"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ҚЫТАЙДА АУЛАНАТЫН ЖЕРЛЕРІНДЕ БҮРКІТ ПЕН ДАЛА ҚЫРАНДАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

Мамин Р. (Қытай Ғылым академиясы, Шыңжаң экология және география институты, Үрімші, Шыңжаң, Қытай)


Контакт:
MaMин maming@ms.xjb.ac.cn
Ұсынылатын дәйексөз: МаМин Р. Қытайда ауланатын жерлерінде бүркіт пен дала қырандарының өміршеңдігі. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 191–192. DOI: 10.19074/1814-8654-2023- 2-191-192 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35014


Қытайдағы жақында жүргізген зерттеулеріміз қамаудағы ауланған қырандардың түрі мен санын, далада жыртқыш қанатты құстарды аулау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды, сауданың бар-жоғын (және қандай көлемде), жабайы популяциялар мен олардың ресурстарына зиянын, осы саладағы қазіргі жағдайды, теріс факторлар, заңдар мен дәстүрлі мәдениет арасындағы қайшылықтар (мысалы, материалдық емес мәдени мұра), сондай-ақ оларды заңдастыру және тиімді басқару жолдарын қамтиды.

Қырандардың шығу тегі немесе пайда болуы әртүрлі екенін білеміз. Кейбір популяциялар Қытайда кө- бейсе, ал басқалары Қытай арқылы ұшып, қоныс аударады. Мысалы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы шекаралық Ахетси уезінде соңғы 20 жылда ауланған 412 бүркітті (Aquila chrysaetos) санадық. Ауамен кем дегенде 231 құс (56,1%) ауланған, ал ұядан 163-ке жуық балапан жасаң құс (39,6%) алынған. Айта кететіні, 16 құс қысқы аштықтан немесе тоңазытылған тағамды шамадан тыс жеуден ұша алмай қалған, екеуі өзара бір-бірімен төбелестен кейін ұсталған.

2023 жылдың тамыз айының басында бүркітшілердің қарамағандағы қырандарға жүргізілген зерттеу нәтижесі бүркіттердің үлесі 87,3%, ал дала қырандарының (Aquila nipalensis) аз екенін көрсетті. Әрине, Шыңжаңның жергілікті халқы кейде тұйғын (Accipiter gentilis), ақбас ителгі (Falco cherrug), лашын (Falco peregrinus) және шахин (Falco pelegrinoides) сияқты жыртқыш құстарды да аулайды.

Соңында біз далалық және шөлді аймақтардағы қанатты жыртқыштарға әсер ететін кейбір жағымсыз факторларды, соның ішінде электр желілеріндегі құстардың өлімі, улану, ұя салатын жерлердің де, көші-қон жолдарында да қорекпен нашар қамтамасыз етілуін талқылаймыз.