"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ SMART-ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ІРІ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ, ҚАЗАҚСТАН

Тимошенко А.Ю., Путилин А.В., Салемгареев Р.Р., Тимошенко Г.Ю., Батырханулы К. (Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы, Астана, Қазақстан Республикасы)


Контакт:
Алексей Тимошенко alexey_timoshenko@acbk.kz
Александр Путилин aleksandr.putilin@acbk.kz
Радик Салемгареев rad_1984@mail.ru
Георгий Тимошенко zhora.timoshenko88@gmail.com
Канат Батырханулы bat_kana@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Тимошенко А.Ю., Путилин А.В., Салемгареев Р.Р., Тимошенко Г.Ю., Батырханулы К. Қостанай облысының оңтүстігінде SMART-жүйені қолдана отырып ірі жыртқыш құстардың мониторингі, Қазақстан. – Қанатты жыртқыштар және оларды қорғау. 2023. Спецвып. 2. С. 165–167. DOI: 10.19074/1814- 8654-2023-2-165-167 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34993


Әлемдік тәжірибеде жануарлар дүниесінің жай-күйі туралы деректерді жинаудың көптеген тиімді құралдары бар, солардың бірі ақпаратты жинақтап, талдауға мүмкіндік беретін SMART жүйесі. SMART 48 елдегі 500-ден астам қорғалатын аумақтарда қолданылады (оның ішінде бірқатар елдерде мемлекеттік деңгейде енгізілген). SMART-тәсіл мобильді қосымшаны және компьютерлік бағдарламаны қолдануға негізделген, деректерді жинау далалық сапарлар кезінде және Smart-маман камералық өңдеу кезінде жүзеге асырылады. SMART Mobile қосымшасы орнатылған смартфон қағаз пішіндері мен GPS навигаторын ауыстырады.

Қарақұс (Aquila heliaca). А. Тимошенконың фотосы.

2017 жылдан бастап бұл жүйе қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығына (АСБК) бекітілген және Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан "Алтыбай" және "Сага" аңшылық шаруашылықтарында қорықшылық қызмет үшін енгізілді. Жыртқыш құс кезіккен кезде қызметкерлер SMART Mobile қосымшасына келесі деректерді: түрі, жынысы, саны, смартфон автоматты түрде GPS трегі мен нүктелерін, күні мен уақытын жазады. Нақты бақылау мен координаттарға байланысты фотосуреттерді түсіруге болады. Сонымен қатар, қосымшада АСБК әзірлеген «ұялау картасы» бөлімі бар, бұл ұя циклінің барлық кезеңінде ұялар мен олардың мазмұны туралы ақпаратты жазуға мүмкіндік береді.

Соңғы 5 жылда аймақта жиналған деректерді талдай келе, облыста ең көп таралған ірі жыртқыш құстар(тіркелу саны) мысалы: айқанат тілеміш (Buteo lagopus), кәдімгі тілеміш (Buteo rufinus), дала қыраны (Aquila nipalensis), қарақұс (Aquila heliaca), бүркіт (Aquila chrysaetos), аққұйрық субүркіті (Haliaeetus albicilla), тазқара (Aegipius monachus) мен ақбас құмай (Gyps fulvus), кезігу санының шыңы 2021 жылы болғанын атап өтуге болады, содан кейін дала қыраны мен көксарыны қоспағанда, аталған түрлердің көпшілігінің азаюы байқалады.

Сур. 1. SMART жүйесінен алынған әртүрлі түрлерді бақылаулар графигі.

Осылайша, SMART жүйесі белгілі бір мақсаттарға теңшеу мүмкіндігі бар бақылауларды тіркеудің жақсы құ- ралдарын қамтиды, карталармен, кестелермен және графиктермен есептер дайындауға, деректердің үлкен көлемін сақтауға және жыл бойынша белгілі бір түрлерге топтастыру динамикасы мен трендтерін бағалауға мүмкіндік береді.

Бүркіт (Aquila chrysaetos). А. Тимошенконың фотосы.