"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

РЕМДОВ ҚОРЫҚШАСЫНДАҒЫ ІРІ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМЫН ТАЛДАУ

Пчелинцев В.Г. («ЭКОПРОЕКТ» ЖАҚ, Санкт-Петербург, Ресей)
Ивановский В.В. (П.М. Машеров атындағы ВМУ, Витебск, Беларусь)


Контакт:
Василий Пчелинцев acervapis@gmail.com
Владимир Ивановский ivanovski.46@mail.ru

Ұсынылатын дәйексөз: Пчелинцев В.Г., Ивановский В.В. Ремдов қорықшасындағы ірі жыртқыш құстар қоғамының құрылымдық ұйымын талдау. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 111– 115. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-111-115 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34913


Жыртқыш құстар популяцияларының ұя салатын бөлігінің мөлшері және қолданылатын есепке алу әдістерінің дұрыстығы мәселелері ғылыми әдебиеттерде үнемі белсенді пікірталас тудырды және туғызуда (Ивановский, Башкиров, 2002, т.б.). Бұл, әсіресе, ЕҚТА құру кезінде өзекті, мұнда, әрине, бірінші кезекте түрлердің ұя салатын аумақтарының көлемі – ірі жыртқыш құстар – «қолшатырлар» ескерілуі керек. Теориялық құрылымнан басқа, бұл мәселенің тәжірибиелікке шығу жолы бар. Мысалы, сирек кездесетін түрлердің санын көбейтуге бағытталған биотехникалық шараларды жүргізу кезінде олардың әрқайсысы үшін алқаптардың сыйымдылығын білу қажет.

Деректерді экстраполяциялау кезінде есеп пен теориялық конструкциялардың практикалық нәтижелерін алу кезінде алынған мәліметтердің толықтығы мен сапасын бағалау үшін «бақылау» шкаласының болуы қажет. Сондықтан еуропалық солтүстік-батыс Поозерьянің құрамына кіретін орманды-батпақты-көлді өңірді табу қажет болды. Бұл өңір келесі шарттарға сай болуы керек: ауданы бойынша үлкен болуы, ірі жыртқыштардың тұрақты ұя салатын кем дегенде үш аймағына сай болуы (бүркіт үшін бұл аумақ 280 км2дейін жетеді) және бұл жерде кәсіби орнитологтардың ұзақ уақыт зерттеулері болуы керек. Мұндай аумақ Ресейдің Псков облысында бар (Сейн және б., 2018).

Зерттеулер 2014–2018 жылдары Чудский және Псков көлдері арасында орналасқан Ремда түбегінде 1000 км2аумақта жүргізілді. Төрттен үш бөлігі әртүрлі түрдегі батпақтармен жабылған, ал орталық бөлігін Ремдов қорышасы алып жатқан аумақта адамдар аз қоныстанған. Қырандар популяциясының саны былайша бағаланды: бүркіт (Aquila chrysaetos) – 4, аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) – 36, балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) – 64 жұп.

ГИС бағдарламасында жыртқыш құстардың барлық мүмкін жұптарының ұялары арасындағы қашықтық өлшенді. Ремдов қорықшасындағы жыртқыш құстардың қарапайым популяциялары ғана зерттелгендіктен, мұнда әр түрлі ұя салатын кезеңдердегі жеке құстар өз түрінің кез келген ұя салатын орындары арасында қозғала алады, ең жақын ұялар арасы ғана емес, барлық ұялар арасындағы барлық мүмкін болатын түзу сызықтық қашықтықтар өлшенді.

Далалық зерттеу барысында алынған барлық қыран жұптарының ұялары арасындағы орташа қашықтық есептелді және салыстырылған түрлердің барлық жұптары үшін бірқатар параметрлер есептелді.

Өлшенген нақты қашықтық үлгілерінің бірқатар математикалық үлестірімдерге сәйкестігін тексеру үшін арнайы бағдарламалар пайдаланылды. Сынақ барлық қашықтық үлгілері биномдық үлестірімге сәйкес келетінін көрсетті.

Ұялар арасындағы нақты орташа қашықтық туралы алынған мәліметтерді Ресейдің солтүстік-батысындағы және Белоруссияның көлдер мен жоғарғы батпақтарға бай аймақтарындағы балықшы тұйғындардың, аққұйрық субүркіттердің және бүркіттердің саны туралы деректерді экстраполяциялау үшін пайдалануға болады.

Бұл зерттеуде талданған деректер жаңа ұя салатын жерлерді іздестіру және наты аймақтарда балықшы тұйғындардың, аққұйрық субүркіттердің және бүркіттердің жұптарының ұя салатын нақты санын нақтылау құралы ретінде теориялық ғана емес, тәжірибелік көрініске де ие.

Бұл механизм буферлік аймақ ретінде сыртқы диаметрі нақты орташа қашытық оған қоса орташа қателік, ал ішкі диаметрі - орташа нақты қашықтық одан минус осылардың орташа қашықтық қателігі болып табылатын «сақинаны» пайдалануды қарастырады. Яғни, балышы тұйғындардың, аққұйрық субүркіттің немесе бүркіттің кем дегенде бір мекендеу ұясының координаталарын біле отырып, картадан осы жыртқыштардың басқа жұптарының ұяларының ықтимал орындарын олардың орналасуын ескере отырып анықтауға болады.

Аққұйрық субүркіт пен балықшы тұйғын арасында трофикалық және жергілікті топикалық бәсекелестік бар екені көрсетілген. Экологиялық және статистикалық тұрғыдан алғанда, балық аулау кезінде балықшы тұйғын мен қырандар арасында бәсекелестік болуы мүмкін. Бұл түрлердің трофикалық тауашаларды салыстырмалы зерттеу олардың арасындағы қорек бәсекесінің әлсіреуіне бүркіт пен аққұйрық арасындағы белгілі бір «дүрдараз» қарым-қатынасқа қарамастан, жыртқыш түрлердің әртүрлі көлемдегі топтарын пайдалану арқылы қол жеткізілетінін көрсетеді. Аққұйрық субүркіттерінің саны Беларусь Поозерьясі көліндегі балықшы тұйғындардың популяциясының санынана әсер етпейді (Ivanovskiy, 2020).

Ресейдің Кола түбегіндегі Поной ойпатында балыққа бай су айдындарының барлығын аққұйрық субүркітпен бақыланып, олар балықшы түйғындарды олиготрофты көлдерге ығыстырып тастайды (Ганусевич, 1991).

Балықшы тұйғын – бүркіт жұбында негізгі фактор трофикалық бәсекелестердің жақындығы ғана емес, сонымен қатар жоғары трофикалық аңшылық алқаптардың жақындығы болып табылады. Оған ірі балық өсіретін шаруашылықтар мен өте өнімі мол көлдер маңында 5 жұпқа дейін өсетін балықшы тұйғындардың тығыз ұя салатын топтарының қалыптасуының жеке жағдайлары дәлел (Ивановский, 2012; Бабушкин, 2010). Әсіресе қолайлы жағдайларда бұл қашықтық 0,9–0,7 км-ге дейін қысқарады (Пчелинцев, Сейн, 2015). Бүркіт пен балықшы тұйғындардың ұя салатын және қоректенетін биотоптары бөлінген, бұл осы аумақтардың түрлерімен қатаң қорғаудың жоқтығын түсіндіреді.

Бүркіт пен қыран (ақиық) алаңы 10 км2-ден аспайтын көтерілген батпатар мен көл жүйелеріне жақын жерде ұя салмайды. Әрине, көтерілген батпақ та, көл де бүркіт пен қырандарының ұя салатын аумағының құрылымындағы «өзегі» ғана. Бүркіттің ұя салатын аумақтары (150–200 км2) қырандарға қарағанда әлдеқайда үлкен, бұл олардың көтерілген батпақтарда, эвтрофты және мезотрофты көлдерде мекендейтін негізгі олжасының көптігінің айырмашылығына байланысты (Ивановский, 2014).

Аққұйрықты субүркіт ұялары орманды аралдарда және жалдар батпақтар арасында және олардың шетінде орналасқан. Ремдовский қорықшасында балықшы тұйғынның ұяларын орналастыру суреті бірқатар ұялардың Чудское мен Псков көлі акваториясынан бірдей қашықтықта орналасқан сызықтар бойында орналасқанын көрсетеді. Бұл құстарға желдің бағытына және белгілі бір көлде толқынға байланысты аңшылық жасауға мүмкіндік береді. Осындай кө- рініс Рыбинск су қоймасы үшін де сипатталған (Babushkin, Kuznetsov 2014).

Осылайша, ұялар арасындағы орташа нақты қашықтықтар туралы алынған мәліметтерді Ресейдің солтүстік-батысындағы және Беларустің көл маңындағы аймақтарында балықшы тұйғындардың, бүркіттердің және ақұйрық субүркіттердің көптігі туралы мәліметтерді экстраполяциялау үшін пайдалануға болады. Балықшы тұйғындардың, бүркіттің немесе аққұйрық субүркіттің кем дегенде бір мекендеу ұясының координаталарын біле отырып, картадан осы қанатты жыртқыштардың басқа жұптарының ұяларының ықтимал орындарын анықтауға болады.