Қазақстанның орнитологтары — Жемтіктермен қоректенетін құстар бойынша еуропалық конференцияда

Текст: Алёна Каптёнкина. Редакция: Алия Веделих.

Екі апта бұрын, 13-17 қараша аралығында Испанияның Касерес қаласында Жемтіктермен қоректенуші құстар бойынша еуропалық конференция өтті. Оған әлемнің 45-тен астам елінен 400-ге жуық өкіл, оның ішінде Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының (BRCC) қызметкерлері – Генриетта Пуликова мен Алёна Каптёнкина қатысты. Үш күн ішінде конференцияда 130-дан астам баяндама жасалып, 60 постер ұсынылды. Конференцияны ұйымдастырушы – Жемтіктермен қоректенуші құстарды қорғау қоры (Vulture Conservation Foundation).

Участники Европейской конференции по птицам-падальщикам (Касерес/Испания, 13-17 ноября 2023 г.)

Организаторы приветствуют участников. Научные сотрудники BRCC Алёна Каптёнкина и Генриетта Пуликова.

Орталық Азияда қауырсынды жемтіктермен қоректенушілердің жағдайы нашар зерттелген. Конференцияда біздің өңір бойынша екі-ақ баяндама брлды. Алена Каптенкина Қазақстанда мекендейтін жемтіктермен қоректенетін құстардың бес түрінің бірі – ақбас құмайды зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, соңғы онжылдықта ақбас құмайлардың қазақстандық популяциясы айтарлықтай азайған.

Алёна Каптёнкина презентует результаты исследования казахстанских падальщиков

BRCC ресейлік әріптестерімен (RRRCN) бірлесе отырып, Қазақстандағы жемтіктермен қоректенуші құстарды зерттеу жұмыстарын 2022 жылы бастады. Бұрын да бұл түрлерді орнитологтар зерттеген, бірақ тұрақты бақылау жүргізілмеген. Нәтижесінде Қазақстанда қауырсынды жемтіктермен қоректенушілердің саны шамамен ғана белгілі, ал бір түр – тазқара туралы ештеңе дерлік белгілі емес.

Владимир Добрев (Болгария) рассказывает о результатах трёхлетнего проекта по изучению птиц-падальщиков в Центральной Азии

Орталық Азия бойынша екінші баяндаманы Болгариядан келген орнитолог Владимир Добрев ұсынды. Ол жұртшылардың көші-қонын зерттеу бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Болгария зерттеушілерінің үш жылдық жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Конференцияға қатысушылар осы уақыт ішінде Орталық Азиядағы GPS-трекерлерімен әр түрлі жастағы 19 құсқа белгі қойылғанын және олар қыста негізінен Үндістан мен Пәкістанға ұшатынын білді.

Белоголовый сип в национальном парке Монфрагуэ, который участники посетили в последний день конференции

Для уточнения современного состояния популяций всех пернатых падальщиков Казахстана, а также выявления причин резкого сокращения некоторых из них нужны дополнительные исследования.  Доклады из Центральной Азии особенно интересны для учёных из разных стран, так как исследований в регионе проводилось мало, и отсутствуют актуальные данные о падальщиках.

На одной из сессий Европейской конференции по падальщикам

Генриетта Пуликова:

Бұл конференция екінші рет өткізіліп отыр және оған биыл Орталық Азиядан зерттеушілер алғаш рет қатысты. Біз жергілікті жемтіктермен қоректенетін құстар топтарын қорғау және қалпына келтіру мәселесін талқылау деңгейіне тәнті болдық. Мұндай іс-шараларда Еуропа елдерінде жабайы табиғат пен ғылымға басымдық берілетіні ерекше сезіледі.

BRCC қызметкерлері the Altai Project қолдауымен конференцияға қатыса алды.

В национальном парке Монфрагуэ

Соңғы күні конференцияға қатысушылар Монфрагуэ (Monfragüe) ұлттық паркін аралады. Бұл табиғи аймақта Испаниядағы ақбас құмайлар мен тазқаралар санының ең ірі колониялары орналасқан.

Leave a Comment