"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Қымбатты әріптестер!

Қазақстан Республикасы Зоология институты атынан біз 29-дан астам елдің мамандарын Алматы қаласында өтетін «Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушыларын қарсы алуға қуаныштымыз. Қазақстанда тек жыртқыш құстарға ғана емес, атап айтқанда бір топқа жататын – қырандарға арналған тақырыптық конференция алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл құстардың осы түрінің мамандары арасында диалог алаңын құрудың өте маңызды қадамы болып саналады. Конференция шеңберінде жетекші орнитологтардың сөз сөйлеуі ғана емес, сонымен қатар әлемдегі қырандардың жай-күйіне одан әрі тиімді бақылау жүргізуге, оларды сақтау және қорғау саласындағы заңнамаларды жақсарту жө- нінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар жоспарланып жатыр. Қарақұсты сақтау бойынша IX Халықаралық кеңес (Aquila heliaca), дала қыранын қорғау бойынша III Халықаралық кеңес (Aquila nipalensis), «жыртқыш құстар және энергетика» II Халықаралық семинары өткізілетін болады, ал арнайы сессияларда баяндамашылар түрлердің таралуын үлгілеу туралы әңгімелейді.

Бұл конференция Қазақстанның жас мамандарының өсуіне, жаңа халықаралық ғылыми байланыстардың пайда болуына және конференция нә- тижесінде ірі жыртқыш құстардың санын сақтау және қалпына келтіру аспектісінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына негіз бола алатын шешімдер қабылдауға түрткі болады деп үміттенеміз.

«Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау» атты конференциясының тезистер жинағы қырандарды зерттеудің озық әлемдік тенденцияларын, негізі қауіптерді және оларды жеңілдетудің мүмкін жолдарын түсінуге негіз болады.

Р.В. Ященко,
Қазақстан Республикасы
Зоология институтының бас директоры
б. ғ. д.

Қарақұс (Aquila heliaca) ұяда. 09.07.2023 ж. Татарстан, Ресей. Р. Бекмансуровтың фотосы.