"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ, ЖАПОНИЯ, ТАЙВАН, ҮНДІСТАН ЖӘНЕ АВСТРАЛИЯ ЕЛДЕРІНДЕ ҚАРА КЕЗҚҰЙРЫҚ (MILVUS MIGRANS) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТУЫСТЫҒЫ: M. M. FORMOSANUS ТҮРШЕСІ БАР МА?
Андреенков О.В. (Молекулалық және жасушалық биология институты СБ РҒА, Новосибирск, Ресей)
Хун Ш.-Ю. (Жабайы табиғатты қорғау институты, Ветеринарлық медицина колледжі, Пиндун ұлттық ғылым және технология университеті; Тайван жыртқыш құстарды зерттеу тобы, Тайван)
Линь Х.-Ш. (Жабайы табиғатты қорғау институты, Ветеринарлық медицина колледжі, Пиндун ұлттық ғылым және технология университеті; Тайван жыртқыш құстарды зерттеу тобы; Жоғары биоресурс институты Пиндун ұлттық ғылым және технология университеті, Тайван)
Карякин И.В. (Ресейлік қанатты жыртқыштарды зерттеу және қорғау желісі; «Сібір экологиялық орталығы» ЖШҚ)
Ивами Я. (Ямашина орнитология институты, Абико, Жапония)
Кириллин Р.А. (Криолитозонаның биологиялық проблемалары институты РҒА СБ, Якутск, Ресей)
Литерак И. (Брно ветеринария ғылымдары университеті, Ветеринариялық гигиена және экология факультеті, Чехия)
Контакт:
Наталья Андреенкова anata@mcb.nsc.ru
Шиао-Ю Хун laughrain@gmail.com
Хуэй-Шань Линь blackkite@gmail.com
Игорь Карякин ikar_research@mail.ru
Ясуко Ивами iwami@yamashina.or.jp
Руслан Кириллин ruslan.kirillin@gmail.com
Иван Литерак LiterakI@VFU.cz
Ұсынылатын дәйексөз: Андреенкова Н.Г., Хун Ш.-Ю., Линь Х.-Ш., Карякин И.В., Ивами Я., Кириллин Р.А., Литерак И. Оңтүстік-шығыс Азия, Жапония, Тайван, Үндістан және Австралия елдерінде қара кезқұйрық (Milvus migrans) популяциясының генетикалық туыстығы: M. m. formosanus бар ма? – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 335–339. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-335-339 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35126
Қара кезқұйрықтың (Milvus migrans) таралу аймағы Еуразия, Африка және Австралияның ауқымды көлемін алып жатыр. Бұл қанатты жыртқыш өзінің экологиялық икемділігімен, түрлі биотоптарды қоныстап, адам жанында тіршілік етуді пайдаға асыруда.
Түрлі деректерге сәйкес қара кезқұйрықтың бестен жетіге дейін түршелері бар. Палеарктикада екі түршесі: батыс бөлігін еуропалық қара кезқұйрық (M. m. migrans), шығыс бөлігін қара құлақты кезқұйрық (M. m. lineatus) мекендейді. Соңғысы M. m. lineatus Жапония аралдарын да қоныстайды, алайда бұл популяция материктіктен едәуір оқшауланған, сол себепті генетикалық жағынан ерекшеленуі мүмкін. Бұл құстардың көшіп-қону бағдары Жапония аралдары шегінде ғана, ал шығыс Палеарктикадағы бүкіл материктік кезқұйрық солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай ұзақ жолды миграция жасайды. Үндістан және Үндіқытай аумағын үндімалай түршесі (M. m. govinda), ал Австралия және оған іргелес аралдарды (M. m. affinis) түршесі мекен етеді. Сонымен қатар, ХХ ғасыр басында материктік Қытайдың шығыс жақ бөлігінде, Тайван және Хайнан аралдарында ұсақ пішінді M. m. lineatus түршеге ұқсас М. m. formosanus түршесі сипатталды. Сол кезден бері бұл түрше нақты зерттелмегенімен, ресми түрде барлық таксономиялық тізімдерге енгізілді. Қара кезқұйрықтың M. m. lineatus популяциясы сипатталғаннан бері, басқа көптеген құстар секілді, осы аумақ ауыл шаруашылығында пестицидтердің қарқынды қолданылуы әсерінен күрт азайды. Қазіргі таңда Қара кезқұйрық М. m. formosanus популяциясы сипатталғаннан бері, басқа көптеген құстар секілді, осы аумақ ауыл шаруашылығында пестицидтердің қарқынды қолданылуы әсерінен күрт азайды. Қазіргі таңда Қара кезқұйрық М. m. formosanus түршесінің өзара генетикалық тарам ретінде болуын растайтын еш мәлімет жоқ.
Алдында қара кезқұйрықтың Еуропа, Солтүстік Азия және Үндістан аумағындағы түршелерінде генетикалық өзгешеліктер болатынына тоқталдық және В (CytB) цитохромы митохондриялық геннің өзіндік гаплотоптары бар екендігін білдік. Алайда бұл геннің жеткіліксіз түрленгіштігінен Үндістан және Австралия популяциялары арасындағы ерекшелікті байқау мүмкін болмады. Шығыс түршелерін жете зерттеу мақсатымен, біз қара кезқұйрықтың солтүстік-шығыс Азия, Үндістан, Тайван, Жапония және Австралия популяцияларының CytB және ND2 гендерін талдап жіктедік. Жапония қара кезқұйрықтарында азиялық M. m. lineatus түршесінің басты екі гаплотобының бірі ғана бар екені анықталды, бұл жақын арада материктен бөлектенгенінің айғағы. Үндістан және Австралия популяцияларында митохондриялық белгілері бойынша айырмашылығы болғанмен, генетикалық тұрғыда өте ұқсас екені айқын болды. Соған қарағанда, олардың ортақ ата-бабасы шамамен 100 мың жыл бұрын соңғы мұз басу кезінде тіршілік еткен.
Ұя салатын Тайван кезқұйрықтарын зерттей келе, оның M. m. lineatus митохондриялық гаплотобы мен басқа популяцияларда бұрын кезікпеген жаңа гаплотоп иесі екені анықталды. Соған қарағанда, жақында аралда материктен едәуір оқшауланған қара кезқұйрықтың генетикалық тарамы өздігінше тіршілік еткен болар. Жергілікті популяция санының құлдырауы, оған қоса M. m. lineatus түршесінің қарқынды қоныстануы қазір Тайван өңірінде екі түр тегінің де тіршілік етуіне әкеп соқты. Сонымен бірге, 1970 жылдары кезқұйрық санының күрт төмендеуі Тайван аралының оңтүстігі мен солтүстігінде генетикалық тұрғыда оның екі бөлек популяциясының құрылуын туғызды. Бұл екі популяцияның бір-бірінен біршама аз қашықтықта орналасып, сондай оқшау болуы таң қалдырады және зерттеуді жалғастыруды қажет етеді.
Зерттеу № 23-24-00185 жобасы РҒҚ гранты есебінен жүргізілді.