Қазақстанда алғаш рет GPS-трекерімен белгілеген жұртшының қазіргі қалы не болып жатыр?
2022 жылдың 21 шілдесінде Қаратау тауларының Боралдай шатқалында халықаралық орнитологтар тобы алғаш рет спутниктік трекермен жұртшының балапанын (Neophron percnopterus) белгіледі. Ата-анасы осы жерде ұя салғандықтан – балапан Боралдай атымен аталды.
Дайындық қалай болды
Көктемнің соңында BRCC және RRRCN қызметкерлерінен құралған біздің команда Қаратау тауларындағы жұртшының ұя салатын жерлеріне зерттеу жүргізді. Сол кезде көптеген ұялар табылып, оларға жету тәсілдері мен логистикалық қолжетімділік бағаланды. Кейбір жағдайларда құстардың жұмыртқа басып отырды, осы кезеңде олардың мазасын алуға болмайды. Сондықтан, біз оларды алыстан бақыладық.
Шілдеде экспедицияға Үндістан жұртшы бойынша маман Дао Лал Бохра (Dau Lal Bohra), сонымен бірге, жергілікті табиғи парктің қызметкерлері де қосылды.
Таңбалау
Орналасқаны бойынша ең қолайлы ұя орны таңдалып, жұмыс басталды. Арқан, сақтандыру, карабиндер, жұмар... Ал міне RRRCN-нен Олег Ширяев ұядан аталық болып шыққан бірінші балапанды түсіріп жатыр. Балапан құс өз өзіне зиян тигізіп алмауы үшін BRCC қызметкерлері Алена Каптенкина мен Генриетта Пуликова оны абайлап «жөргектеп» орады.
RRRCN басшысы және бүкіл жобаның ғылыми жетекшісі Игорь Карякин тәжірибелі кутюрье шеберлігімен жасаң Боралдайдан өлшем алуда. Қазақстан аумағында таңбаланған алғашқы жұртшыны ғалымдар кейін осылай атай бастайды.
Жылдам «көктегеннен» кейін, Ornitela шығарған GPS-трекері бар тігілген иыққап Боралдайға кидіріліп, ол енді біржолаға бекітіледі. Бірқатар естелік фотосуреттерден кейін, жасақталған Боралдайды өсуі, қанат қағуы және есейген тіршілігін бастау үшін оны ұясына шығарып салдық.
Боралдайдың қызықты оқиғалары
Бақылау жүйесі Боралдайдың 2022 жылдың 10 қыркүйегінде қоныс аудара бастағанын көрсетті. 12 қыркүйекте балапан Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан ұшып өтті. Ал 26 қыркүйекте Боралдай өзінің қыстайтын орны – Үндістанға ұшып жеткен.
Қыстың көп бөлігін Боралдай Үндістанның Биканер қаласында өткізді. Бірде көрші ел – Пәкістанға ұшып барып келді. Бұл сапар сәтсіз болып шықты – трекердің арқасында біз құстың ұсталғанын және жарықсыз жабық бөлмеде біраз уақыт ұсталғанын түсіндік. Бір аптадан кейін құс табиғатқа босатылды.
Осыдан кейін Боралдай Үндістан аумағына қайта ұшып келді. Мұнда ол 2023 жылдың көктемі мен жазын өткізді. Алғашқы бірнеше жылдары жасаң жұртшылар туған жерлеріне оралмайды, осы уақыт бойы қыстау орнында қалады.
Бізді қолдайтындар
Қазақстанда 2022 жылдан бері Үнді-Палеарктикалық ұшатын жол бойындағы жұртшылар мен басқа да жыртқыш құстар бойынша жүргізіп жатқан жұмысымызға Биоалуантүрліліктің негізгі аумақтарын сақтау серіктестік қоры (CEPF) қолдау көрсетеді.
Қазақстандағы жыртқыш құстарға қауіп-қатерлер туралы ақпараттық жұмысқа «Орталық Азияның таулы өңіріндегі биоалуантүрліліктің ошағы» Бағдарламасы аясында қолдау көрсетілуде. Бұл бағдарламаны Орталық Азия WWF-мен үйлестіріледі және CEPF қаржыландырады.