"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ БҮРКІТТЕРІ: ҚАУІП ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЫҚТИМАЛ ӘСЕРІНЕ ФЕДЕРАЛДЫ ЖАУАПТАР

Шаффер Дж.А. (АҚШ геологиялық қызметі, Солтүстік көгал жер жабайы табиғатын зерттеу орталығы, Джеймстаун, Солтүстік Дакота, АҚШ)


Контакт:
Джил Шаффер jshaffer@usgs.gov
Ұсынылатын дәйексөз: Шаффер Дж.А. Америка Құрама Штаттары бүркіттері: қауіп және жаңартылған энергияны дамытудың ықтимал әсеріне федералды жауаптар. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 425–427. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-425-427 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35188


Бүркіттер (Aquila chrysaetos) Голарктикада таралған. A. ch. сanadensis түршесі Солтүстік Америкада мекендейді, онда ол әлемдегі басқа да қыран түрлері секілді, антропогендік қауіптерге кезігеді, соның ішінде электр жеткізу жүйесінде тоққа түсіп қырылу, атып алу, көлік құралына соқтығысу, сондай-ақ қорғасын және родентицидтермен (кеміргіштерге қарсы қолданылатын улар) улану. Жаңалау қауіптің бірі – жел турбиналары қалақшаларымен қақтығысып мерт болу. 100-ші меридианнан батысқа қарай орналасқан және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) шегінде осы түрдің жыл бойы таралу аймағының көп бөлігін алатын 11 штатта 600 аса дарасы көлік құралына, пойызға соқтығысудан, жел турбиналары қалақшаларымен қақтығысудан және электр жеткізу жүйесінде тоққа түсуден мерт болады. Федералды заңдар, саясат және басшылыққа алынатын қағидаттар бүркітті турбиналардағы өсіңкі опат қаупінен қорғауға бағытталған. Баяндамада екі федералды заң қарастырылады – «Жыл құстары туралы заң» және «Ақбас субүркітті және бүркітті қорғау туралы заң». Жеке қырандар, олардың бөлігін, ұя немесе жұмыртқаларын «take (ұстап алу)» терминінің анықтамалары «ізіне түсу, ату, жаралау, уландыру, өлтіру, басып алу, аулау, жинау, мазалау» талқыланатын болады.

АҚШ Ішкі істер министрлігі және АҚШ Балықшылық және жабайы табиғат агенттігі бүркіттерді «ұстап алудан» қорғауға және осындай «ұстап алуға» төменгі шектік мәнді белгілеуге басшылыққа алынатын қағидаттар мен ережелерді шығарады. Басшылыққа алынатын қағидаттар мен саясат, әсіресе желдік энергетиканы дамытуға маңыздылары ішіне келесілер кіреді: «Жерүсті желдік энергетикасы нұсқаулығы», «Қырандарды сақтау жоспары» және «Салдарды жеңілдету саясаты». Баяндамада қағидаттар мен саясаттың әрбіріне тоқталып, түсініктеме беріледі. Салдарды жеңілдету федералды саясатында «болдырмау – азайту – жеңілдету» секілді жалпыланған үш деңгейлі стратегия бар. Баяндамада осы стратегияның әр деңгейін сипаттайтын тәжірибе, соның ішінде зиян келтіруге ең қауіпті деп саналатын нысандардан аулақ болу, турбина жұмысын тоқтату сынды әрекеттерден болатын залалды азайту және салдарды жеңілдетуге беттелген қаржылық өтемақы арқылы шарасыз опатты жұмсарту сияқты тә- жірибелер қарастырылады. Қазіргі уақытта АҚШ-тың балық және аңшылық қызметі рұқсат еткен жалғыз жеңілдететін өтем тәжірибесі электр тіректерін жаңарту. Осылайша, ақбас субүркіт пен бүркіттің электр тоғына соқтығысуын болдырмау үшін қосымша қаражат жинау бағдарламасы талқыланады, ол бүркіттің электр тоғына соғысу қаупі жоғары деп саналатын электр жеткізу тіректерін жаңартуды қарастырады. Болашақта рұқсат беру кезінде қарастыруға тұрарлық басқа да жеңілдететін нұсқалар сипатталатын болады.

Бүркіт (Aquila chrysaetos) жел турбинасы тірегінің аясында. П. Колардың фотосы, АҚШ геологиялық қызметі.

Бүркіт (Aquila chrysaetos) жел турбинасы аясында. Р. Льюистің фотосы.

Бүркіт (Aquila chrysaetos). Р. Льюистің фотосы.