Ветеринариялық препараттар жабайы табиғат үшін қауіпті ме? Қазақстанда ақбас құмай неліктен жойылып бара жатқанын анықтаймыз

Текст: Алёна Каптёнкина. Редакция: Алия Веделих.

Ақбас құмай (Gyps fulvus) құмайлар тұқымдасына жатады және жемтіктермен қоректенуші құстардың ең ірі түрлерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде ақбас құмайдың үлкен мекендеу ортасы бар, Қазақстанда түрдің негізгі ұя салатын аймағы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан.

Осыдан 10 жыл бұрынғы сараптамалық бағалауға сәйкес, Қазақстандағы ақбас құмайлардың саны 150 жұптан аспаған. Оның дүниежүзілік популяциясы 80 мыңнан 900 мыңға дейін жыныстық жетілген құс бар деп бағаланады. 2010 және 2022 жылдары Қаратау тауларында RRRCN және BRCC орнитологтары жүргізген зерттеулері Қазақстандағы осы жемтікпен қоректенуші құстардың ең көп популяциясы болған және олардың ең үлкен колониялары орналасқан белсенді ұялар саны 10 еседен астам азайғанын көрсетеді. Мұндай күрт қысқаруға не себеп болды?

Колонии белоголового сипа в Каратау в 2010 и 2022 годах. Источник: Каптёнкина и др., 2023 (в печати)

Басқа елдерде ақбас құмайлар қандай қауіптерге тап болады?

Жақында, XIX-XX ғасырларда ақбас құмайлар санының азаюының негізгі себебі оларды ату болды. Бұл Еуропаның, Солтүстік Африканың және Таяу Шығыстың көп бөлігінде түрдің тіршілік етуіне негізгі қауіп болды.

Қазіргі уақытта түрге ең қауіптілер - жыртқыш сүтқоректілермен күресуге арналған улы тұзақ жемдермен және ветеринарияда қолданылатын стероидты емес препараттармен абайсызда улану.

Ақбас құмайдың популяциясына теріс әсер ететін басқа факторларға мыналар жатады:

  • мал шаруашылығын жүргізу әдістерінің өзгеруіне байланысты қоректің жетіспеуі, соның салдарынан олар жемтіктермен қоректенетін құстарға қол жетімсіз болып қалады;
  • әуе электр беру желілеріндегі электр тоғының соғуы, әсіресе Испания мен Португалиядағы халық тығыз орналасқан аудандарда ерекше өзекті болып табылады;
  • жел электр станциясының қалақшарымен соқтығысуы;
  • аң аулау кезінде жоғалған, жаралы аңдардағы оқ-дәрілердегі қорғасынмен абайсызда улану.

Жоғарыда аталған себептердің барлығы қазақстандық популяция үшін өзекті болуы мүмкін емес. Біздің негізгі үш гипотезамызды тексеріп көрейік.

#1 ГИПОТЕЗА – ҚОРЕК-ЖЕМ БАЗАСЫНЫҢ АЗАЙУЫ

Двадцать лет назад учёные (Скляренко с коллегами) уже делали предположения о том, почему происходит сокращение численности сипа в Казахстане. Тогда были обозначены две причины:

  • үй жануарлары санының азаюы және олардың жоғалуына иелерінің бақылауды күшейтуі;
  • Көптеген жыныстық жетілмеген құстардың қорек көзі болып табылатын, Орталық Қазақстанда (Бетпақдала тобы) ақбөкен (Saiga tatarica) популяциясының күрт төмендеуі.

Алайда, соңғы жылдары мал мен ақбөкен санының өсуі аясында бұл себептер өзектілігін жоғалтты. Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) және Жамбыл (бұрынғы Джамбул) облыстарында соңғы жылдары ұсақ мал саны кеңестік кезеңдегімен теңессе, ірі қара мен жылқы саны екі есеге өсті. Ақбөкеннің бетпақдала популяциясының саны 2000–2010 жж. құлаудан кейін өсті, ал оның қарқынды өсуі (4,5 еседен астам) 2020–2023 жылдары, пандемия фонында және пандемиядан кейінгі кезеңде болды.

1991–2022 жылдардағы Қазақстанның Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) және Жамбыл (Джамбул) облыстарындағы мал басы санының динамикасы. Дереккөз: Каптёнкина и др., 2023 (баспада)

1980–2023 жылдардағы Қазақстандағы ақбөкеннің (Saiga tatarica) бетпақдала популяциясы санының динамикасы. Дереккөз: Каптёнкина и др., 2023 (баспада)

Яғни, Қаратаудағы ақбас құмайлардың санының азаюы мал басы мен ақбөкендердің көбеюі аясында орын алған. Фермерлер мал өлексесін жинау бойынша іс жүзінде ешқандай шаралар қабылдамағандықтан, ақбас құмайларға арналған қорек-жемнің қолжетімділігі жоғары күйінде қалып отыр. Сондықтан біз ақбас құмайлардың саны азаюының себебі ретінде қорек-жемнің жетіспеушілігін жоққа шығарып, келесі гипотезаны тексеруге көшеміз.

#2 ГИПОТЕЗА – ҚАСҚЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН УМЕН АБАЙСЫЗДА УЛАНУ

Ұя салатын жерлердің 20 пайызында біз қасқырлармен күресу үшін уларды қолдану туралы жергілікті тұрғындардан кездейсоқ сауалнама жүргіздік. Қаратаудағы қорықшылар мен фермерлер арасында жүргізілген сауалнама барысында қарқынды жайылымдық аймақтардың барлығында дерлік диқандардың қасқырларды улайтаны туралы ауызша деректер алынды. Алайда респонденттерге нақты қандай препараттар қолданатынына жауап беру қиынға соқты, оларды тек «егеуқұйрық уы» деп сипаттады. Тұзақ жемдерді өңдеу үшін Қазақстанда кең тараған карбофуран мен бромадиалон пайдаланылуы әбден мүмкін. Біз бұл гипотезаны әбден ықтимал деп қалдырамыз.

#3 ГИПОТЕЗА – ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРМЕН БАЙҚАУСЫЗДА УЛАНУ

Бұл гипотеза бізге ең ықтимал болып көрінеді. Оның үстіне ауылшаруашылық жануарларын емдеу үшін қолданылатын стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың (СҚҚП) жемтіктермен қоректенетін құстарға апатты әсерінің мысалдары қазірдің өзінде бар. Үндістанда, Пәкістанда және Непалда жиырма жыл ішінде (1990-2000 жж.) жемтікермен қоректенетін құстарының төрт түрінің популяциясы толығымен дерлік жойылды – азаю 97-99,9% құраған. Зардап шеккен түрлердің бірі - бір кездері әлемдегі ең көп таралған ірі жыртқыш құс болған - бенгал құмайы (Gyps bengalensis). Қазақстанда ветеринарлық СҚҚП-дың ақбас құмайларға және басқа да жемтіктермен қоректенушілерге әсері зерттелмеген.

Елімізде ветеринарияда қандай СҚҚ препараттары қолданылатынын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетіне және Түркістан және Жамбыл облыстарының ветеринария департаментіне сұраныстар жібердік. Жауап ретінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті диклофенак, кетопрофен және флуниксин сияқты препараттар тізімін ұсынды. Бұл үш препараттың жемтіктермен қоректенетін құстарға теріс әсері әлемнің әртүрлі елдерінде дәлелденген, олар Азияның бірқатар елдерінде тыйым салынған. Ал Қазақстанда олар ешқандай шектеусіз қолдануда.

Түркістан және Жамбыл облыстарының ветеринария басқармаларының жауаптары осы препараттарды қолдану көлемін анықтауға мүмкіндік берді; дәл осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында Қаратау таулары орналасқан. 2018–2022 жылдары мал басын емдеу кезінде бір ғана Түркістан облысында жыл сайын құрамында кетопрофен бар 288 доза препаратқа дейін, белсенді заты флуниксин болып табылатын 253 дозаға дейін препарат қолданылғанын білдік. Ветеринариялық дәріханаларды айналып өтетін жеке мал иелері қанша, қандай дәрі-дәрмек сатып алып, пайдаланып жатқаны белгісіз.

Скляренко мен авторластардың 2002 жылы болжағанындай, Қазақстанда ақбас құмайлардың санының азаю процесі кеңестік мал шаруашылығы жүйесі ыдырап, ақбөкен популяциясы азайып кеткеннен кейін бірден басталғанға ұқсайды. Тәуелсіз Қазақстанда мал шаруашылығы қалпына келіп, біздің елімізде де ветеринарияда СҚҚП қолданыла бастағанда, бұл құмайлар популяциясындағы жағымсыз үрдісті күшейтті.

Тағы бір болжам - Қазақстанда ұя салатын жемтіктермен қоректенуші құстар Үндістан мен Пәкістандағы қыстауларында уланады. Үндістанда тыйым салынғанына қарамастан, диклофенакты қолдану жалғасуда.

Диклофенактың жемтіктермен қоректенетін құстарға әсері туралы не білеміз?

Бұл препараттың натрий тұзы түріндегі дәрілік формалары 1966 жылы жасалған және әлі күнге дейін медицинаның көптеген салаларында, соның ішінде ветеринарияда, ауырсынуды күшті басатын әсері бар қабынуға қарсы құрал ретінде кеңінен қолданылады. Оның жемтіктермен қоректенетін құстарға зиянды әсері анықталғанға дейін диклофенак өндірірілуі арзан зат болғандықтан, Азия елдерінде малды емдеу үшін кеңінен қолданылды.

2000 жылдардың басында ғалымдар диклофенактың құстар үшін улы екенін анықтады. Диклофенакпен емделген малдың қалдықтарымен қоректенген жемтіктермен қоректенуші құстар үшін бұл препарат өлімге әкелетін нефротоксин болып табылады – ол бүйректе жиналып, оның бұзылуына әкеліп соғады. Іс жүзінде жойылып кеткен бенгал құмайлары сияқты, ақбас құмайлар мен Gyps тұқымдасының басқа өкілдерінің диклофенакқа сезімталдығы дәлелденген, диклофенактың 0,8 мг/кг дозасы олар үшін өте уытты болып табылады.

Үндістан мен Пәкістанда тазқаралар тұқымдастары популяциясының жойылуы байқалғаннан кейін, Азия елдерінің көпшілігінде жемтіктермен қоректенуші құстардың ұя салатын популяцияларының жағдайын зерттеуге бағытталған жобалар басталды. Wildlife Conservation Society қаржылық қолдауымен осындай жоба Қазақстанда да 2001 жылы басталған болатын. Ол кезде зерттеушілер «Үндістандағы тазқаралардың жаппай қырылуына себеп болған ауруларға ұқсас аурулардың айқын белгілерін» таппаған.

Әртүрлі елдерде қауіпті СҚҚП-ды қолдануға тыйымдар

Диклофенакты 2006 жылдан бастап Үндістанда, Непалда және Пәкістанда, ал Бангладеште 2010 жылдан бастап ветеринариялық препарат ретінде пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен, бұл елдерде оның қалдықтары ірі қара мал мен жемтіктермен қоректенетін құстардың өлекселерінен табылуы жалғасуда. Үндістанда тыйым салынғанына қарамастан, 2017 жылы диклофенак малды емдеуге арналған сатылатын барлық СҚҚП-дың 10-46% құрады.

2017 жылы Бангладеште кетопрофенді ветеринарлық препарат ретінде пайдалануға тыйым салынды, бірақ тек жемтіктермен қоректенетін құстарды сақтау бойынша іс-шаралар өткізілетін аумақтарда ғана. Кетопрофен мен ацеклофенак Үндістанда 2023 жылы толығымен тыйым салынған. Дегенмен, жемтіктермен қоректенушілер үшін қауіпті басқа препараттарды құмайлардың өкілдері тіршілік ететін көптеген елдерде ветеринарлық қолдануға рұқсат етілген.

Қауіпсіз алмастыру

Жабайы табиғатқа қауіпті СҚҚП-тарға балама бар. Мелоксикамның жемтіктермен қоректенуші құстар үшін қауіпсіз екендігі дәлелденгеніне 15 жылдан астам уақыт өтті. Дегенмен, ол әлі күнге дейін ветеринарияда диклофенакты қолдануға тыйым салынған елдерде де қолданылмауда.

Қазақстанда жемтіктермен қоректенуші құстарды қалай қорғауға болады?

Ақбас құмайлар мен басқа да жемтіктермен қоректенуші құстардың сандары азаюының себебі ретінде СҚҚП әсерін зерттеу үшін мақсатты бағытталған зерттеулер қажет. Популяцияның азаюына байланысты, қаза болған құс денелерін талдау үшін табу қиын болуы мүмкін. Дегенмен, тек бұл ғана жемтіктермен қоректенуші құстарды неліктен жоғалтып жатқанымызды түсіндіре алады.

Белоголовый сип и чёрный гриф © И. Карякин

Жемтіктермен қоректенуші құстар табиғаттың санитарлары рөлін атқарады - олар экожүйелерді ыдырайтын организмдерден тазартады және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды. Біздің елімізде тіршілік ететін жемтіктермен қоректенушілердің бес түрінің үшеуі Қызыл кітапқа енген. Олар: жұртшы (Neophron percnopterus), сақалтай (Gypaetus barbatus) және құмай (Gyps himalayensis). Қазақстанда саны жалпы беймәлім тазқара (Aegypius monachus) мен ақбас құмай мемлекет қорғауында емес.

Ақбас құмай мен тазқараны сақтаудың қажетті және маңызды шарасы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу болып табылады. BRCC бұл ұсынысты Қазақстан Республикасының Зоология институтына жолдады және серіктестермен бірлесіп биологиялық негіздемелерді әзірлеуде.

Использованные иллюстрации © birdorable.com

Жыртқыш құстарды зерттеуге жергілікті тұрғындар да көмектесе алады. Егер сіз қаза болған ірі жыртқыш құсты, соның ішінде жемтіктермен қоректенушілерді (сақалтай, тазқара, құмай, жұртшы немесе ақбас құмай) тапсаңыз, оны фотосуретке түсіріп, табылған жер мен күнін көрсете отырып, оны BRCC-ге жіберуіңізге болады.

***

Жақын арада «Пернатые хищники и их охрана» журналында BRCC және RRRCN авторлары: Алена Каптенкина, Игорь Карякин, Генриетта Пуликова және Нұрлан Оңғарбаев дайындаған қазақстандық ақбас құмайдың популяциясын зерттеу нәтижелері туралы ғылыми мақала жарияланады.

Қазақстандағы жыртқыш құстарға қауіп-қатерлер туралы ақпараттық жұмысқа «Орталық Азияның таулы өңіріндегі биоалуантүрліліктің ошағы» Бағдарламасы аясында қолдау көрсетілуде. Бұл бағдарламаны Орталық Азия WWF-мен үйлестіріледі және CEPF қаржыландырады.

Leave a Comment