Қазақстан Республикасында құстарды қорғау құралдары стандартының жобасын әзірлеу

«Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ (BRCC) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен (ҚРСРМ) бірлесіп, Қазақстандағы Республикасында құстарды қорғау құралдарының стандарт жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қосылуға шақырады.


2018 жылдан бастап BRCC тобы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне 6-10/20 кВ әуе электр беру желілеріндегі (ӘЖ) құстардың қазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта құстарды қорғау мәселелерін күшейту және Қазақстан Республикасының Экологиялық және Әкімшілік кодекстерінің нормаларын сақтауға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша техникалық ұсынымдарды қалыптастыру кезеңіне өтудеміз.

Біз жұмыс тобына қосылуға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерін, электр энергетикасы және электр қондырғыларын жобалау саласындағы сарапшыларды, электр энергетикасы компанияларының, қауымдастықтардың, ғылыми ұйымдардың және ҮЕҰ өкілдерін, сондай-ақ басқа да мүдделі және бұл мәселеге бей-жай қарамайтын тұлғаларды жұмыс тобына қосылуға шақырамыз. Осы үдеріске қатысу арқылы сіз «құсқа қауіп төндіретін құрылым» және «құстарды қорғау құрылғылары» сияқты терминдердің заңды анықтамасына қатысты негізделген ұсыныстарды анықтауға қатыса аласыз. Одан әрі сіз қазіргі заманғы технологиялардың жетістіктері мен құстарды қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені есепке алатын құстарды қорғау құралдарын пайдаланудың Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатыса аласыз.

Мамандардың есептеуінше, Қазақстанда жыл сайын әуе электр беру желілерінде бірнеше мыңнан бірнеше ондаған мыңға дейін құстар қаза табалы, оның ішінде бүркіт, дала қыраны, қарақұс, жыланшы қыран және ителгі сияқты сирек кездесетін түрлер. Қаза болудың негізгі себептері 6-10 кВ әуе желілерінде электр тоғының соғуы, сымдармен соқтығысу, сондай-ақ электр беру желілеріне қызмет көрсету кезінде электромонтерлердің тіршілігі бар ұяларды бұзуы.

Электр тогының соғуынан қаза тапқан дала қыраны. © М. Пестов

Қазірдің өзінде электр энергетикалық инфрақұрылым нысандарында құстарды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде (246-бап) және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (17-бап) көрсетілген, бірақ олар бойынша құқық қолдану тәжірибесі жоқ. Өкінішке қарай, электр энергетикасы саласындағы заңнамада ӘЖ құстарды қорғау мәселелері жеткілікті түрде көрсетілмеген. Мұның барлығы Қазақстанның және көршілес елдердің орнитологиялық фаунасына түзелмейтін залал келтіруге жағдай жасайды, іс жүзінде Қазақстанның биологиялық алуантүрлілік туралы конвенцияның және жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенциясының (Бонн конвенциясы) қағидаттарын бұзуына әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу электр беру желілеріндегі құстардың қазасын азайтуға септігін тигізеді деп күтеміз.

Жұмыс тобына қосылу немесе оның жұмысы туралы ақпаратты нақтылау үшін бізге өзіңізге ыңғайлы жолмен хабарласыңыз.

Жобамен байланысатын тұлғалар:

Оңғарбаев Нұрлан, BRCC атқарушы директоры
nongarbayev@brcc.kz

Жуков Дмитрий, жоба менеджері
dzhukov@brcc.kz

2 комментария

  1. Сыгаев Ермек 22.11.2023 в 02:45

    Добрый день!
    Протоколом № 1-2022 от 01.04.2022 г. на заседании Научно-технического совета АО «НАК «Казатомпром» утверждена дорожная карта на проведение НИОКР на тему: «Проведение комплексных исследований по защите птиц от воздействия линий электропередач на предприятиях АО «НАК «Казатомпром», в связи с этим, хотел уточнить как можно вступить в рабочую группу.

    с.т. 8 7017334379

    • Dmitry Zhukov 04.01.2024 в 08:50

      «Уважаемый Ермек!

      Насколько нам известно после Вашего вопроса в комментариях Исполнительный директор нашего Фонда (Нурлан Онгарбаев) звонил Вам на мобильный и Вы обсуждали Ваш вопрос. Сообщите пожалуйста, остались ли у Вас нерешенные вопросы или нет? Если Вы по-прежнему хотите участвовать в работе по созданию СТ РК по птицезащитным устройствам, просим направить официальное письмо от АО «НАК «Казатомпром» в адрес нашей организации (на электронный адрес office@brcc.kz). Спасибо за обращение.»

Leave a Comment