"Палеарктика қырандары: зерттеу және қорғау" III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ҚАУЫРСЫНДЫ ЖЫРТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ. АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 2. АННОТАЦИЯЛАР

ЧЕХИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ, ОҢТҮСТІК МОРАВИЯ ӨЛКЕСІНДЕ АҚҚҰЙРЫҚТЫ СУБҮРКІТТІҢ ҚОРЕГІ

Хорал Д. (Чехия орнитологтары қоғамы; Чехия Республикасы қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Брно, Чехия Республикасы)
Беран В. («ALKA Wildlife», Усти-над-Лабем, Чехия Республикасы)


Контакт:
Дэвид Хорал david.horal@seznam.cz
Вацлав Беран lutra@email.cz
Ұсынылатын дәйексөз: Хорал Д., Беран В. Чехия Республикасы, Оңтүстік Моравия өлкесінде Аққұйрықты субүркіттің қорегі. – Пернатые хищники и их охрана. 2023. Спецвып. 2. С. 45–46. DOI: 10.19074/1814-8654-2023- 2-45-46 URL: http://rrrcn.ru/ru/archives/34868


Аққұйрықты субүркіт (Haliaeetus albicilla) Оңтүстік Моравия аумағын (Чехия Республикасының оңтүстік-шығыс өңірі) 1984 жылдан бері қайта қоныстады. Мұнда ол 2004 жылдан бастап жүйелі түрде ұялады, бертін келе популяциясы 30 ұя салушы жұпқа өсті. Субүркіттің азығын ұялардағы қалдықтардан, көбінесе балапанды сақиналау кезінде зерттедік (яғни әдетте сәуірдің соңы мамыр айының бірінші жартысы). 1999-2023 жылдар аралығында 97 ұяны бақылау барысында 605 қорек түрі айқын болды: балық – 47%, құстар – 28%, сүрқоректілер – 25% құрады. Аса көптеп кездескен түрлер: ор қоян (Lepus europaeus) – 151 бас, тұқы (Cyprinus carpio) – 87, сары мөңке (Carassius auratus) 61, қырғауыл (Phasianus colchicus) – 54, шортан (Esox lucius) – 50, қасқалдақ (Fulica atra) – 33. Бір ұядағы азық объектісі саны 1 ден 28 дейін өзгеріп тұрды. Ең қызық олжалардан, мәселен, италақаз (Tadorna tadorna), түз кептері (Columba oenas), кәдімгі жапалақ (Strix aluco) немесе құлақты жапалақ (Asio otus) кездесті.

Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) балапаны ұяда. Р. Бекмансуровтың фотосы.