Бүркіттер қоныс аударады екен ғой! Бұйратаудан шыққан жасаң бүркіт Шу-Іле тауында қалай қыстайтыны туралы

Әдетте, әдебиеттерде бүркіттердің отырықшы құстар екені айтылады (Ковшар, 2019). Яғни, қыста ешқайда ұшып кетпей, ұясының жанында қалатын құстар.

Корелов М.Н. 1962 жылы «Птицы Казахстана» кітабында былай деп жазды: "Солтүстікте бүркіттер оңтүстікке жартылай (балапаны?) қоныс аударады, мұны Семейдің үстімен ұшып өтулерін, Қарағанды маңындағы және Көкшетау төңірегіндегі ұшуларын бақылау дәлелдейді”. Биыл бұл фактіні тәжірибе жүзінде дәлелдей алдық.

2024 жылдың жазында Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы (BRCC) мен Ресейлік қауырсынды жыртқыштарды зерттеу және қорғау желісінің (RRRCN) орнитологтары Қазақстанда алғаш рет GPS/GSM трекерімен бір балапан бүркітті белгіледі. «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Белодымов филиалының аумағында парк қызметкерлерімен бірлесе таңбалау жұмыстары жүргізілді. Бүркітке Күншалған деген ат қойылды.

Белгіленгеннен кейін бірнеше ай өткеннен кейін балапан өсіп, күш жинап, ата-анасының тәжірибесін қабылдай бастады. Осы уақыт ішінде ол ұшуды үйреніп, аңшылықтың қыр-сырын меңгеріп, ата-анасының ұясынан жырақта тәуелсіз тіршілік етуге дайындалды.

31 қазанда Күншалған туған жерін тастап, Қазақстанның оңтүстігіне бет алды. Оның алғашқы көші Қарағанды қаласының батысындағы Молодежный ауылы арқылы өтіп, сондай-ақ Балқаш көлінің жіңішке жері арқылы да ұшып өткен. Бүркіт Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы Шу-Іле тауларына келіп тоқтаған.

Бірақ, өкінішке орай, құстар үшін бәрі айтарлықтай оңай болмайды. Жыл сайын құстардың қазасына әкелетін көптеген қауіп-қатерлер пайда болуда. Жақында Шу-Іледе жел электр станциясы (ЖЭС) пайда болады. Бүркіттер, жыртқыш құстардың басқа түрлері сияқты ЖЭС қазаға ұшырауға осал, әсіресе қоныс аударатын жасаң құстар өлімге ұшырайды. Ал егер Шу-Іле тауларындағы Жаңатас ЖЭС мен Шоқпар ЖЭС сияқты құстардан қорғайтын құрылғыларсыз жаңа ЖЭС салынса, бұл Шу-Іле тауларында ұя салатын бүркіттерге ғана емес, сонымен бірге осы жерлерден солтүстікте қарай алысырақ өскен көшіп-қонушы құстарға да зиянды әсер етуі мүмкін.

Біз Қазақстандағы алғаш рет белгіленген бүркітті бақылауды жалғастырудамыз.

«Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің қызметкерлеріне ынтымақтастығы және дала жұмыстарын жүзеге асыруға көмектескендері үшін алғыс білдіреміз!

Біз таңбалаған бүркіт пен басқа құстардың ұшуын BRCC сайтында онлайн режимінде бақылауға болады: https://www.brcc.kz/key-species/interactive-migration-map-of-raptors-tagged-in-kazakhstan/

Leave a Comment