Орталық Азияда «табиғат санитарлары» жемтіктермен қоректенетін құстарды қалай сақтауға болады – Алматыдағы жұмыс кеңесі
25 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы жемтіктермен қоректенушілерді сақтау бойынша семинар өтті. Шараға Армения, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресейден зерттеушілер қатысты. Бұл кеңес «Палеарктика қырандары: зерттеу және сақтау» ІІІ халықаралық конференциясының бір бөлігі болды.
Кездесуге қатысушылар Орталық Азия аймағындағы жемтіктермен қоректенуші құстарды зерттеу кезінде орнитологтардың кездесетін мәселелерін талқылады. Зерттеушілер түрлердің тіршілік етуіне қауіп төндіретін факторларға және олардың әсерін барынша азайту стратегияларына ерекше назар аударды. Жемтіктермен қоректенуші құстардың тіршілік етуіне негізгі қауіптердің арасында:
- • ұя салатын жерлерінде де, қыстайтын жерлерінде де улы тұзақ жеммен және ветеринарлық препараттармен абайсызда улану;
- электр беру желілерінің әуе желілеріндегі қаза болуы;
- тіршілік ету ортасының нашарлауы;
- кейбір елдерде құстарды заңсыз аулау.
Басқа елдердің сарапшылары қазақстандық орнитологтармен жемтіктермен қоректенетін құстарды зерттеу және сақтау бойынша өздерінің табысты тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісті. Кездесуде Азия елдеріндегі жемтіктермен қоректенушілерді зерттеу бойынша бірлескен жоспарлар белгіленді. Бұл туралы алдағы уақытта толығырақ айтып береміз.