"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ХАНГАЛАСТАРДЫҢ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚЫРАНҒА ТАБЫНУ

Исаев А.П. (Криолитозонаның биологиялық проблемалары институты РҒА СБ, Якутск қ., Ресей)
Федотов П.С. (Октем ОБМ, Хангалас ауданы, Якутия, Ресей)
Ноговицын П.Р. (Ойский ОБМ, Хангалас ауданы, Якутия, Ресей)
Ноговицын В.П. («Ленск бағаналары» ұлттық паркі, Хангалас ауданы, Якутия, Ресей)
Габышев В.Ю. (Криолитозонаның биологиялық проблемалары институты РҒА СБ, Якутск қ., Ресей)


Контакт:
Аркадий Исаев isaev_ark@rambler.ru
Петр Федотов psfed52@rambler.ru
Прокопий Ноговицын prokopi1955@gmail.com
Виктор Ноговицын nvp11_52@mail.ru
Виктор Габышев gabvich@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Исаев А.П., Федотов П.С., Ноговицын П.Р., Ноговицын В.П., Габышев В.Ю. Хангаластардың мифологиясындағы қыранға табыну. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 211–215. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-211-215 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/35031


Якуттардың (саха) нанымындағы қыранға табыну 20-шы ғасырдың басында В.М. Ионов (1913) және Л.Я. Штенбергтің (1925) мақалаларында жете сипатталған. Соңғы жылдары якуттардың мәдениетіндегі қыран кейпінің симантикасын У.П. Суздалова (2020), саха және буряттардың мифологиялық ұғымындағы осы жыртқыш құстың мәнін В.В. Ушницкий (2021) меңзеді. Бұдан бөлек якуттар мифологиясымен ұштасқан бірқатар жазбаларда саханың қыранға табынуы жайлы мәлімет бар (Кулаковский, 1923; Алексеев, 1984; Гоголев, 2002 ж б.).

Саха халқының әр руы қайсыбір жануарды өзінің қасиетті жебеушісі ретінде таныды. Құстардан бұл қатарға ең алдымен қыран, сұңқар, қаршыға, жапалақ, балықшы тұйғын секілді жыртқыш құстар кірді. Якуттардың бүкіл тотемдік жануарлар ішінде қыранға табынуы ерекше өріс берді. Осылайша якут мифологиясында бұл құс жаратушымен байланысқа түсіретін немесе өзі құдіретті, перілер тобына жататын Жоғарғы әлемнің өкілі болды (Штернберг, 1925; Алексеев, 1969; Уткин, 1994; Гоголев, 2002; Ушницкий, 2021). Якуттардың бас перісі – Юрюнг айыы тойон – аппақ жарқын әмірші. Ол адам ісіне араласпайды. «Оның қаруы – күннің күркіреуі мен найзағай, оның құсы – аяқ астында қалғыған қыран, ал белгісі – күн» (Серошевский, 1896). Кейбір ұғымдарға сәйкес, бұл жыртқыш Хомпоруун хотойдың аспан құдайы болып саналады, ол Жоғарғы әлемді мекен ететін ұлы әмірші немесе қаһарлы жын Қыр мұрынды Хотой Айыы есімді Улуу тойонның үлкен ұлы. Онымен қоса, қыранның әулиелі кейпі мынадай ұғымдармен байланысты: 1) бұл жыртқыш күнмен ғана емес, жыл мезгілінің циклді ауысуымен қатысы бар сәулелік символ; 2) қыран якут бақсыларының ата-бабасы және жебеушісі; 3) елге от берген құс (Ионов, 1913; Кулаковский, 1923; Уткин, 1994; Суздалова, 2020).

Якуттардың қыранға деген ерекше көзқарасының үлгісі В.В. Яковлевтің «Со мною состарившаяся лиственница» (Менімен бірге қартайған балқарағай) әңгімесі негізінде 2018 жылы түсірілген Э.А. Новиковтің «Царь птица» (Құс патша) деген көркем фильмінде суреттеледі. Бұл фильм 2019 жылы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде басты жүлдеге ие болды. Онда 1930-шы жылдары Якутия елінің түбіндегі шал мен кемпірдің тіршілігі сомдалады. Қыс айларының басында олардың қорасына қыран ұшып келеді де, кетпей қояды. Қарттар аш құсқа азық беріп, бұл жоғары құдіреттің жіберген қарғысы ма деп, бақсыны шақырады. Рәсім барысында қарт кісіге бұрын қыранның ұясын бұзғаны есіне түседі, сөйтіп олар құстың пайда болуын Хотой Айыының жазасы ретінде қабылдайды. Кейіннен күн қатты суи бастап, қыран қарттардың күркесіне кіріп, бір бұрышты қоныстайды. Уақыт өте келе, үй иелері көрші қыранға үйреніп, оны туғанындай қадірлейді, бақи болған ұлының орнына келді деп сенеді. Қыс біте, қыран ұшып кетер алдында қарттарға ризалығын білдіріп, түлкіні ұстап әкеледі. Жалпы, фильмде Саха халқының қыранға тағзым етуі, оны қаһарлы құдірет ұлы Xотой айыыдай көруі, оның ренжіткен адамды және қайтыс болған адамның жаны ұшып, қыранға айналады деген түсінікке тіл тигізгенді жазалай алатыны бейнеленген.

Хангалас ұлысы СР (Я) тұрғындары үшін қыран киелі құс болып саналады. Аңыз бойынша ол құс қан майданда ауыр жарақат алған ру бастаушысының аман қалуына көмектескен. Ол адам өлім аузында жатқан кезде, төбесінен ұшып өткен қаздардың бірін қыран, қайдан тап болғаны белгісіз, бір соққымен алып, сол жаралыға әкеп береді, ол қаздың етін жеп, күш жинап, аман қалады. Кейін хангаластардың ру басы атанады (Кулаковский, 1923). Қыранды тотемдік құс ретінде таңдап алудың тағы бір түсініктемесі хангаластар өздерін «Тойон уус» деп атайды, оның сөзбе-сөз аудармасы «Ру әміршісі», және қыранмен теңдестіретін «жануарлар әміршісі» – «Тойон кыыл» құдіретіне сыйынады (Ноговицын, 2008). Осылайша жыртқыш құс ру әміршісі әрі тектік тотем атанады. Айта кететін жайт, хангаластардан басқа, қыран бүкіл дерлік Якутияда таралған хориндіктердің кейбір руларының, Верхневиль ботулу және Оленек чорду ұлыстары руларының тотемі (Алексеев, 1969).

Хангалас ауданы тұрғындарының дүниетанымында қыран бейнесі жасы сақталып, тарихтың қазіргі кезеңінде де өз көрінісін тапты. Біріншіден, ұлыс елтаңбасындағы геральдика – Аал-Луук мас тіршілік ағашы басына қонған қанатын жайған алтын қыран. Ауданның (Покровск қ.) әкімшілік орталығында өткен көлемді іс-шарада хангаластардың тотемдік құсы «Ысыаха Олонхо – 2014» танымбелгісін әшекейлеп тұрды. Оған қоса, көптеген кә- десыйлар, киім және басқаларда осы киелі құс бейнеленген. 2014 жылы Куллаты Хангалас ұлысы жерінде қоладан жасалған қыран мүсіні қойылғанын айта кету керек, және соңғы жылдары якут халқы осы ескерткіш алдына тотап, Хотой Айыының өзінен бата тілеуі дәстүрге айналды.

Хангалас ауданы әкімшілігі және өлкетанушыларының бастауымен соңғы онжылдықта бүркіттің ұясын іздеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ұлыс аумағында бүркіттің 15 ұясы табылды, оның 7-ін құстар ұялаған. Осы жұмыстар нәтижесінде «Малтааны» қорығының экологиялық-биологиялық негіздемесі жобасы дайындалды, шын мәнінде, ол бүркіттің бүкіл орталық якут популяциясының көбею аймағы болып табылады.

Бүркіт (Aquila chrysaeyos), 17.07.2011. П. Федотовның фотосы.

Бүркіт (Aquila chrysaeyos). И. Карякинның фотосы.