"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭЛЕКТР БЕРУ ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ҚҰСТАРДЫҢ ҚАЗА БОЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢДЫҚ ТҰРҒЫДА ШЕШУ ҮШІН ҰСЫНЫСТАР
Оңғарбаев Н.Х. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, Астана, Казақстан)
Контакт:
Оңғарбаев Нұрлан nongarbayev@brcc.kz
Ұсынылатын дәйексөз: Онгарбаев Н.Х. Қазақстандағы электр беру желілеріндегі құстардың қаза болуы мәселелерін заңдық тұрғыда шешу үшін ұсыныстар. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 395–399. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-395-399 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35162
Әуе электр желілеріндегі (ЭБЖ) құстардың қаза болу мәселелерін мамандар көп жылдар бойы зерттеп келді және бүгінгі күні олардың өлімінің себептері және осы мәселені шешудің ықтимал жолдары туралы негізгі қорытындылар жасау үшін жеткілікті түрде зерттелді. Құстар үшін қауіпті ӘЖ қоныс аударатын және/немесе көшпелі құстарға ең үлкен зиян келтіретіні жасырын емес. Осылайша, өз елдерінде ӘЖ құстардың жаппай қырылуы мә- селелерін шешпеген мемлекеттер, жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы халықаралық конвенцияның (Бонн конвенциясы немесе CMS) ережелерін бұзып отыр, егер олар осы конвенцияға қосылған болса.
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 96 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бонн конвенциясына қосылды және қоныс аударатын түрлер үшін таралу аумағы мемлекеті ретінде оларды сақтауға күш салуға міндеттенді. Сонымен қатар, жекелеген табиғатты қорғау ұйымдарының бастамасымен 2021 жылы күшіне енген жаңа Экологиялық кодексте №246 «Электр желілерін салуға және пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар» бап бар, ол «Электр желілерін орналастыру, жобалау, салу, пайдалану, жөндеу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде құстар мен басқа да жабайы жануарлардың қырылуын болдырмау, мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтауды қамтамасыз ететін шаралар әзірленіп, іске асырылуы тиіс», сондай-ақ «электр желілерін пайдаланатын субъектілер олардың құстар мен басқа да жабайы жануарларға кері әсерін анықтау үшін электр желілерін жүйелі түрде тексеріп отыруға және қажет болған жағдайда оны азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті» талаптарын анықтайды. Осылайша, Кодекс деңгейінде құстарға арналған ӘЖ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары анықталған.
Сонымен қатар, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында № 17 «Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар» бап та бар, оның көрсетілген екінші пунктінде «Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс» делінеді.».
Оның үстіне бұл баптардың сақталуын қадағалау үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» (ӘҚ) кодексінде де баптар қарастырылған. Мысалы, 379-бабында елді мекендерді, кәсіпорындар мен басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану кезінде жануарларды қорғау шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік және т.б.
Осылайша, Қазақстанда ӘЖ құстардың қаза болу мәселесі жоғары деңгейде ресімделуде деп болжауға болады.
Құстарға арналған ӘЖ кейбір қауіпсіздік мәселелері тіпті «Қазақстан Республикасының ауылдық электр желілерін технологиялық жобалау нормаларында» (ҚР РҚС 4.04-185-2003) көрсетілген.
Дегенмен, туындайтын сұрақтар – осыншама қаншама құжаттар болса да құстардың қаза болуы жалғасуда, ал құстарға қауіпті ӘЖ иелері неге жауапқа тартылмайды?
Әлбетте, мәселенің мәні бірнеше маңызды факторлармен шектелген құ- қық қолдану тәжірибесінде жатыр:
1) Нақты қандай іс-шараларды жүзеге асыру қажет және олардың орындалуын қалай бақылау керектігі көрсетілмеген;
2) Аталған талаптар электроэнергетиктер мен жобалаушылардың нормативтiк-техникалық құжаттамасында ешқандай түрде бекітілмеген, бұл олардың электроэнергетиктердің күнделікті жұмысын «байланыстырмайды»;
3) Құстар үшін қауіпті ӘЖ ұзындығы орасан зор (тек 6–10 кВ ӘЖ ұзындығы 80 мың км-ден асады), оларды тексеру және бақылау мүмкін емес және экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, айқын қорытынды туындайды: мәселе ӘЖ құстардың қаза болуы немесе шара қолданбау емес, құстар үшін қауіпті ӘЖ жобалау, салу немесе пайдалану фактісі ретінде қарастырылуы керек. Дәл осы бастапқы ұстанымнан BRCC ӘЖ құстардың қаза болуы мәселелерін заңнамалық тұрғыдан шешу бойынша ұсыныстардың негізгі тұжырымдамасын жасады. Ұсыныстардың мәні мынадай:
1) «Құсқа қауіпті конструкция» терминіне заңнамалық анықтама беру;
2) Құс қаупі бар ӘЖ құрылыстарын (жаңадан салынған ӘЖ) жобалауға және салуға заңнамалық тыйым салуды енгізу. Бұл ретте 6–10 кВ желілерін пайдаланатын ӘЖ иелері үшін балама шешімдерді ойластырған жөн;
3) Белгіленген үлгідегі және сападағы құстарды қорғау құралдары (ҚҚҚ) болмай, құстарға қауіпті ӘЖ құрылыстарын пайдалануға заңнамалық түрде тыйым салуды бірсарында және кезеңкезеңімен енгізу;
4) Олардың техникалық сипаттамаларына, бекіту әдістеріне, ауыстыру жиілігіне және т.б. қойылатын талаптарды қоса алғанда, ҚҚҚ-ға (оқшаулағыш, маркер және ұя құрайтын түрлерге) арналған ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту.
Ұсынылған шешімдердің маңызды аспектілері:
1) Айтылған ұсыныстарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде ғана емес, сонымен қатар ӘЖ жобалауды, салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды реттейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға енгізу;
2) Мәселені шешуге мүдделі тараптардың кең ауқымын тарту, соның ішінде энергетика Министрлігін, ӘЖ иелерін, бірлестіктерді және әртүрлі заңды тұлғаларды, әуе желілерін салуды/жаңғыртуды қаржыландыратын қаржы институттары мен банктерді.
Мәселені шешудің маңызды жолы:
Қазақстан Үкіметіне бастапқы үндеу аппеляциясы және ведомствоаралық жұмыс тобын құру. Сәтті өтсе, барлық техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер Қазақстан мен көршілес елдердегі орнитологтар мен табиғатты қорғау ұйымдарының назарына ұсынылатын болады.