"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ЖАСАНДЫ ҰЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БӨЛІГІНДЕ ДАЛА ҚЫРАНЫН САҚТАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ)
Батряков Р.Р. (Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, «Науырзым қоғамдыэкологиялық ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Қараменді ауылы, Қазақстан Республикасы)
Контакт:
Ришат Батряков batryakov_naurzum@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Батряков Р.Р. Жасанды ұяларды пайдалана отырып, Қостанай облысының орталық бөлігінде дала қыранын сақтаудағы алғашқы қадамдар (Қазақстан республикасы). – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Cпецвып. 2. С. 264–265. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-264-265 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35059
Дала қыраны (Aquila nipalensis) Қостанай облысының көпшілік бөлігінде ұя салады. Ұя салатын жұптардың ең көп саны мен тығыздығы оңтүстік аудандарда шоғырланған. Ең солтүстік ұя салу нүктелері облыстың Қамысты, Әулиекөл және Науырзым аудандарының орта бөлігінде орналасқан.
2023 жылдың шілде айынан бастап «Науырзым» қоғамдық-экологиялық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп, Global Greengrants Fund шағын гранттар бағдарламасының қаржылық қолдауымен дала қыраны үшін ұя салатын платформаларды жайластыру жобасы іске асырылуда. Жобалық аумақ Науырзым ауданы және Әулиекөл ауданының және оңтүстік бөлігін қамтиды. Мұнда аймақтың биоәртүрлілігін сақтауда үлкен маңызы бар Науырзым қорығы орналасқан.
Қорықтың және оның қорғау аймағында дала қыранының 10–12 ұя салатын учаскелері, іргелес аумақтарда тағы 8–10 учаскелері бар. Жобалық аумақтағы дала қыранына төнетін қауіптердің ішінде ең үлкен проблема көбінесе үлкен аумақтарды қамтитын өрттер болып табылады. Тағы бір мәселе–кіші саршұнақтың (Spermophilus pygmaeus) эпизоотиясы негізіненазықтық базасының кезеңдік нашарлауы. Жыртқышаңдармен үй жануарларының дала қыранының ұяларының бұзуы, сондайақ құсқа қауіпті электр желілері аз кө- лемде теріс әсер етеді.
Жоба аясында қорықтың қорғау аймағында және оған іргелес аумақта 34 ұя платформасы орнатылады. Орнату орындарына құстардың белсенді ұя салатын учаскелері де, және жаңа жұп тарту мақсатында перспективалы аумақтар да кіреді.