"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

НОВОСИБИРСК ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ КЕЗІГУІ, РЕСЕЙ

Штоль Д.А. (Ресейлік құстарды қорғау одағы Новосибирск бөлімшесі, Новосибирск, Ресей)
Кашинская Ю.О. (Цитология және генетика институты СБ РҒА, Новосибирск, Ресей)


Контакт:
Дмитрий Штоль d.shtol@gmail.com
Юлия Кашинская kash_ju@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Штоль Д.А., Кашинская Ю.О. Новосибирск облысында ірі жыртқыш құстардың кезігуі, Ресей. – Қанатты жыртқыштар және оларды қорғау. 2023. Спецвып. 2. С. 126–131. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-126-131 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34919


Барлық ірі жыртқыш құстар Новосибирск облысы Қызыл кітабына енгізілген және сирек әрі қорғалатын түрлер, сондықтан да оларды құстарды сүйгіштер белгілегенде кәсіби орнитологтар қауымдастығы қызыға қарайды. Біз Новосибирск облысында бүркіт (Aquila chrysaetos, A. nipalensis, A. clanga), аққұйрықты субүркіт (Haliaeetus albicilla), балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) туралы соңғы жылдардағы бақылауларымызды жинақтап, төменде келтірдік (сур. 1).

Бүркіт (Aquila chrysaetos) ) 04.11.2019 күні Искитим ауданы Елбаши ауылы жанында және 09.01.2022 күні Новосибирск академқалашығынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жердегі саяжайлардың үстінен ұшуы бақыланды.

Дала қыраны (Aquila nipalensis) 30.04.2017 күні Қарасұқ ауданында Кротово көлі маңында, 25.07.2021 күні Тогучин ауданында Горный кентінен солтүстікке қарай 2 шақырым жерде кезікті.

Шаңқылдақ қыран (Aquila [Clanga] clanga): Здвин ауданында 07–10.05.2021, 18–21.06.2021, 29.08–04.09.2021, 10–13.05.2022, 10–15.08.2022, 05–08.09.2022, 10–13.05.2023 және 27.08–01.09.2023 аралықтарында бақылау жүргізілді.

Осы мерзім аралығында шаңқылдақ қырандар 2021 және 2022 жылдардың мамыр айында байқалған жоқ. Бір жағынан Алтын кендер ағымы және оған іргелес батпақты учаскемен және екінші жағынан ЖЖЭИ СБ РҒА Чанов ғылыми стационары ауданындағы Чулыменок өзенімен шектесетін ұзындығы 7 шақырым учаскеде 28–30.08.2023 және 1.09.2023 күндері 7 ден 12 дейін шаңқылдақ қыран байқалды. 2023 жылдың мамыр айында Чулым ауылы жолында шаңқылдақ қыранның ең көп саны белгіленді. Широкая Курья жерінде – 8 шақырымда 4 құс. Ғылыми стационар жанында 2023 жылы 31 тамызда ашық морфты шаңқылдақ қыран fulvescens кездесті. 03.09.2021 Чулым – Широкая Курья жолының маңында ЭЖЖ-де мерт болған қыран табылды. 29.05.2023 Здвинск-Чулым жолы қасында тоқ өткізетін сым жанында құсқа қауіпті ЭЖЖ тіреуінде отырған қыран кездесті. Қарасұқ ауданында қыран Кротово, Астродым көлдері жанында, Замаранка батпағында әр жылдары мамырдан қыркүйекке дейін бірнеше рет байқалды (бақылаулар 2014 жылдың күзінен бастап дүркіндүркін ЖЖЭИ СБ РҒА Қарасұқ ғылыми стационарында жүргізілді, 02.05.2021 және 02.05.2022 күндері ең ерте кезіккені, ең кеш кезіккені 25.09.2014 күні, жазда 27.06.2021 және 02.07.2021 күндері байқалды. Кротово көлі маңында 24.09.2014 ашық морфты шаңқылдақ қыран fulvescens кездесті (Карякин және б., 2014).

Сур. 1. Новосибирск облысында қырандарды бақылау.

Рассказово (04.09.2018), Кундраки (12.09.2020), Титово (22.08.2021), Кругленькое (26.08.2021), Стеклянное (27.08.2021), Карасук көлдері маңында, (Новокарасук ауылы жанында, 07.09.2021), Студеное ауылында (04.09.2022) шаңқылдақ қыран кезікті. Баған ауданында шаңқылдақ қыран Матвейчиково көлі төңірегінде (21.08.2021), кісі тұрмайтын Чулаково ауылында (28.08.2021), Осинник ауылы жанында 18.08.2022 кездесті. Барабин ауданында 01.09.2021 3 рет байқалды: Усть-Тандовка ауылы жанында, Кожевниково ауылында және Домашнее көлі маңында. Искитим ауданы Дубинский кенті қасында 19.07.2020 қыран бір рет кезікті. Новосибирск ауданындағы СНТ «Ключи-1» дүкені төбесінде 3.04.2020 күні байқалды. Новосибирск академқалашығы мен орталық Сібір ботаникалық бағы үстінен 09.04.2011, 22.09.2012 және 14.04.2013 кезікті. Біздің бақылауларымыз бойынша, Новосибирск облысында шаңқылдақ қыран бүркіттердің ең қарапайым түрі.

Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) 2008 жылдан бері Обь өзені мен Новосибирск СЭС шлюз каналы арасындағы шығанақта ұялауы байқалды (Андреенков және б., 2009). Субүркіттер Новосибирск академқалашығы аумағы, орталық Сібір ботаникалық бағы, академқалашықтан оңтүстікте және оңтүстік-шығыста Новосибирск ауданы аумағында, Новосибирск шегіндегі СЭС-тен төмен Обь өзені үстінен және Искитим ауданы аумағында жыл бойы кездесіп тұрады. 27.02.2021 ауыл маңындағы кезігуін атап өткен жөн, Сузун ауданы Шипуново ауылы СЭС бөгетінен 97 шақырым қашықтықта, қатпаған суы бар ең жақын жерде (субүркіт жануарлар қалдығымен қоректенген). Сонымен бірге, 18.10.2020 күні Верх-Коен ауылы маңында (Об суқоймасынан 28 шақырым жерде) және 11.03.2023 Искитим ауданы Михайловка ауылы төңірегінде (СЭС-тен 40 шақырым жерде) кезікті. Здвинский ауданында, Чановский стационары жанында, орман алқабындағы тағандар мекені арасында субүркіттің ұясы бар, ол стационар қызметкерлерінің айтуынша 30 жылдан астам уақыт әрекетті болған, 2022 жылдың тамызында ұя салатын ағаш құлаған.

Сур. 2. Новосибирск облысында қырандарды бақылау: бүркіт (Aquila chrysaetos), 09.01.2022 – жоғарыда, сол жақ бетте; дала қыраны (Aquila nipalensis), 25.07.2021 – жоғарыда, оң жақ бетте; шаңқылдақ қыран (Aquila [Clanga] clanga) ашық морфты (fulvescens), 31.08.2023 – төменде, сол жақ бетте; шаңқылдақ қыран қара морфты, құсқа қауіпті ЭЖЖ тірегінде, 29.08.2023 – төменде, оң жақ бетте.

11.05.2022 ұяның жанында ересек құстардың мазасыздығы байқалды. Сондай-ақ стационар қызметкерлерінің айтуынша, сол маңайда 2023 жылдың жазында тағы бір құлаған ұя болған. Және 2023 жылдың мамырында сол стационар жанында жаңа ұя (соңғы екеуі де қол жетімсіз орман шотарында) салынған. Здвинск – Чулым жолдары жанында тағы бір ұя табылды: 10.05.2021, 13.05.2022 және 11.05.2023 ұядан ересек құстың ұшуы байқалды, 21.06.2021 күні тексерген кезде субүркіт кезікпеді. 28, 29, 30.08.2023 және 01.09.2023 күндері алдында тоқтап өткен Чановский стационары жанында 4 субүркіт байқалды. Карасук ауданы Кротово көлі маңында 19.09.2016 екі субүркіт кездесті, біреуі 20.08.2021 күні Журавлинка батпағында (Рассказово ауылы жаны) белгіленді. Южный қаумалында 08.05.2023 әрекетті ұя байқалды (09.08.2010 А. Баздырев көріп, жеке хабарлады). Сол күні-ақ субүркіт Зимнее көлі маңайынан (сол ұядағы жұптың бірі болуы мүмкін) көрінді. 15.08.2023 субүркіт Карасук көлі жанынан да байқалды. Ол Баган ауданы еш кісі тұрмайтын Чулаково ауылында 31.08.2022 күні кездесті. Субүркіт Ордын ауданы Вагайцево ауылында 29.04.2017 және 17.07.2021 Новый Шарап ауылы тө- ңірегінде байқалды.

Балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) тек күзгі ұшып өтуде кездесті: 22.09.2019 Морозово ауылына жақын Коен өзені үстінен және 17.09.2022 Бурмистрово ауылынан 3 шақырымдағы Мильтюш өзені үстінен арасына 1,5 сағат салып екі рет кезікті.

Сур. 3. Аққұйрықты субүркіттің балапаны (Haliaeetus albicilla) ұясында, 19.06.2021 – сол жақ бетте, балышы тұйғын (Pandion haliaetus), 22.09.2019 – оң жақ бетте. Авторлар фотосуреттері.

Шаңқылдақ қыран (Aquila [Clanga] clanga). Д. Штольдың фотосы.

Шаңқылдақ қыран (Aquila [Clanga] clanga). Д. Штольдың фотосы.