"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚҰС 2022–2023 ЖЖ.: ТАРАЛУЫ, САНЫ, ҚАУІП

Каптёнкина А.Г. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, Астана; «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты» РМК, Алматы, Қазақстан)
Пуликова Г.И. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, Астана, Қазақстан)
Сагалиев Н.А. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Республикалық мемлекеттік мекемесі, Астана, Қазақстан)
Карякин И.В. (Қанатты жыртқыштарды зерттеу және сақтау ресейлік желісі; «Сибэкоцентр» ЖШҚ, Новосибирск, Ресей)


Контакт:
Алёна Каптёнкина alyonakaptyonkina@gmail.com
Генриетта Пуликова genriyetta.pulikova@gmail.com
Нурум Сагалиев sagaliyevnurum76@gmail.com
Игорь Карякин ikar_research@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Каптёнкина А.Г., Пуликова Г.И., Сагалиев Н.А., Карякин И.В. Оңтүстік шығыс қазақстандағы қарақұс 2022–2023 жж.: таралуы, саны, қауіп. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. S2: 329–334. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-329-34 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35121


Қарақұс (Aquila heliaca) – Қазақстанда ұялайтын қырандардың сирек түрі және іс жүзінде еліміздің бүкіл аумағын мекендейді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы ұя салатын түрдің таралу аймағының оңтүстік-шығыс шекарасы болып табылады (Карякин, 2020). Осы жұмыс нақ сол таралу аймағын қарастырады. Қарақұс ХТҚО-да «әлсіз» (Vulnerable) түр ретінде жіктелген (BirdLife International, 2019), Қазақстанда ол Қызыл кітапқа «саны азайып келетін сирек түр» ретінде енгізілген (III категория) (Пфеффер, 2010).

Қарақұстың ғаламдық популяциясы 2016 жылдық көрсеткіш бойынша 2,5– 9,9 мың ересек құс (BirdLife International, 2019), ал ғаламдық популяциясын қазіргі бағалау 8099–9981 ұя салатын жұп, оның 3420–4260 жұбы немесе ғаламдық популяциясының 42,2–42,7% Қазақстанда ұялайды (Карякин, 2020).

XXI ғасырдың басында батыс Бетпадалада қарақұс ұя салатын сирек құстар есебінде еді, мұнда кем дегенде 20 жұп белгіленген (Карякин, Барабашин, 2006a; Карякин және б., 2008; Губин, 2018). Б.М. Губин (2018) батыс Бетпақдала бойынша мәліметті жинақтай келе, оған белгілі қарақұстың 60 тұрғын ұясы барын хабарлайды, оның 39-ы жоғары вольтты ЭЖЖ тіректерінде және 21-і сексеуілде орналасқан, құстардың ең тығыз ұя салған жері – Тайқоңыр және Степной кентіне су беретін су тартқыш аралығы.

2018 жылы Шу алқабында және Шудан Тайқоңырға дейінгі телімде аз дегенде қарақұстың 18 ұялау шебі аныталды (Карякин, Барабашин, 2006a; Карякин және б., 2008; Губин, 2018; Абдуллин және б., 2020; Андреенков және б., 2020). Қазақстанның оңтүстігінде түрдің үлкен тобы сақталып келеді. Соңғы екі жылда зерттеулер жүргізіліп, Мойынқұм құмдары жиегіндегі орман алқабында бұған дейін бұл қыран түріне бақылау жүргізілмеген қарақұс популяциясының саны қайта қаралды. Мойынқұм құмдарында саны 100-ден аса жұптан тұратын ірі ұялау тобы шоғырланған, ол осы түрдің шөлді популяциясының оңтүстік-шығыс шегін құрайды (Карякин, 2020). Зерттеудің екі мезгілінде (2022 және 2023 жж.) қарақұстың 49 ұясына сипаттама жинақтай алдық. Ұялардың көбісі 85,71% – ұсақжапырақты өрмеде (Ulmus parvifolia), 6,12% – тораңғыда (Populus sp.), 4,08% - сексеуілде (Halóxylon sp.), және бір не екі ұядан 2,04% жидеде (Elaeagnus sp.), ЭЖЖ тірегінде (n=49) табылды. Алынған деректер әдеби дереккөздерден алынған жалпылама мәліметтермен байланысады.

2022 жылғы зерттеулер (2023 жылы зерттеулер тек көктемде жүрді) зерттеліп жатқан аумақта қарақұстың кө- беюінде қанағаттанарлық жетістікті көрсетті – 40% жемісті ұя, мезгіл со ңында балапан саны 1-ден 2-ге өзгеріп тұрды, орташа есеппен 1,75±0,5 балапан жемісті ұяға (n=4) және 0,78±0,97 балапан әрекетті ұяға (n=9) келді. Барлық тексерілген ұялар бойынша жалпы кө- бею жетістігі 44,44% құрады, ал көбею нәтижелігі – 58,33% (Карякин және б., 2023). Кеміргіштер санының тоқырауына қарамастан, қарақұстар әрнешік құс түрлерімен қоректенуге жеңіл көшеді, және сүтқоректілер қатарынан басқа азық түрлерін іздейді (қояндар Lepus sp., кірпілер Erinaceus sp. және т.б.).

Талас Алатауында қарақұс ұя салмайды (Ковшарь, 1966, 2019), бірақ қоныс аударуда байқалады. (Чаликова, 2004; 2009; Колбинцев, 2007; Карякин және б., 2021). Шығысқа қарай жылжығанда Балқаш маңында түр жиілігі сирейтіні бақыланады. Бүгін қарақұс ұяларын оңтүстік Балқаш маңынан табу қарақұстың осы жерде ұя салатын түр болып қала беретінін, алайда тығыз ұя салатын топтар құрмайтынын көрсетеді (Карякин, 2020). Балқаштың шығысында және Алакөл көлінен батыс және оңтүстік-батысқа қарай жазықта қарақұс ұя салуда сирек кездеседі.

2023 жылғы елдің оңтүстік-шығысында жүргізілген зерттеулер нәтижесі қарақұстың Жетісу Алатауының солтүстік етегі мен Тарбағатайдың оңтүстік етегін қоныстамайтынын көрсетті. Тек жалғыз ғана ұя салу жайы тіркелді – «аралас жұп» аналық қарақұс пен аталық дала қыраны (Aquila nipalensis). Өкініштісі, көбеюі сәтсіздікке ұшырады. Тау етегіндегі жазықта Балқаштың оңтүстігіндегі шөлден келетін қарақұстың жеке дара жұптары ғана жасанды екпе ағаштарға және ЭЖЖ тіректеріне ұя салады, әдетте жұптар бір-бірінен 7 шақырымнан аса қашықтық сақтайды.

ХХІ ғасырда Кетмен, Күнгей Алатау және Іле Алатауының етегінде ұя салу мерзімінде ересек қарақұстар байқалған жоқ және ұялары да табылған жоқ. 2018 жылғы жағдай бойынша Алматы облысында қарақұс саны 20–40 жұпты құрады, ал Жамбыл және Түркістан облыстарында – 90–140 жұп (Карякин, 2018). Белгілі ұя салатын шептер санын есепке ала отырып, әдеби деректер мен деректер жинағы мәліметтерін ескере келе, Алматы облысында санды тым тө- мен бағалаған, ал Жамбыл және Түркістан облыстары үшін санды бағалаудың төменгі шегі кемітілген деп болжауға болады (Карякин, 2020).

Қазақстанда қарақұстың тіршілік етуіне әсер ететін бірқатар қауіп бар. Түрдің оңтүстік-шығыс популяциясына төнер басты қауіп – азық қорының жотығы. Бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында кеміргіштер санының тоқырауы бақыланады, ол барлық түріне қатысты үлкен құмтышқан (Rhombomys opimus) мен зорманнан (Spermophilus fulvus) бастап тоқалтіске (Microtus socialis) дейін (Карякин және б., 2022). Зоологтар мен жергілікті тұрғындар кеміргіштердің тоқырауын 2017 жылдан бері байқап келеді. Тағы бір қауіп – климаттық және антропогендік өзгерістерге байланысты қарақұстың мекендеу жерлерінің деградациясы. Көптеген жылдар тіпті ондаған жылдар бойы құстардың электр жеткізу желілерінде (ЭЖЖ) мерт болу қаупі сақталуда. Бұл өте өзекті мәселе, себебі қарақұстың біразы ЭЖЖ тіректерінде ұя салады, бұл ағаш екпелері жеткіліксіз жерлер, көбінесе жол бойы. Құстардың тоққа түсіп, тоқ ұрып қырылуымен қоса және бір проблема энергетикалық компания қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе ЭЖЖ жоспарлы қызмет көрсету кезінде ЭЖЖ тіректеріндегі салынған ұяларды түсіріп тастауы.

Қарақұсқа әсер ететін біршама келеңсіз факторларға қарамастан, дала қыранымен салыстырғанда оның жағдайы әлдеқайда жақсырақ, дала қыраны Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы және тау етегі аудандарында толығымен жоғалып кетті әрі жазықтағылар саны едәуір азайды. Құстардың электр жеткізу желілерінде мерт болуы және ЭЖЖ тіректерінде салынған ұяларды тастау проблемасын шешу қарақұстың ұзағырақ тіршілік етуіне ықпал етіп, оған оңтүстік-шығыс Қазақстандағы кеміргіштер санының ғаламдық тоқырауынан азырақ шығынмен аман өтуіне көмектесер еді.

Қарақұс (Aquila heliaca). И. Карякинның фотосы.

Қарақұстың балапаны сексеуілдегі ұясынд. И. Карякинның фотосы.