"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ҚҰРЫЛЫС АЛДЫНДА ҚАУІПТІ БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТАН КЕЙІН ІС ЖҮЗІНДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚҰС ПЕН ЖЕЛДІК ТУРБИНАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ САЛДАРЫН ЖЕҢІЛДЕТУ ШАРАЛАРЫ
Катцнер Т. (АҚШ Геологиялық қызметінің орман және жайылымдық экожүйелер ғылыми орталығы, Бойсе, США)
Контакт:
Тод Катцнер tkatzner@usgs.gov
Ұсынылатын дәйексөз: Катцнер Т.E. Құрылыс алдында қауіпті бағалау, құрылыстан кейін іс жүзінде тексеру және құс пен желдік турбинаның өзара әрекеттесуі салдарын жеңілдету шаралары. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2 С. 436–438. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-436-438 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35202
Құрылыс басталар алдында қауіпті бағалау, құрылыс аяқталғаннан кейін іс жүзінде тексеру және салдарды жеңілдету шаралары жабайы табиғат пен желдік энергетикалық объектілерінің өзара әрекеттесуі мәселелерін түсіну және шешудің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Осы жұмыста әр тақырып жете қарастырылады.
Құрылысты бастамас бұрын қауіпті бағалау үш сатылы үдерістен тұрады. 1 саты объектіні алдын-ала бағалауды қамтиды, ол көбінесе қашықтан жүзеге асырылады және ең бастысы әдебиетті шолуға негізделген. Егер қарастыру барысы қауіп төнген түрлер болу ықтималдығын сомдаса, 2 саты олардың объектіде бар-жоғын тексеруді және турбиналармен байланысты қауіпке ықпал етер объектінің ерекшеліктерін (топография, өсімдік жамылғысы) бағалауды қамтиды. Соңында, 3 саты санды есепке алу және ықтимал қауіпті бағалау үшін сандық зерттеулерді қамтуы керек. Құрылыстан кейін жүргізілетін зерттеулерге ұқсас қосымша зерттеулер де маңызды.
Құрылыстан кейінгі тексеру құстар санын есепке алуға, ал соңғы кездері популяциялар өлім-жітімінің салдарын бағалауға бағытталған. Өлімжітімді есепке алу жеке дара желдік турбиналар мен оның жан-жағын тексеріп қарап шығуды қажет етеді. Бұл жерде шешуші рөлде дұрыс анықталған іздеу аймағы (кішкене құс турбинадан алыс құлауы мүмкін), түрді нақтылау, пайдалы іздеу аралықтарын белгілеу тұр, олар түрдің көлеміне, сондай-ақ іздеу тиімділігі және өлексемен қоректенетін құстардың пайдаға асырып азық ету жылдамдығына байланысты өзгереді. Озық практика деректерді салыстыру және жариялауды жеңілдету мақсатында әрнешік мекемелердегі есепке алу әдістемесін стандарттауды талап етеді. Популяция деңгейінде жануардың өлім-жітімі салдарын бағалауға оның қай популяциядан шыққанын анықтау керек, ол популяцияның көлемін біліп, салдарын бағалау үшін демографиялық модельдер құру қажет.
Жеңілдету әдетте үш сатылы иерархияға жанасады: (1) алдын алу; (2) азайту; және (3) өтем. Қақтығыстардың алдын алу әдетте қондырғыларды үлкен немесе кіші ауқымда орналастыру арқылы жүзеге асырылады, ол әдетте қауіпті модельдеу немесе сарапшылар пікірімен нығайтылады. Соқтығыс санын азайтуға жануарларды байқау және түрлі жолмен соқтығысуға жол бермеу арқылы жетуге болады. Өтем мерт болған жануарларды толықтыруды меңзейді, оны мекен ортасын жетілдіру, қосымша азық беру немесе түрге тиер басқа қауіпті азайту арқылы жасайды. Популяцияны тиімді толықтыру үшін зардап шеккен жануарлардың шығу тегі мен осы популяцияның өсуін тежейтін факторларды анықтау қажет.
Құрылысқа дейін және одан кейін бағалау және салдарын жеңілдетудің озық тәжірибесі тез дамып келеді. Орталық Азияда жел энергетикасы тез өріс алып жатқандықтан, осы бағалауға ең жаңа тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері пайда болуда, және ол қазіргі уақытта басқа өңірлерде жүргізіліп жатқан жұ- мыстарды едәуір жетілдіруде.