"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОҢТҮСТІГІНДЕ АҚҚҰЙРЫҚ СУБҮРКІТІНІҢ ҚЫСТАУ АЙМАҚТАРЫ
Чаликова Е.С. (Қазақстан Республикасы Зоология институты, Қазақстан, Алматы қ.)
Контакт:
Елена Чаликова e.chalikova@mail.ru
Ұсынылатын дәйексөз: Чаликова Е.С. Қазақстандағы оңтүстігінде аққұйрық субүркітінің қыстау аймақтары. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 58–61. DOI: 10.19074/1814-8654-2023-2-58-61 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34878
Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) саны азайып бара жатқан сирек құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Түркістан облысында көші-қон кезінде және қыстау кезінде кездеседі, оның ең ерте байқалған уақыты 2018 жылдың 10 қыркүйегін, ең соңғыы 2021 жылдың 23 наурызы (Көксарай контр реттегіші, Губин, 2020 ж.). 2003 жылдан бастап су айдындарында қыстайтын құстарды есепке алу жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бастапқыда санақ желтоқсан-ақпан айларында, ал 2006 жылдан бастап қаңтардың ортасында жүргізілді. Оған 2003–2005 жылдары қатысқандар: С.Н. Ерохов, 2003, 2004 ж. – О.В. Белялов, 2004, 2006 ж. – Ф.Ф. Карпов, 2005–2014 жылдары – А.В. Коваленко (2015), 2005 және 2006 жылдары – С.А. Кравченко, 2016–2018 – Б.М. Губин (2020) және 2014, 2020–2022 жылдары – автор А.Ж. Абаевпен және М.А. Яганинмен.
Бүркіттер Сырдария өзенінде салынған Шардара су қоймасында (ауданы 783 км2) тұрақты түрде байқалды. Мұнда қыстайтындардың саны тұрақты емес, ол қар жамылғысының болуына және суатты мұздың басуы ауданына байланысты. Соған қарамастан, соңғы жылдары түр санының азаюы байқалады: 2003–2016 ж. санақ кезінде орта есеппен 69 жеке бас (2004 ж. – 15, 2003 ж. – 120) және 2017–2022 жылдары – 21 (2017 ж. – 12, 2022 ж. – 29) құс тіркелді. Түр су қоймасында біркелкі таралмаған. Оның негізгі топтамасы Шардара қаласындағы суы қатпайтын су электр станциясының бөгетінің астында шоғырланған. Құстар өзен жағасындағы тастарда топ болып қонақтап отырады, мұзда сирегірек. 2014 ж. 21 қаңтарда 16 бас құс, 2020 ж. 13 қаңтарда – 25, 2021 ж. 17 қаңтарда – 23 және 2022 ж. 21 қаңтарда – 17 бас құс тіркелді. 2020 ж. мен 2021 ж. қаңтарында тұман мен жаңбыр салдарынан бұл түр байқалмаған.
Басқа су қоймалары ауданы бойынша кішірек, ұсақтау және әдетте мұзбен жабындасы болғандықтан, қыстайтын құстардың саны осыларға байланысты. Шардара қаласынан Байырқұм ауылына баратын тас жолдың бойында, Сырдария өзенінің алқабында (әдетте қаңтарда өзен мұз басып тұрады) Қызылқұм каналының бойында аққұйрықты 2006 ж. 13 ақпанда байқалды (2 дара бас), 2014 ж. 20 қаңтар және 2018 ж. 16 қаңтар (әрқайсысы 6), 2020 ж. 13 қаңтар (4) және 2021 ж. 17 қаңтар (1). 2021 ж. 11–12 қарашасында Арыс өзенінің сағасына қарай аңғардан төмен қарай 9 құсты (1, 2, 5 және 1-ден) және 2016 ж. 9 наурызында бір құсты көрдік.
Көксарай контр реттегіші (467 км2) Шардара су қоймасынан 160 км төмен, Сырдария өзені арнасының оң жағында орналасқан. Көктемде және жазда оның суы көп, ол жаз бойы және ішінара күзде ағызылады. Қыста ол жиі қатып қалатын бөлек таяз шығанақтармен күйінде болады. Қаңтар-ақпан айларында Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтерілуімен су қоймасын толтырылады. Қысқы санақ 2016– 2022 жылдың қаңтарында жүргізілді. (2021 ж. үш және 2018 ж. 44 бас құс, орта есеппен – 15). Көктемде судың толуымен, көктемгі көші-қонның басталуымен құстардың саны артады: 2019 ж. 17 ақпанда9 және 16 наурызда – 35 (Губин, 2020).
15 көлден тұратын Шошқакөл жүйесі тұзды ойпатты (аумағы 535 км2) алып жатыр, Бөген өзенінен қоректенеді және Сырдария өзенінің орта ағысынан 40 км жерде орналасқан. Көлдердің жағалары қамыстардан нашар көрінетіндіктен, көлдердегі су қатып қалатындықтан, құстардың толыққанды қысқы есебін жүргізу әрдайым мүмкін емес. Соған қарамастан 2004–2006 жылдары саня 7-ден 15-ке дейін (орта есеппен 11) және 2016–2018 ж. 3-тен 10-ға (6) дейін бүркіт байқалды.
Бөген су қоймасы Бөген өзенінде (ауданы 65 км2), қыста қатты мұзбен жиі жабылады. Мұндай жылдары құстар оңтүстікке қоныс аударады, сондықтан 7 (2004, 2013, 2016–2018, 2020–2022) санақ кезінде 45 қыран бүркіт (бірден 18-ге дейін, орта есеппен 8) тіркелді.
Бадам су қоймасы (ауданы 4,75 км2) Қаржантау бөктерінде Бадам өзенінің бойында орналасқан, оның Бөгеннен айырмашылығы ағысының әсерінен оны ешқашан мұз басып қалмайды. Ақұйрық санаққа тек 2015–2017 жылдары ғана (1-ден 6-ға дейін, орташа 4) тіркеуге алынған, 2021 ж. 22 желтоқсанында жеке дара бір құс байқалған.
Шымкент қ. Бадам өзенінің жағалауында (төменгі ағыс) жеке дара құстар 2014 ж. 19 қаңтарда (2), 2020 ж. 13 желтоқсанда, 2022 жылғы 18 желтоқсанда, 18 ақпанда, 20 және 29 қазанда, 2023 ж. 15 және 26 қаңтарда кездескен. Түр қаланың батыс шетінде орналасқан қалалық сарқынды су қоймасында (ауданы 2000 га) 2020 ж. 14 және 18 қаңтарда, 26 ақпанда, 24 желтоқсанда (тиісінше 4, 3, 1 және 5 бас), 2021 ж. 16 ақпанда (2), 2022 ж. 16 ақпан (2), 2023 ж. 6 және 27 ақпанда (1 және 2), 2020 ж. 14 қаңтарында жұптасқандар Бөржар өзенінің бөгетінде байқалған.
Су айдындарынан басқа жерде, ұшып өту кезінде бүркіттер 2014 ж. 9 және 11 қараша мен 13 қаңтарда Қарабұлақ, 2016 ж. 22 қаңтарда Рысқұлов 2019 ж. 12 ақпанда Шоқпақ баба, 2015 ж. 14 ақпан мен 25 қаңтарда, 2020 ж. 8 қарашада Ақсукент, 2022 ж. 17 желтоқсан мен 2023 ж. 12 ақпанында Жабағылы ауылдарының маңында тіркелген1.