Жаңа жылға дуадақпен бірге: BRCC қабырға күнтізбелері

фото на обложке: Хранитель дрофы Бакытжан Кырыбай проводит открытый урок в Специализированном ІТ лицее-интернате N1 для одарённых детей в городе Шымкент, ноябрь 2023 г.

Қазақстанның сирек кездесетін құсы – дуадақ (Otis tarda) – бізді қабырға күнтізбесін шығаруға шабыттандырды. Жаңа жылда біз Германияның табиғатты қорғау одағымен (NABU) бірлесіп шығарған дуадағы бар күнтізбелер Түркістан облысындағы мектептерде көрнекі құрал ретінде пайдаланылмақ. Оларды біздің топ қазан, қараша, желтоқсан айларында дәріс өткізген төрт мектеп алды (үшеуі Бәйдібек ауданында, біреуі Шымкент қаласында).

Скачать календарь в .pdf для самостоятельной распечатки:
на казахском или на русском.

Лекция о дрофе в школе села Боралдай (Байдибекский район, Туркестанская область), октябрь 2023 г.

Түркістан облысының аумағында біздің елімізде дуадақтың ең маңызды-бағалы мекен ету орындары бар. Осыған қарамастан, облыс тұрғындары оны сирек кездестіреді. Сарапшылардың есептеуінше, Орталық Азияда бұл түрдің 1000-нан аспайтын бастары ғана қалған. Ол тек Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп қоймай – Халықаралық табиғатты қорғау одағының, Халықаралық Қызыл кітап деп те аталатын Қызыл тізіміне сәйкес, дуадақ дүние жүзінде жойылып бара жатқан түр болып табылады.

Хранитель дрофы Малик Нукусбеков рассказывает местному жителю об угрозах существованию дрофы. Байдибекский район в Туркестанской области — ценное местообитание дрофы на юге Казахстана. Октябрь 2023 г.

Біздің елімізде дуадақтың тіршілік етуіне төнетін негізгі қауіптер – жұмыртқалар мен балапандарды ауылшаруашылық техникалары мен бос жүрген иттердің жоюы, браконьерлік және электр беру желідерінің сымдарымен соқтығысу. Біз жергілікті халықпен және энергетиктермен осы қауіп-қатерлерді азайту және дуадақтың көбею жағдайларын жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Сотрудники BRCC и NABU у чабанов Байдибекского района (Туркестанская область, юг Казахстана), октябрь 2023 г.

Түркістан облысының білім беру және табиғатты қорғау ұйымдары арасында күнтізбелер тегін таратылады.

Встреча в Боралдайском филиале Сырдарья-Туркестанского государственного регионального природного парка, октябрь 2023 г.

Бұл жұмыс Биоалуантүрліліктің негізгі аумақтарын сақтау жөніндегі серіктестік қорының (CEPF) қолдауымен жүзеге асырылатын, «Өзбекстандағы және Қазақстандағы дуадақтарды трансшекаралық сақтау» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Біз бұл жобаны NABU және Өзбекстанның құстарды қорғау қоғамымен бірлесіп жүзеге асырудамыз.

Малик Нукусбеков (BRCC) и Штефан Михель (NABU) размещают календарь в местном продуктовом магазине (Байдибекский район, Туркестанская область), октябрь 2023 г.

Leave a Comment