"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ҚАМАУДА ӨСІРІЛГЕН ҚАРШЫҒА ҚЫРАНДАРДЫ БОСАТУ ЖАБАЙЫ ПОПУЛЯЦИЯНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ МЕ?

Мэйроуз А. (Эволюциялық және табиғатты қорғау биологиясы кафедрасы және эволюция Институты, Хайфа университеті, Хайфа, Израиль)


Контакт:
Асаф Мэйроуз asafmayrose96@gmail.com
Ұсынылатын дәйексөз: Мэйроуз А. Қамауда өсірілген қаршыға қырандарды босату жабайы популяцияны қалпына келтіруге септігін тигізеді ме? – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 78–79. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-78-79 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34891


1960 жылдардың аяғында Израильдегі қаршыға қыранының (Aquila fasciata) популяциясы бірқатар факторларға байланысты жойылу алдында тұрды. 2000 жылы қабылданған сауықтыру бағдарламасы бірнеше шараларды қамтыды, соның ішінде қамауда өсірілген қырандарды босату, нәтижесінде жыл сайын екеуден бастап, жетіге дейін балапан қырандар шығарылды. Соңғы жылдары жабайы табиғатта ұя салатын қырандардың жұп санының көбеюі, оның ішінде көп жылдар бойы қараусыз қалған аумақтардың қайта игерілуі байқалады. Дегенмен, қамап өсірілген құстардың қырандардың жабайы популяциясын толықтыратыны туралы деректер аз және олардың өсуіне қосқан үлесі анық емес.

Қазіргі уақытта балапан қырандардың шығарылымдары телеметрия көмегімен бақылануда, қамауда өскен және табиғатта туылған қырандар арасындағы таралу үлгілері мен тірі қалу көрсеткіштері салыстырылуда. Зерттеудің алғашқы бес жылының нәтижелері екі топтың арасындағы айтарлытай айырмашылықтарды көрсетеді: қамауда өсірілген қырандар жабайы қырандарға қарағанда туған жерінен әлдеқайда алысырақ таралған. Қамауда өсірілген қырандардың тірі қалу деңгейінің төмендеуіне әртүрлі таралу үлгілері себеп болуы мүмкін, өйткені олардың көпшілігі көрші елдерге қоныс аударып, атылады немесе ауланады. Сонымен қатар, бұл құстардың электр желілерінде тоқ соғуға бейімділігі жоғары. Қамауда өсірілген қырандардың әртүрлі қозғалысы мен мінезқұлық ерекшеліктерінің генетикалық қасиеттерге немесе олардың жетілу кезіндегі мінез-құлық үлгілеріне қатыстылығын тексеру үшін генетикалық талдау және босату әдістерін өзгерту қолданылады.

Қаршығарақ қыран (Aquila fasciata). Й. Бен-Бунанның фотосы.