"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ҚАЗАҚСТАНДА ДАЛА ҚЫРАНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Пуликова Г.И. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, Астана, Қазақстан)
Каптёнкина А.Г. («Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ, Астана; «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты» РМК, Алматы, Қазақстан)
Смелянский И.Э. («Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» РҚБ), Астана, Қазақстан; «Сибэкоцентр» ЖШҚ, Новосибирск, Ресей)
Зиневич Л.С. (ФМБМ «БҒЗИ Экология», Мәскеу, Ресей)
Николенко Э.Г., Карякин И.В. (Қанатты жыртқыштарды зерттеу және сақтау ресейлік желісі; «Сибэкоцентр» ЖШҚ, Новосибирск, Ресей)
Контакт:
Генриетта Пуликова genriyetta.pulikova@gmail.com
Алёна Каптёнкина alyonakaptyonkina@gmail.com
Илья Смелянский oppia@yandex.ru
Людмила Зиневич lzinevich@gmail.com
Эльвира Николенко elviranikolenko@gmail.com
Игорь Карякин ikar_research@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Пуликова Г.И., Каптёнкина А.Г., Смелянский И.Э., Зиневич Л.С., Николенко Э.Г., Карякин И.В. Қазақстанда дала қыранының қазіргі жағдайы. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 247–252. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-247-252 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35051
Дала қыран (Aquila nipalensis) Қазақстанды сипаттау мүмкін емес. 2018 жылы жүргізілген соңғы бағалауға қатысты, елімізде 20950–31570 жұп ұялады (ғаламдық популяцияның 68,5– 82,2%). Қазақстандық популяциясының саны кем дегенде 1990-шы жылдардан бастап тұрақты түрде қысқарып келеді (Карякин 2018). Қазіргі таңда дала қыранының қазақстандық таралу аймағында жайсыз үрдіс байқалады, бірақ тұрақты және географиялық репрезентативті бақылаудың болмауынан санның қысқару қарқынын дұрыс бағалау мүмкіндігі жоқ.
Қазақстанда ұя салатын дала қырандары үш ұя салатын топтасулары: батыс, орталық және шығыс арасында біркелкі таралмаған.
Ең ірісі – батыс – түрдің популяциялық өзегі. 2006 жылы онда 12273–29566 жұп дала қыраны болды, орташа есеппен 20658 жұп (Карякин, Новикова 2006). Қазіргі уақытта бағалау 10–25 мыңды құрайды, орташа есеппен 17,2 мың жұп (-16,7%), алайда Жайық асты үстірті мен Оңтүстік Мұғалжарда, ЕділЖайық өзенаралығындағы бірнеше ұя салатын топтың жағдайы белгісіз, соңғы 10 жылда ол жақта бақылау жүріп жатқан жоқ, сондықтан бұл бағалау да түрдің нақты санынан жоғары болуы ықтимал.
Ақтөбе облысында қолайсыз үрдіс орын алды. Әрекетті ұялардың үлесі (белсенді және қордағы) біртіндеп азая бастады: 2010 жылы 81%, 2012 жылы 68%, 2015 жылы 57%, 201 жылы 41,5%. 2017 жылы жойылған ұялар үлесі (бұзылған және өртенген) жоғары пайызда болды – 14%, алайда ертерек өткізген зерттеулерде ол 1,6% дан 6% дейін құбылмалы болды. 2017 жылы жемісті ұяға 1,58±0,61 балапаннан келді (біздің деректер).
2018–2023 жылдары Ақтөбе облысында басқа авторлар да бақылау жүргізді. (Брагин, қаз. жинақ). Әрекетті ұя үрдісі 2018 жылы 35,94%, 2019 жылы 14,67%, 2021 жылы 21,43%, 2022 жылы 15,74%, 2023 жылы 21,26% құрады. Авторлар дала қыраны санының біртіндеп төмендеу беталысы байқалатынын айтты. Балапандардың ең көп мөлшері 2019 жылы байқалды (жемісті ұяға 2,1±0,23 балапанннан), ең азы 2021жылы (жемісті ұяға 1,7±0,16 балапанннан келді).
Үстірттің солтүстік шыңында (Доңызтау шыңы, Желтау қыраты және Шөлқара қырқасы) 2018–2019 жылдары дала қыранының 14 ұялау шебі орны анықталды (оның 6 тұрғылықты, 3 сәтсіз көбеюге ұшыраған) (Смелянский және б., 2020). Жемісті ұяларда 1–2 балапаннан келді. Нақты ұя салу тығыздығы (1,3 жұп/100 км2) шамадан едәуір төмен болды.
Доңызтаудың ақтөбелік бөлігінде 2022 жылы тексерілген 13 ұялау шептің біреуінде ғана ұя табылды, 12 шеп (92%) тұрғын емес болып шықты. Қырандар 11 шепте байқалды (85%) (Смелянский және б., қаз. жинақта).
За последние 10 лет резко сократилась численность степных орлов, гнездящихся на деревьях и ЛЭП вдоль трассы Актобе – Уральск.
2022 жылы Жайық өзенінен батысқа ағынсыз Ащыөзек өзені алабында бақылау басталды. (Смелянский және б., қаз. жинақта). 36% әрекетті ұя ғана белгіленді. Орташа балапан саны – 1,69±0,79 (n=16). 2023 ж. әрекетті ұя 31% көрсетті, оның ішінде 22% сәтті көбейді.
Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) 2007 жылдан 2017 жылға дейін түрдің саны 27,08 % төмендеді. 2017 жылы өңірде 4794-ден 5814-ге ұя салатын жұп, орташа есеппен 5275 жұп саналды (Карякин және б. 2017). 2018 жылы бақылау нәтижесі бір жыл ішінде санның 222 ден 548 дараға дейін екпіндей төмендеуін растады (Карякин және б. 2019).
2006 жылы шығыстағы Қалба таулы өлкесі келесідей бағаланды: 1200 ұя салатын жұп, балапан мөлшері 2±0,53 (n=8) (Смелянский және б., 2006). 2009 жылы Солтүстік Балқаш маңында түрдің саны 460 жұп деп есептелді. Балапан мөлшері 1,9±0,5 (n=15) болды (Барашкова және б., 2009). 2012–2013 жылдары зерттеушілер 2±0,9 (n=7) жұмыртқа/балапанды көрсетті (Барашкова, Смелянский 2014). 2020 жылы бүкіл Шығыс Қазақстан облысында дала қыраны саны 1110-ден 2368 жұпқа дейін, орташа 1617 жұпты құрады. Балапан саны – жемісті ұяға 1 балапаннан келді (n=11). 2020 жылғы зерттеулерге қатысты, Қазақстандағы түрдің таралу аймағы популяциясының өнімділігі ең төмен көрсеткішті берді (Пуликова және б., 2021).
2023 жылы да осы үрдіс сақталды. Жетісу Алатауының солтүстік тау етегінде біз тек 2 әрекетті ұяны байқадық. Солтүстікке қарай бет алғанда, әрекетті ұялар Балқаш-Алакөл ойысын кесіп өткеннен кейін байқала бастады, бірақ өнімділік деңгейі өте төмен. Солтүстікке қарай Қалба таулы өлкесінде бұл көріністе біршама тұрақтылық бақыланды.
Қазір дала қыраны ұя салатын аймағынан шалғай телім, әсіресе шөлді және шөлейтті жерлер шығарылды, соның салдарынан аймақтың тарылғаны байқалады. Осыны ескере отырып, 2023 жылғы жағдай бойынша саны 16750–28070 ұя салатын жұпқа бағаланды (2018 жылдан кейінгі шығын кем дегенде шамамен 3850 жұп).
Қазақстанда дала қыранына бірқатар өзекті қатер бар:
- мекен ортасының жойылуы және деградациясы;
- ЭЖЖ тоқтан зақымдануы;
- азық қорымен қамтамасыз етілудің азаюы;
- мақсатты және байқаусызда улануы;
- аңшылардың әдейі атуы және аулауы.
Жел және (аз дәрежеде) күн энергиясын өндіретін объектілер өсе түскен ытимал қауіп төндіреді.
Жем-шөп қорының қолжетімділігі және/немесе мөлшерінің кемуі бүгінгі күні түр санының азаюына тікелей әсер етеді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кеміргіштер санының созылмалы тоқырауы көрініс алады, ол барлық түрге қатысты – үлкен құмтышқан (Rhombomys opimus) мен зорманнан (Spermophilus fulvus) бастап тоқалтіске (Microtus socialis) дейін (Карякин және б., 2022). Солтүстікте, мысалы Қалба таулы өлкесінде дала қыранының азық қоры қызылұрт саршұнақ және ұзынқұйрық саршұнақтан (Spermophilus erythrogenys, S. undulatus), алтай момақанынан (Myospalax myospalax), дала және алтай шақылдағынан (Ochotona pusilla, O. alpina) тұрады (Смелянский және б., 2006). Мұнда кеміргіштер популяциясында анағұрлым апатты тоқырау жоқ, бұл дала қыранына тұрақты жергілікті ұя салатын тобын сақтауға ыпал етеді.
Қазақстан аумағында ұя салудан бөлек жазғы көшіп қону кезінде жыныс мүшелері жетілмеген даралардың көп мөлшері қоныс аударады (Карякин және б., 2019b). Көшпелі құстар негізінен азық қорға бай аудандарда, әсіресе Орталық және Батыс Қазақстанда қоныстағанды жөн көреді, бұл телеметрия деректері бойынша бақыланды. Сондай-ақ Ресей, Батыс Моңғолия және Солтүстік-Батыс Қытай дала қырандары Қазақстан арқылы ұшады. Мысалы, қоныс аударғанда тек бір Қаратау арқылы 15536 (13584–17942) дара (Карякин және б., 2021), ал жалпы түрдің бүкіл ғаламдық популяциясының 90% Қазақстан арқылы ұша алады.
Дала қыранын сақтауда Қазақстанның алатын орны аса зор және табиғатты қорғау ұйымдарына осы бағытта қолданатын шараларды күшейту қажет. Төнер қауіп тізімі артып келетіні тағы бар.