Қазақстан Республикасының Зоология институты

Зоология институтының миссиясы - Қазақстанның жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін зерттеу және қоғамға ғылыми білімді енгізу.
Зоология институты қызметінің негізгі бағыттары: Қазақстанның жануарлар әлемінің қазіргі жағдайы туралы жаңа білім алу, қоршаған ортаның жағдайына байланысты омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлар популяциясы динамикасының заңдылықтарын, сондай-ақ ежелгі геологиялық дәуірлердің фауналарының таксономиялық әртүрлілігін белгілеу және нәтижелерді республиканың геологиялық қызметтерінің тәжиребесіне енгізудің ғылыми негіздемесі; қазіргі және ежелгі жануарлар әлемінің эволюциясын, филогениясын, таксономиялық әртүрлілігін зерттеу және ғылыми зерттеулер базасында жүзеге асырылған жаңа тиімді әзірлемелерді енгізудің ғылыми негіздемесі; әлеуметтік-экономикалық және экологиялық маңызы бар зоологиялық проблемаларды шешу; Қазақстан Республикасында тиісті ғылыми жетістіктерді пайдалану.

Зоология институтының қызметімен толығырақ келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
Ресми сайт https://zool.kz/