"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

БЕРД ӨЗЕНІ АЛАБЫНДА БҮРКІТТІҢ ҰЯЛАУЫ ЖАЙЛЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР, НОВОСИБИРСК ОБЛЫСЫ, РЕСЕЙ

Андреенков О.В. (Молекулалық және жасушалық биология институты СБ РҒА, Новосибирск, Ресей)


Контакт:
Олег Андреенков oleg_andreenkov@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Андреенков О.В. Берд өзені алабында бүркіттің ұялауы жайлы жаңа деректер, Новосибирск облысы, Ресей. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 132–137. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-132-137 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34921


Берд өзені аласа таулы Салайыр жотасының оңтүстік-батыс бөлігімен ағып өтеді және орта ағысында айқын таулы сипатқа ие. Новосибирск облысы (НСО) аясында Берд пен оның оң жағындағы салалар жүйесі тығыздығы 100 км -ге 5 ұя салатын жұпқа дейін болатын, ұя салатын бүркіт (Aquila chrysaetos) тобына жайлы бірегей таулы ландшафт учаскесін құрайды (Карякин, 2005). НСО-да осы ауданнан тыс жерлерде бүркіттің ұя салғаны жайындағы деректер жанама сипатқа ие. Облыстың солтүстік ауданында (Солтүстік, Кыштовский) табылған ұя туралы НСО ҚК баспасына қарасты жалғыз басылым, ондағы деректер жеке хабарлама және жарияланбаған деп берілген. Берд алқабымен салыстырғанда НСО-ның солтүстік бө- лігіндегі ұя салу жиілігі екі есе төмен деп бағаланады (КК НСО).

Осылайша, аумақ ішінде бүркіттің ең тартымды ұя салатын жері Берд алқабы болып табылады. Алайда Берд алқабындағы барлық ұялар 20 жылдан аса уақыт бұрын табылған: 1995, 2002 және 2003 жылдары (Карякин, 2005). Кейіннен бұл жерлерде бүркіттің ересек құстары бірлі-жарым шамада байқалып отырды. 2018 жылы 14 қаңтарда жайсыз күн райында (қар, боран) Искитим қаласы төңірегінде қалықтаған ересек жұп бақыланды (бақылау iNaturalist1). 2020 жылы 2 тамызда ересек құс байқалды, ол 2002 жылғы экспедицияда табылған ұялардың біріне жақын жерде өзен үстінде қалықтап ұшты. Бірақ 2017 жылы біз осы ұялау учаскесін зерттеп, оның бүкіл ірі ағаштарды жойып жіберген өрттен қалғанын анықтадық.

2021 жылы 17 шілдеде ұзындығы 40 шақырым болатын Кинтереп – Старососедово ауылдары жолында бір күн ішінде үш бүркіт кездесті. Өзен үстінде жетілмеген жабындары және бағыттаушы қауырсындарымен қалықтап ұшқан жас құсосы бақылаудан сегіз шақырым жерде, өзеннің оң жағалауындағы жартастарда қонған жерінен ұша жөнелген ересек жұп құс3байқалды. Осыған орай, екі болжамды ұя салатын орынның бары анықталды. Бір қызығы, И. Карякин (2005) берген деректерге сәйкес, 2002–2003 жылдардағы экспедициялар барысында ұялау жерлеріндегі құстарға бақылаулар ұялар табылғаннан кейін жасалды. Сол 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұяларды іздеп табу мақсатында жазғы жерлерден жас құсқа және жұпқа бақылаулар жүрді.

2021 жылы 4 қыркүйекте жаңа ұшқан жас құстың кездесетін орнына іргелес жерлерде ұя іздеу жұмысы жүргізілді. Алдымен 2002 жылғы экспедицияда табылған №1 ұя салатын шеп зерттелді (Карякин, 2005: сур. 1). Шепте ескі қарағайдың бір бөлігі жатты, шамасы, бұл 2002 жылғы маусымдық ұя салатын ағаш болды. Ұяның қалдығы табылған жоқ. Осы шептен шамамен 800 метр қашықтықта 17 шілдеде Берд өзенінің оң жағалауындағы жартастарда жас құс кездесетін орынға жақын бүркіттің қонған жері табылды, және оның аулаған азық қалдықтары да жатты (таған қауырсындары және құладынның қу сүйегі Circus sp.). Тау беткейіндегі тікенді бұта қарағанда бүркіттің жаңа түгі табылды. Сондай-ақ, шепте ересек құс кездесті және ұя табылды. Ұя Берд өзені оң жақ саласының сол жағалауында, оның сағасынан 300 м қашықтықта, беткей биіктігінің ортасында бөлек ескі қарағайлармен қиылысқан қайың басқан жерде орналасқан. Ұя бөрікбастың төменгі үштен бір бөлігінде, жылға аңғарына қарайтын бүйірлік бұтанақтарда орналасқан және ол қарама-қарсы беткейден көрінеді. 2022 ж. 20 ақпанда және 2023 ж. 13 наурызда ұялау шебін көруге келгенде жеке дара ересек құстар кездесті. Сол жерде 2023 жылдың 13 наурызында тағы бір ұя табылды. Ұялар арасындағы қашықтық 350 метр. Ұя Берд өзені оң жағалау беткейінің жоғарғы ширегінде қарағайдың бөрікбас ортасында орналасқан және қарсы жағалаудан жақсы көрінеді. 2023 жылы 11 маусымда 4 қыркүйекте табылған шепке тағы келгенде арқа жағында түлемеген түктері бар қанатталған балапан табылды.

Берд аңғарындағы бүркіттің (Aquila chrysaetos) ұясы. О. Андреенкованың фотосы.

Бүркіт (Aquila chrysaeyos). О. Андреенкованың фотосы.

2021 жылы 9 қазанда ұя іздеу жұмысы өтті, ол 17 шілде күні қос бүркіттің кездескен аймағында жүргізілді. Алдыңғы шепке ұқсас, табылған ұя Берд өзені оң жақ саласының сол (солтүстік) жағалауында, оның сағасынан шамамен 130 метр қашықтықта, қайың ағашының ортасында жалғыз ағаштар мен көлбеу қарағайлардың кішкене бөлігі қиылысқан, ескі қарағай бө- рікбасының төменгі үштен бірінде, ұя басының жер бетінен 13 метр биіктікте орналасқан. Ұя биіктігі 2021 жылы. 23 қазанда шепке келгенде лазерлік қашықтық өлшеуішпен өлшенді. Салынған ұя қабырғасының қабаты 2,5–3 метр шықты. Ұяның мөлшері мен діңнің жоғарғы бөлігі тігінен ауытқуына қарағанда, ұяның жасы кем дегенде 20 жыл болуы ықтимал. Бұдан құстар 2021 жылы қонған жерлері жаңа жер емес, 2003 жылы да қолданған жері екеніне жанама дәлел аламыз, оның ұяға қатысты өзара орналасуы 2021 жылдың 4 қыркүйегінде табылған шептегі ұяға қатысты қонымның орналасуымен сәйкес келеді. 2021 жылы.

Берд өз. аңғарындағы бүркіттің (Aquila chrysaetos) ұя салу телімі. О. Андреенкованың фотосы.

9 және 23 қазанда шепті бақылауға келгенде жеке дара ересек құстар кезікті, 2022 жылы 8 ақпанда және 2023 жылы 12 ақпанда қысқы бақылаулар кезінде де дәл солай кездесті. Алайда 2022 және 2023 жылдары осы ұялау жерінде табылған ұяда құстардың ұя салғаны жайлы еш дәлел жоқ және мұнда қосымша ұяларды іздеп табуға әрекет ету керек.

Берд өзені маңындағы ұя салатын бүркіт тобына үлкен қауіпті адамның шаруашылық әрекеті тудырады. Берд өзенінің оң саласы, Елбаш өзенінің алабында антрацит әзірлеудің көлемі үнемі өсуде, соның салдарынан Елбаш өзенінің сол жағалауындағы бұ- рынғы танымалы ұялау шептерінде бүркіт ұя салуын тоқтатқан көрінеді. Атап айтар болсақ, 2006, 2007, 2016 және 2021жылдары құстар кездескен жоқ, ұялаудың еш айғағы да жоқ. Берд өзенінің алабы бүркіттің ұялау аймағына жақын жерлерде соңғы жылдары ауылшаруашылық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Туризмнің дамуы одан да озып дамуда. НСО үшін Берд өзенінің жартастары ерекше құбылыс: әсем табиғат көрінісі, құзға шығу мүмкіншілігі, ағызулар, кростық мотоцикл, квадроцикл, джиптер және қарда жүргіш көліктерді қолдану – мұның бәрі кең ауқымды демалушылар санын қызықтырады, рекреациялық жүктемені арттырады, учаскелерде құстарды үнемі мазалайды. Адамзат лашын (Falco peregrinus) секілді құстарды алаңдатса да, осы жылдары оның саны өсіп келеді, ал бүркітпен жағдай басқаша, бақылауымызша, алдағы жылдары нашарлай түсетін сияқты. Мәселен, 2003–2021 жылдар аралығында құстар аңшылық қоным ретінде пайдаланған жартас жағалауының дәл шетінде қазір жоғары әрекетті автокөлік жолы салынған. Онда көлік демалушыларды құс қонымы үстінде орналасқан көріністі тамашалау орнына тасиды.


1 http://www.inaturalist.org/observations/70236847

2 http://www.inaturalist.org/observations/87514647

3 http://www.inaturalist.org/observations/87514974