресейлік бөлігінен құстардың қозғалысын бақылау деректері тіршіліктерінің алғашқы жылдарындағы жасаң құстардың тіршілікке қабілеттіліктерінің өте төмен деңгейі туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Тыңдалған баяндамалар, сондай-ақ талқылаулар негізінде семинарға қатысушылар:

Ресейде және Қазақстанда соңғы зерттеулерде ителгілер санының негізгі қауіп-қатерлерге электр тоғының соғуы және заңсыз аулау; климаттың өзгеруінің әсері болашақта бұл түрге одан әрі әсер етуі мүмкін; байланысты төмендегенін көрсетіп отырғанын айта отырып:

Ресейде жасанды ұялар құру бағдарламаларын, ЭБЖ құстардан қорғайтын құрылғылармен жабдықтау және 10 000 шақырымнан астам электр желілерін жаңғырту және қайта құру бағдарламаларын сәтті жүзеге асырып жатқанын және құқық қорғау органдарының сұңқарларды заңсыз әкетумен тиімді күресіп жатқанын құптай отырып;

Құқықтық қорғаудың өзі Ресей мен Қазақстанда ителгілер санының азаю қарқынын төмендетуде қанағаттанарлық нәтиже бермегенін мойындай отырып;

Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда осы түрдің ұя салатын ареалының негізгі мемлекеттеріндегі популяция жағдайы мен тенденциялары туралы ақпараттың жеткіліксіздігін мойындай отырып,

Геномдық зерттеулер мен басқа әдістер популяцияны сақтау бірліктерін анықтауға қатысты шешімдер қабылдау үшін маңызды ақпарат бере алатынын мойындай отырып;

Конференцияға қатысушылар:

Ителгі бойынша Жаһандық іс-әрекет жоспары (SakerGAP) барлық мүдделі тараптар, үкіметтер, зерттеу қауымдастықтары, табиғат қорғаушылар және бірлесіп жұмыс істейтін пайдаланушылар арқылы оның жаһандық ауқымында осы түрді сақтау жөніндегі күш-жігерді бағыттайтын халықаралық құжат болып табылатынын мойындайды.

Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы Конвенцияның Тараптары (CMS) құрған Мақсатты жұмыс тобын (Saker Task Force – STF) SakerGAP-ты жүзеге асыру үшін табиғатты қорғаудың инновациялық саясаты мен тәжірибесі бойынша ғылым ұсыныстар беретін халықаралық форум ретінде мойындайды.

Ителгі бойынша Мақсатты жұмыс тобының заңсыз аулау және саудамен күресу және ителгі және басқа жыртқыш құстардың электр тоғынан қаза болу салдарын азайту үшін ителгіні бейімдеп басқару жүйесін (Adaptive Management Framework – AMF) әзірлеу бойынша бірлескен жұмысын құптайды.

Таралу аймағы мемлекеттерін (CMS Тараптары да, Тараптар еместер де) ителгі бойынша Жаһандық іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру үшін әрі қарай байланыс және қаражат жинау күшін жеңілдету үшін ителгі бойынша Мақсатты жұмыс тобының жұмысын қолдауды жалғастыруға шақырады.

Таралу аймағы мемлекеттері, ғылыми қауымдастық және басқа да мүдделі тараптар өз күштерін төмендегілерге шоғырландыруға шақырады:

1. ителгі бойынша Жаһандық іс-әрекет жоспарын жаңарту үшін әрбір елдегі сан деректері мен тенденция мәліметтерін жаңарту;

2. орташа кернеулі электр желілеріне электр тоғының соғуы, ителгіні заңсыз аулау және саудасы, сондай-ақ түрлер таралу аймағының еуропалық және Орталық Азия бөліктеріндегі негізгі мекендеу орындарындағы ұзақ мерзімді өзгерістер сияқты негізгі қысымдардың салыстырмалы әсерін бағалау;

3. салдарын жеңілдету үшін ителгілердің электр тоғымен зақымдану нүктелерін және басым электр желілерін анықтау;

4. негізгі учаскелердегі басым электр желілерін және аса қауіпті тірек түрлерін жаңғырту;

5. электр беру желілерінің жаңа құрылымдарының құстар үшін қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін заңнамалық ережелерді енгізу;

6. түрді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық факторларын талдау;

7. заңсыз аулау мен сауданың негізгі нүктелерін, сондай-ақ оларға қатысы бар әлеуметтік топтарды, әсіресе Орталық Азия мен Таяу Шығыста анықтау;

8. ителгілерді жабайы табиғаттан алып қоюдың заңды, бақыланатын және тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін ұлттық және халықаралық саясат пен заңнамадағы олқылықтар мен ықтимал қайшылықтарды анықтау;

9. жабайы табиғаттан заңды өнім алу үш ұрпақ бойына бақыланатын ителгілердің айтарлықтай таусылған немесе азайып бара жатқан популяцияларына бағытталмауына кепіл ететін ұлттық заңдар мен ережелерді енгізу;

10. нормативтiк құқықтық актiлердiң, тиiмдi бақылаудың және санкциялардың сақталу дәрежесiн арттыру арқылы ителгілерді заңсыз пайдалануды (өндіру/аулау/сауда/ұстау) азайтудың құқық қолдану тетіктерін әзірлеу;

11. түрдің тіршілігін қамтамасыз етудегі және оның мекендеу ортасы мен қорек-жеммен қамтамасыз етілуін сақтаудағы климаттың өзгеруінің рөлін бағалау;

12. спутниктік тректер мен басқа да деректер негізінде біріккен қозғалысы мен тіршілік етуін талдауын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеу;

13. босатылған сұңқарларды жабайы, ұя салатын популяцияға және мүмкіндігінше бастапқы популяцияға біріктіруді жақсарту үшін түпкі пайдаланушылар мен құқық қорғау органдары іске асыратын сұңқарларды шығару бағдарламалары бойынша ұсынымдар беру.