"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
2021 ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛДАРДА АРМЕНИЯДА ЖҰРТШЫ ҰЯ САЛАТЫН ЖЕРЛЕРДІ БАҚЫЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Агаджанян Л.А., Арутюнян Л.А. (Германия елінің табиғатты қорғау одағы (NABU) Армения Республикасындағы филиалы, Ереван, Армения)
Контакт:
Люсине Агаджанян lusine.aghajanyan@nabu.am
Левон Арутюнян levon.harutyunyan@nabu.am
Ұсынылатын дәйексөз: Агаджанян Л.А., Арутюнян Л.А. 2021 және 2023 жылдарда арменияда жұртшы ұя салатын жерлерді бақылаудың бастапқы нәтижелері. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 104–107. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-104-107 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34907
Жұртшы (Neophron percnopterus) Армениядағы ұя салушы, өлексемен қоректенетін төрт құс түрінің қатарында. Армения еліндегі жұртшы популяциясының күйі жайлы ең өзекті ақпаратты Армения Республикасы Қызыл кітабынан (2010) қарауға болады, онда 40–60 ұя салушы жұптың анығы, оның 10-ы Армения елінің қорғалатын аумақтарында мекендейтіні жайлы мәлімденген. Бұрын 1973-1994 жылдарда өткен (әсіресе 1975–1977 және 1981–1989 жылдар аралығындағы) зерттеулер небары 3 ұя салушы жұптың барын растады, алайда, олардың саны шамамен 40–50, негізінен Базум, Памбак, Арегуни, Гегам, Варденис және Зангезур тау жоталарында болуы керек еді. Сонымен қатар, 1960–1995 жылдар аралығындағы далалық бақылауларда Капан, Бюракан, Гарни, Норатус, Веди, Шамут және Ереван ауылды-қалалық өңірлерде орналасқан 7 әрекетті ұя байқалды. Аталмыш 40–60 ұя салушы жұптың сәтті ұялауы еш тексерілмегенмен, жұп санының анығы жұртшы санын есепке алғандағы деректерге сәйкес расталды. Жаңа деректердің жоқтығы, сондай-ақ өткен жылдардағы мезгіл-мезгіл бақылаулар барысында тастанды ұялардың жиі кезігуі Армениядағы жұртшы популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу қажеттілігін туғызды. Ол түр популяциясының сәтті ұя салуын және серпінін бағалау, басты қауіпті анықтау және түрді сақтау шараларын әзірлеуге бағытталады. Осы мақсатпен біз зерттеуді 2021 және 2023 жылдары жүргіздік. Далалық зерттеулер кезінде ұя салатын жерлер жайлы қолда бар деректер және болжамды модельдеумен құрылған ұя салуға жарамды мекен орындары карталары пайдаланылды. Далалық зерттеулер 2021 және 2023 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында өтті: Арарат облысында (2021, 2023), Армавир (2021), Арагацотн (2023), Қотай (2021, 2023), Вайоцдзор (2023), Лори (2021, 2023), Шырақ (2021), Гегаркуник (2023), Тавуш (2021) және Сюник (2021) облыстары қамтылды. Жұмыста көру дүрбісі, кәдімгі дүрбі және дрон қолданылды. Бастапқы нәтижелерге сәйкес, 2021 жылы қаралған ұялау орындарында 6 әрекетті ұя, 3 жаңа қанаттанған құс (әр ұядан біреуден Лори, Тавуш және Вайоцдзор облыстарынан) байқалды. Ал 2023 жылы қаралған ұялау орындарында 3 әрекетті ұя – 1-і Вайоцдзор облысында сәтсіз ұяланса, 2-і Вайоцдзор және Қотай облыстарында сәтімен салынды. Тастанды ұялар саны – 12, оның 5-і 2021 жылы Тавуш, Сюник, Лори, Арарат және Вайоцдзор облыстарында, ал 7-і 2023 жылы Лори, Вайоцдзор, Арагацотн, Арарат, Қотай и Гегаркуник облыстарында байқалды. Бұл ұялар айналасында ересектерінің көрінгені біршама. Вайоцдзор, Лори және Арагацотн облыстарында тастанды ұя маңайында ересек құстарды 3 рет байқау тіркелді. Оның біреуінде ұя салудың сәтсіз аяталғаны кейіннен анықталды.
Сонымен қатар, жергілікті орын ауыстыруы мен көшіп-қону бағыттарын, натальды филопатрия (өзі ұшқан ұясына сүйіспеншілік, оған қайта оралу) құбылысын зерттеу және ұшу жолында түрге тиер негізгі қауіпті анытау мақсатымен, 2021 жылдан бері әсіресе Армения елінде жұртшының ізін Aquila компаниясының GPS/GSM құ- рылғылары арқылы бақылап келеміз. Қазіргі уақытта біз Лори, Вайоцдзор, Қотай облыстарында 5 жаңа қанаттанған құсты сәтімен белгіледік. 2021 жылы Лори облысында 1 құсты таңбалап едік, ол Эфиопияға ұшып кетті (өкініштісі, онда роуминг желісі тоқтап, ол құспен байланыс үзілді). 2022 жылы Қотай облысында бір ұядан 2 құсты белгіледік; біреуі Қызыл теңізді ұшып өтіп, Эфиопияға беттеді (онымен де байланыс үзілді), ал екіншісі Йеменде қалды, оны бақылау әлі де жалғасуда. 2023 жылы Вайоцдзор және Қотай облыстарында 2 жаңа қанаттанған құсты белгіледік. Лори облысындағы ұяда каинизм (өз ұяласын өлтіру) жағдайы анықталды.
Алдағы жылдары жұртшының ұяларына тұрақты мониторинг жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз оның популяция серпіні мен ұялау сәттілігін бағалау, осы түрге тиер басты қауіпті анықтау және түрді сақтаудың нақты шараларын ұсыну. Зерттеу Армения Республикасындағы Германия елі табиғатты қорғау одағының (NABU) «Армениядағы жыртқыш құстарды зерттеу және қорғау» жобасы аясында жүргізілді.